47
378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында «Қазақ диалектологиясы» пәнін модульдік технология арқылы оқыту 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ тілі) Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның АВТОРЕФЕРАТЫ 3

378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

  • Upload
    others

  • View
    23

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында

КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ

Жоғары оқу орындарында «Қазақ диалектологиясы» пәнін модульдік технология арқылы оқыту

13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі(бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ тілі)

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан РеспубликасыАлматы, 2010

3

Page 2: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазіргі қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының докторы, профессор Қалиев Ғ.Қ.

Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жақсылықова К.Б.

педагогика ғылымдарының кандидаты Ерғожина Ш.Л.

Жетекші ұйым: Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті

Диссертация 2010 жылы 01 шілдесінде сағат 14.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде (050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13; кіші конференцзал) филология, педагогика ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.09.04 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2010 жылы 31 мамырда таратылды.

Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Қосымова Г.С.

4

Page 3: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда қазақ халқы ғасырлар тоғысында тәуелсіз мемлекетке айналып, өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-білім парадигмасы жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Өйткені кез келген жаңа тәуелсіз мемлекеттің рухани даму үрдістерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер оның аумағында тұрған халықтардың бүгінгі өмірінен туындайды, оның тарихи сабақтастығы және салт-дәстүрімен айқындалады. Сондай-ақ оның өткен өмірі із-түзсіз жоғалып кетпейді, ұлттық санада, халықтық идеяда, мәдени-әлеуметтік және құндылықтар жүйесінде белгілі ретпен жинақталады. Міне, сол ғасырлар қойнауында қорытылып, жинақталып қалыптасқан қазақ халқына тән ұлттық білімнің озық, өнегелі үлгілерін оқыту бүгінгі білім жүйесіне қажет те пайдалы мәселе. Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне қосылуы халықаралық талаптарға сай жоғары білім алудың құрылысына өзгерістер, жаңалықтар енгізуге, оқытудың кредиттік жүйесіне негізделген мамандарды дайындауға қажеттілікті туғызды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық Жолдауында [1], 2007 жылдың 15 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында [2], Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында [3] көрсетілгендей, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағдыландыру, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығына, «жалпы білім беру» моделінен «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделген. Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, еліміз әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. ХХІ ғасыр ұжымдық жобаларды жүзеге асыру ауқымында жеке жауапкершілікті күшейтумен үндесетін өзіндік қабілеттерді дамытуды талап етеді. Оқыту үрдісінде алынатын білімді терең меңгеруге, оны белсенді қолдануға айрықша назар аударылуы тиіс. ХХІ ғасыр білім беру және оның ең маңызды құндылықтары мен бағыттарын айқындайтын ғасыр болып отырған кезде, кез келген басқармашылық шешім ғылыми зерттеулер негізінде қабылдануы қажет. Үшінші мыңжылдықтың табалдырығын аттаған бүгінгі қазақ халқының мақсаты – қазіргі ғаламдану үрдісіндегі өзінің ұлттық мектебін халық педагогикасы, ана тілі, ділі арқылы қалыптастыру. Ғылым мен білімді бүкіл әлемдік стандартқа сәйкестендіру тек қазақ тілі құнарында өркендету, білім технологияларының ұлттық дербестігіне кепілдік берумен шешіледі.

5

Page 4: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

Еліміздің білім беру жүйесінде оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді дамытуына көмектеседі. Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу – студенттің оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың негізгі бір буыны. Сондықтан жоғары оқу орындарында кез келген пәнді оқыту технологиялары мен кредиттік оқыту жүйесін ұштастыра жүзеге асыру бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Соған орай жоғары оқу орындарында «Қазақ диалектологиясы» пәнін модульдік технология арқылы оқытудың қажеттілігі туындауда. Модульдік оқыту технологиясы – даралап оқыту ұстанымдарына негізделгендіктен жоғары оқу орнындағы кредиттік жүйемен оқитын студент жеке бағдарлама бойынша өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. ХХ ғасырдың орта тұсында АҚШ-тың білім жүйесіне енген кредиттік технология, қазіргі кезеңде біздің білім жүйемізге де еніп отыр. Кредиттік технологиямен оқытуға көшудегі басты мақсат – білім жүйесін әлемдік білім деңгейіне теңестіру және өндіріс пен нарықтық жағдайдың өзгеріп тұратын заманында кәсіби мамандардың әлемдік сұранысқа, бәсекеге қабілетті маман болуына мүмкіндік жасау. Кредит – студенттің оқу мазмұнын өздігінен меңгеруі. Яғни, кредиттік жүйемен оқыту – жоғары оқу орнында студенттердің жеке жоспармен білім алуына мүмкіндік береді. Ол білім берудің демократиялығын көрсетіп, әр студенттің жеке бас ерекшелігі мен қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды. Жаңа жүйенің басты ерекшелігі – студенттердің білім кеңістігін қалыптастыру еркіндігі, жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты мамандар дайындаудың сапасына қоятын талаптарына сәйкес, білім алуды өзінің ерекшелігі мен қалауына орай жоспарлап, қалыптастыра алатындығында. Кредиттік жүйемен оқыту – оқу үрдісін ұйымдастыруда жаңа ізденістерге мүмкіндік ашып, «жалпыға ортақ білім» парадигмасынан «әркімге арналған білім» парадигмасына қадам жасатады. Жоғары оқу орындарында «Қазақ диалектологиясы» пәнінің ғылыми негізі қалыптасып, теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеліп, практикалық жағынан қолданылу аясы бір ізге түскенімен оның әдістемелік тұрғыдан зерделенуі кенже қалып келе жатқаны бәрімізге аян. Жоғары оқу орындарында филолог мамандар дайындауда «Қазақ диалектологиясы» пәнін оқыту барысында болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырумен қатар сөздік қорын байытып, дүниетанымын кеңейтуде модульдік технологиямен оқытудың ғылыми-әдістемелік мәселелерін зерделеп, білім беру жүйесіне енгізудің қажеттілігі туындап отыр. Осы айтылған мәселелер зерттеу жұмысымыздың өзектілігін айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу нысаны. Жоғары оқу орнының филология факультетінде «Қазақ диалектологиясы» пәнін модуль арқылы оқыту үрдісі.

6

Page 5: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

Зерттеу пәні. Жоғары оқу орнында филолог мамандарды дайындау барысында «Қазақ диалектологиясы» пәнін модульдік технология арқылы оқыту әдістемесі. Зерттеу жұмысының болжамы: егер «Қазақ диалектологиясы» пәнін жоғары оқу орнында модульдік технологиямен оқыту ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негізделсе; оған тіл салаларының модульдік технология арқылы оқытуға негізделген қағидалары пайдаланылса; диалект сөздерді талдау технологиясының заңдылықтары белгіленіп, негізгі ұстанымдары анықталады. Олардың жалпы дидактикалық ұстанымдармен байланысы көрсетілсе; модуль арқылы оқыту технологиясын тілдік қатынастың оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым, тілдесім әрекеттері арқылы жүзеге асады. Модуль арқылы оқыту технологиясына сипаттама беріліп, оның негізгі белгілері, талдау деңгейлері анықталса, онда қазақ диалектологиясы пәні жоғары оқу орындарында модульдік технологиямен оқыту ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз етіледі және студенттерге жаңа білім моделі мен парадигмаларына сәйкес сапалы білім беріледі. Студенттердің ұлттық дүниетанымы кеңейеді, сөздік қоры молаяды, өйткені модульдік технология – студенттердің білімді, білікті, құзыретті, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін технология болып табылады. Зерттеу жұмысының мақсаты. Кредиттік жүйемен оқитын жоғары оқу орнында қазақ диалектологиясын модульдік технология арқылы оқытудың тиімділігін, басты қағидаларын, ерекшеліктерін айқындау, ұтымды әдістемесін жасау. Аталған мақсатқа және ғылыми болжамға сәйкес зерттеу міндеттері: - жаңа технологиялардың белгілерін, мақсатын, міндетін, ерекшеліктерін талдай келіп, модульдік технология арқылы оқытуға анықтама беру; - модульдік технология арқылы оқытуды оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету; - модульдік технологиямен оқытуда басшылыққа алатын дидактикалық ұстанымдарды анықтау; - модульдік технологиямен оқытудың әдістерін саралау және жүйелеу; - білім беру үрдісінде модульдік технологиямен оқытудың тиімді жолдарын көрсету; - кредиттік жүйе бойынша оқитын студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыруға, жаңа қоғамға бейімделген дағдыларын жетілдіруге қажетті әдістемелік жұмыс түрлерін ұсынып, оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу. Зерттеудің жетекші идеясы. Жоғары оқу орнының филология факультетінде «Қазақ диалектологиясын» модульдік технологиямен оқыту тіл білімі салаларын ғылыми негізде терең меңгеруге, тілді қатысымдық тұрғыдан әдеби нормалармен игеруге, диалект сөздердің көркем әдебиетте қолданудың тиімділігі мен ерекшелігін игеруге ықпал етеді. Студент пен оқытушының өздік жұмысында (СОӨЖ) алынған тапсырмалар студенттің дүниетанымын кеңейтіп, ғылымға, тіл тарихына деген қызығушылығын арттырады, логикалық ойлау жүйесін дамытады.

7

Page 6: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

Зерттеудің әдіснамалық негізі. Зерттеуде оқытудың жаңа технологиялары туралы ой-пікірлер, жинақталған тәжірибелер, лингвистика, педагогика, психология ғылымдарының білім берудегі соңғы жетістіктері және ғылыми-әдістемелік зерттеу еңбектер мен оқулықтар, оқу құралдарындағы білім беру технологияларының теориялық-практикалық қағидалары басшылыққа алынды. Зерттеуде қолданылған әдістер. Баяндау, сипаттау, салыстыру, жүйелеу, талдау, техникалық құралдармен жұмыс істеу, бақылау, қорыту, сауалнамалық әдіс-тәсілдер қолданылды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы: 1. Диалектология пәнін модульдік технология арқылы оқытуға қойылатын талаптар анықталды. 2. Кредиттік жүйемен оқитын жоғары оқу орындарының филология бөлімі студенттеріне «Қазақ диалектологиясы» пәнін модульдік технология арқылы оқытудың әдіснамалық негізі айқындалды. 3. «Қазақ диалектологиясын» оқытудың ұстанымдары айқындалып, кредиттік жүйенің талаптарына сәйкес материалдар блоктық жүйеге түсіріліп, оны жүргізудің әдістері көрсетілді. 4. «Қазақ диалектологиясын» модульдік технология арқылы оқытудың әдістемелік жүйесі ұсынылды: а) «Қазақ диалектологиясын» модульдік технология арқылы оқыту бойынша оқу кешендері (модуль бағдарламасы, силлабус, жұмыс бағдарламасы, оқу-әдістемелік құралдар, оқу құралы, көрнекіліктер) жасалып, тәжірибеге енгізілді. ә) «Қазақ диалектологиясын» модульдік технология арқылы оқытуда қолданылатын шығармашылық тапсырмалар жүйеленді. 5. «Қазақ диалектологиясын» модульдік технологиямен оқытуда өздік жұмыстарды орындаудың тиімді тәсілі анықталып, студенттердің білімін бақылау мен бағалаудың ұтымды жолы көрсетілді. Зерттеудің теориялық маңыздылығы: «Қазақ диалектологиясын» модульдік технологиямен оқытуда алынған ғылыми қағидалар мен тұжырымдар осы пәннің оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады. «Қазақ диалектологиясын» модульдік технологиямен оқыта отырып, бүгінгі заман талаптары мен дүниежүзілік деңгейге теңестіруді көздеп отырған білім берудің жаңа стандартына сәйкестендіру мақсатында студенттерге білім негіздерін ғылыми-теориялық тұрғыдан меңгертеді, олардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді. Кредиттік оқу жүйесінде білім алушы студенттің жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамытуға мүдделі субъект ретіндегі болмысы ғылыми негізде теориялық тұрғыдан дәлелденеді. Зерттеудің тәжірибедегі маңыздылығы: Зерттеу жұмысының нәтижелері колледждерде, жоғары оқу орындарында қазақ диалектологиясын оқытудың сапасын арттыруға, дамытуға көмегін тигізеді. Еңбек білім беру тұжырымдамасының кредиттік жүйе талаптарына сәйкес орындалғандықтан, студенттердің танымдық қызығушылығын арттыру

8

Page 7: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

мақсатында құрылған әдістемелік жүйені (белсенді әдістер, жаттығу-тапсырмалар, сабақ үлгілері, тест, бағалау жүйесі, электронды оқу құралы т.б.) арнайы орта мектеп пен жоғары оқу орындарының оқытушыларына өз тәжірибесінде қолдануға негіз болады. Бақылау мен бағалаудың үлгілері студент білімін жан-жақты сараптауға мүмкіндік береді. Жұмыста ұсынылған әдіс-тәсілдерді, әдістемені колледжде, жоғары оқу орындарында, мұғалімдер мен оқытушылардың білімін жетілдіру институттарында, әдістемелік, дидактикалық пәндерді жүргізуде, арнайы курстар мен семинарлар өткізуде пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: Алынған ғылыми нәтижелердің сенімділігі мен нақтылығы негізге алынған теориялық қағидалардың әдіснамалық тұрғыдан сараланып талдануы арқылы танылады. Зерттеудің мақсат-міндеттері мен оған сәйкес алынған зерттеу әдістері көрсетілген нәтижелердің ұтымдылығымен дәйектеледі. Зерттеуге ұсынылған теориялық қағидалар әдістемелік тұрғыдан сараланып, оқыту жүйесінде нақты қолданысқа енгізіліп, білім беру сапасын арттыруға негіз бола алады. Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: ● «Қазақ диалектологиясы» пәнін модульдік технологиямен оқыту студенттердің диалектология ілімін ғылыми негізде терең меңгеруіне, танымдық көзқарасының қалыптасуына, сөздіктермен жұмыс жасау дағдысын игеруіне, олардың әдеби тілдегі баламасын дұрыс ажырата білуге машықтандырады; ● «Қазақ диалектологиясы» пәнін модульдік технологиямен оқыту студенттің ізденімдік-зерттеу, өз бетімен білім алу қабілетін жетілдіріп, дағдыларын игереді; ● Студенттің жеке тұлға ретінде дамуына өзі белсенді субъект ретінде қатыса отырып, диалект сөздердің әдеби тілдік қорымызды байытуға ықпал ететін мүмкіндіктерін бағамдай алатындай дәрежеге жеткізеді; ● Модульдік технология арқылы «Қазақ диалектологиясы» пәнінің ғылыми негіздерін меңгерумен қатар кәсіби-қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастырып, қоғамымыздың белсенді, білікті, кез келген ұжымда өзіндік ұстанымы бар тұлға қалыптасады. Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру педагогикалық тәжірибеге тірек ретінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, филология факультеті, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент гуманитарлық-техникалық педагогикалық колледжі алынды. Зерттеудің кезеңдері. Жоғары оқу орындарында «Қазақ диалектологиясы» пәнін модульдік технологиямен оқытуға арналған зерттеу жұмысы үш кезең арқылы жүзеге асырылды. Бірінші кезең (2006-2007). Білім беру технологияларының педагогикалық, психологиялық, лингвистикалық, әдістемелік мәселелері, ғылыми зерттеу негіздері талданды. Жоғары оқу орны оқытушыларының тәжірибесіндегі жаңа технологиялардың қолданылу аясына бақылау жүргізілді.

9

Page 8: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

Алғашқы кезеңнің ең басты міндеті – қазақ диалектологиясын модульдік технологиямен оқыту арқылы ізденімдік-зерттеу, шығармашылыққа баулу және біртіндеп дайын білімді игеруші объектілерден өздері танып-білу дағдылары қалыптасқан ізденімпаз субъектілерге айналдыру. Бұл мақсатқа жету жолында студенттерден анкеталық сұрақтар алынып, бақылау жұмыстары өткізілді. Екінші кезең (2007-2008). Бірінші кезеңдегі жұмыстар негізге алынып, оқытудың жаңа технологияларына арналған педагогикалық, әдістемелік еңбектер мен зерттеулер қарастырылып, қазақ диалектологиясын модуль арқылы оқыту технологиясымен меңгертудің амал-тәсілдері, жолдары анықталды. «Қазақ диалектологиясын» модуль арқылы оқытуды жүзеге асыру үшін сауалнамалық бақылау, салыстыру, көрнекілік, ғылыми ұғымдардың мән-мағынасын талдау әдістері іске асырылды. «Қазақ диалектологиясын» модуль арқылы меңгертуге қажетті жаттығулар, тапсырмалар жүйесі топтастырылды. Модуль арқылы оқыту технологиясын жоғары оқу орындарында мақсатты түрде енгізуге байланысты филология факультеті, колледж студенттері арасында студент пен оқытушының өздік жұмысы (СОӨЖ), студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) өткізілді. Үшінші кезең (2009-2010). Модуль арқылы оқыту технологиясы бойынша жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері қорытындыланып, бір жүйеге келтірілді. Модуль арқылы оқыту технологиясымен жүргізілген эксперимент нәтижелері тұжырымдалды. Сабақ үрдісінде (СОӨЖ), сабақтан тыс кезеңдерде (СӨЖ) жүргізілетін жұмыстардың кешендері жазылып, жүйеленіп, ұсынылды. Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны, тұжырымдары, нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2003, 2008, 2009; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2009), республикалық ғылыми конференцияларда (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 1999, 2004), ғылыми әдістемелік семинарда (Астана қаласындағы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Тілдерді дамыту департаменті, 2004) баяндалып, талқыланды. Зерттеу жұмысының мазмұны мынадай республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік басылымдарда: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Хабаршысы, Филология сериясы, 2002, Педагогика сериясы, 2010; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, 2008; «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Ұлағат» басылымдарында жарияланды. Диссертация бойынша 1 оқу-әдістемелік кешен, 14 мақала жарық көрген. Диссертацияның қолжазбасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қазіргі қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының мәжілісінде, әдістемелік семинарда талқыланған.

10

Page 9: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Зерттеу жұмысының бірінші бөлімі «Қазақ диалектологиясын» модульдік технология арқылы оқытудың әдіснамалық негіздері» деп аталып 4 тармаққа жіктеледі. «Жоғары оқу орнында модульдік технологиямен оқыту мәселелеріне шолу» атты бірінші тармақшада қазіргі қоғамның жағдайында заман талабына сай мәдениетті, білімді, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу мәселелері төңірегінде ой қозғалады. Оқытудың жаңа технологиясы жөніндегі анықтамаларға сараптама жасалып, мәні мен маңызы айқындалады. В.П.Беспалько, Қ.Қабдықайырұлы, Қ.Қадашева, Ж.А.Қараев, Ж.У.Кобдикова, Н.А.Оразахынова, М.М.Жанпейісова, т.б. ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалады. Оқыту жүйесіндегі модульдік оқыту технологиясының басты ерекшеліктері сарапталады. К.Б.Жақсылықова: «Модуль – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгіленген деңгейіне жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдылы мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы мен оқытудың негізгі құралы» екенін, «модульге ену және одан шығу дегеніміз – студенттердің модуль материалын игермей тұрғандағы олардың бастапқы білім деңгейін тексеру» жұмысын қамтитынын сөз етеді [4, 69]. З.Бейсенбаева модульдік оқыту технологиясы жайлы былайша тұжырым жасайды: «Жоғары мектептегі оқу материалын модульге құру білім беруді жекелеу, саралау ғана емес, студенттердің келешек мамандығына кәсіби қызығушылығын арттыру, әдістемелік пәндерді тереңдетіп оқыту қажеттілігін туғызу» [5, 125 б]. М.М.Жанпейісова модульдік оқыту технологиясының «білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процесстерді: яғни жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.), ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша) дамытуға» бағытталатынын айтады [6, 6 б]. Ғалымдар И.Б.Марцинковский, Дж.Д.Рассель, Б.Гольдшмидт, М.Л.Гольдшмидт модульдік оқытудың студент үшін қолайлы екенін, материалды өз бетімен оқуға мүмкіндік туғызатынын, оқу белсенділігін қалыптастыруға көмектесетіндігін дәлелдеп көрсетеді. Модульдік оқытуда оқытушы жеке тұлғаның қызметін емес, тек жол сілтеуші, бағыт беруші тұлғаның қызметін атқарады.

11

Page 10: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

Модульдік оқыту студентке өзіне ыңғайлы модульді таңдап алуына және өзіне қолайлы уақытта оқуына мүмкіндік береді. «Жоғары оқу орнында «Қазақ диалектологиясын» модульдік технология арқылы оқытудың лингвистикалық негіздері» тармақшасы модульдік технология арқылы қамтылатын тіл білімінің диалектологиясаласына арналған. Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, Н.Ф.Катанов, П.М.Мелиоранский, Д.Позднеев, М.Терентьев т.б ғалымдардың еңбектерінде қазақ тіліндегі диалектілерге арнайы тоқталмағанымен, қазақ тілінің диалектілерге бөліну-бөлінбеуі жайында аздаған пікірлер айтылады. Ж.Аймауытовтың «Тіл туралы» атты мақаласы қазақ диалектологиясы жайындағы тұңғыш еңбек екендігі белгілі. Ғалым мақаласында қазақ елінде қолданылып жүрген сөздер туралы сараптама жасап, бұл сөздерге «жергілікті тіл (провинциализм)» деген анықтама береді. Кейбір сөздердің басқа тілдерден енгенін айқындап оны қолданудың жолдарын дәйектеп көрсетеді. Сонымен қатар жергілікті тіл ерекшеліктерін сұрыптап қолдануды бірлесіп отырып шешу қажеттігін айтады [7]. С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, Ж.Досқараев, Ғ.Мұсабаев т.б. қазақ зерттеушілері жергілікті тіл ерекшеліктерін топтастыру мәселесі төңірегінде ой қозғап, оны диалект не сөйленістік көлемде жіктеу мәселесін қарастырған. Осы зерттеулердің нәтижесінде диалектілердің дыбыстық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктері әдеби тілмен салыстыра қаралып, ғылыми тұрғыдан дәйектелді. Диалектілерді тілдің дербес шағын жүйесі ретінде қарастыру орын алды. Диалектілерді зерттеу экспедиция материалдары көлемінен шығып, әлде қайда кең аспектіде қарастырыла бастады. Диалектілердің шығу тарихы мен қолданылу өрісі, таралу жолдары жан-жақты зерттеліп, жаңа мәліметтермен толықты. Ғ.Қалиев, Ш.Сарыбаевтың «Қазақ диалектологиясы» атты еңбегі қазақ тіліндегі жоғарғы оқу орындарына арналған бірден-бір алғашқы оқулық болып табылады. Оқулықта диалектілердің зерттелуі, дыбыстық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктері, сөйленістік топтары, әдеби тілге қатысы т.б. мәселелер ғылыми деңгейде айқындалған. Диалектолог ғалымдар О.Нақысбеков, Т.Айдаров, Ә.Нұрмағамбетов, Б.Бафин, С.Омарбеков, Ж.Болатов,т.б. зерттеулерінде Қазақстанның әр өңіріндегі жергілікті тілдік ерекшеліктерді жан-жақты қарастырды. М.Атабаеваның зерттеуінде диалектілер этнолингвистикалық тұрғыдан сарапталады. Олардың этимологиясы айқындалады. Соңғы зерттеулерде диалектілерді сөйленістік топтарға бөлу басым. Диалектілерді зерттеу этнолингвистикалық сипат алуда. Диалектілерді модульдік технология арқылы меңгертудегі тұлғаның танымдық қабілеттері, ойлау, қызығушылық, психологиялық даму, мінез-құлық, т.б. мәселелер «Жоғары оқу орнында қазақ диалектологиясын модульдік технология арқылы оқытудың психологиялық негіздері» атты тармақшада сөз болады.

12

Page 11: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

Білім алушының ой-өрісін дамыту оқу әрекетімен тығыз байланысты. Оқу әрекеті – білім алушының өзін-өзі тану, өзгертуі. Студент жеке тұлға болып қалыптасу үшін өзі өмір сүріп отырған қоғамның ерекшеліктерін тани білуі қажет. Күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді өздігінен шешіп, талдай білумен қатар өзіндік пікір білдіре алуы шарт. Ғалымдар оқу әрекеті барысында студенттің пәнге деген қызығушылығы, нәтижені бағалай білуі және қорытынды жасай алуы, т.б. психологиялық сипаттардың қалыптасатынын айтады. Кредиттік оқыту жүйесінде диалектілерді модульдік оқыту технологиясын пайдалана отырып меңгерту студенттің білім сапасын арттырумен бірге өзіне деген талапты да күшейтеді. Себебі кредиттік оқу жүйесі талап ететін 100 пайыздық көрсеткішке жету үшін студент талпынады. Тұлғаның зейін, ес, ойлау сияқты психикалық қасиеттері оқыту үрдісінде маңызды рөл атқарады. Танымдық әрекетте студенттің зейіні маңызды фактор болып саналады. Студент зейін қоймаса нәтижеге жету қиын. Ал модульдік технология білімді белгілі бір көлемде ғана беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейді. Ол студенттің жалпы тұлғалық дамуын, ойлау, есте сақтау қабілетін дамытуды да көздейді. Модульдік оқыту оқу танымдық қызметі «субъект-субъектілік» қарым-қатынаста ұйымдастыруды талап етеді. Студенттің психологиялық бейнесі оның қоғамның толыққанды мүшесі бола алу қабілетін танытады. Әлеуметтік орта білім алушының білік, дағдысына, қабілетіне, білімді терең игеруіне де әсер етеді. Оқу әрекеті білім алушының жоғары психологиялық үдерістерінің дұрыс қалыптасуына және дамуына арналады. «Қазақ диалектологиясы» пәнін меңгерту арқылы студентке өмір заңдылықтарын үйрету, дүниетанымдық қабілеттерін дамыту басты назарда болады. Педагогика ғылымында тұлғаны дамыту деп жан-жақты дамыған, белгілі бір әлеуметтік ортақ типті қалыптастыру үшін сырттан ықпал етуді айтса, тұлғалық субъектілік ұғымда адамның өз бойындағы ішкі мүмкіндіктері арқылы өзіндік дамытуға бағыттау, танымын кеңейту, шешім қабылдау, нәтижесін өзі бағалау, т.б. қасиеттері түсіндіріледі. Модульдік оқыту технологиясында басшылыққа алынатын ұстанымдар бірінші тараудың төртінші тармақшасында айтылады. Қазіргі әдістеме ілімі педагогтардың алдына жауапкершілігі зор мәселелерді жүктеп отыр. Жалаң білім беруден гөрі, нақты нәтижеге жету талап етілуде. Дидактиканың жалпы заңдылықтарын, ережелері мен ұстанымдарын басшылыққа алып, ұлттық құндылықтарымыз бен озық тәжірибелерге сүйене отырып, жоғары нәтижеге қол жеткізу – бүгінгі күннің басты талабы. Зерттеу жұмысында модульділік, оқыту мазмұнының жекелеген бөліктерден құрылуы, қатысымдық бағыттылығы, белсенді екі жақты біртұтас әрекет, мақсаттың нақтылығы, әдістемелік кеңестің кешенділігі, әр модуль бойынша аяқталған жұмыс әрекеті нәтижесін түйіндеп отыру,

13

Page 12: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

тепе-теңдік, оқытушы мен студент әрекетінің кері байланыс ұстанымдары басшылыққа алынды. Модульділік ұстанымы бойынша тақырыпқа сай ғылыми әдебиеттерді сұрыптап алу, ғылыми анықтама, ұғым, терминдерге талдау жасау және студенттің өзіндік көзқарасын қалыптастыру көзделді. Оқыту мазмұнының жекелеген бөліктерден құрылуы ұстанымы пән мазмұнын модульдерге бөлу арқылы білім беруге бағытталған. Нақты нәтижеге жету үшін студенттің жас ерекшелігін ескеру арқылы әр кезең тапсырмаларын түсінікті және қабылдауға лайық деңгейде ұсыну көзделеді. Сөйлесім әрекеттерін негізге ала отырып тілді меңгерту қатысымдық бағыттылығы ұстанымы бойынша жүзеге асырылады. Студенттер модульдің сөйлесу бөлімі кезеңіндегі тапсырмаларды сөйлесу әрекетінің түрлерін пайдалану арқылы талдайды. Белсенді екі жақты біртұтас әрекет ұстанымы бойынша студент сабақ үрдісінде алған білімін өмірде пайдалана алатындай болуы қажет. Теориялық білімді практикамен ұштастыру арқылы тілді терең меңгертуге бағытталады. Студенттің білімін нақты мақсатқа бағыттау арқылы қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру, жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыруға мақсаттың нақтылығы ұстанымы негізделеді. Әдістемелік кеңестің кешенділігі ұстанымы бойынша оқытушы оқыту барысында әдістерді бір-бірімен үйлестіре қолдана алуы қажет. Білім беру үдерісінде қолданылып жүрген озық тәжірибелерді пайдалану нақты нәтижеге жетуге көмектеседі. Қорытынды бөлімде жұмыс нәтижесін сараптамадан өткізу, тұжырымдар мен өзіндік пікір айту әр модуль бойынша аяқталған жұмыс әрекеті нәтижесін түйіндеп отыру ұстанымы бойынша жүзеге асырылады. Студент келесі модульге алдыңғы модульдің тақырыбын жан-жақты меңгерген жағдайда ғана өте алады. Тепе-теңдік ұстанымы бойынша сабақ процесінде «субъект-субъектілік» қарым-қатынас қалыптасады. Пән пакетін пайдалана отырып, студент оқытушының қатысуынсыз жаңа материалды өздігінен игере алады. Студенттің өзін-өзі бағалауы игерген білім-білік дағдысын сараптамадан өткізе алуы оқытушы мен студент әрекетінің кері байланыс ұстанымы негізінде жүзеге асады. Оқытушы мен студент арасындағы кері байланыс студенттің алған білімін ой елегінен өткізіп, кемшіліктерді болдырмауға жетелейді. Қазақ тілінің диалектологиясын меңгерту студентті өз халқының ұлттық салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарын тани және бағалай білуге үйретеді. Диалектологиялық практика кезінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу қабілетін қалыптастырып, рухани дүниесін кеңейтуге септігін тигізеді. «Қазақ диалектологиясы» пәнін модульдік технологиямен оқытудың әдістемелік жүйесі» атты екінші тарау төрт тармақшадан тұрады. Бірінші тармақшада модульдік технология арқылы оқытуға бағытталған ғалымдардың бағдарламаларына шолу жасалды және «Қазақ диалектологиясы»

14

Page 13: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

пәніне арналған оқу бағдарламасы ұсынылып, оның негізгі критерийлері анықталды. З.Бейсенбаева модуль құрудың бағдарламасы туралы жан-жақты талдау жасап, модульдік оқытудың «жеке модульдерден тұратын оқу бағдарламасы» екенін «дұрыс құрылған бағдарлама модульді оқытудың басты шарты болып» табылатынын, сондықтан «модульді оқыту бағдарлама құрудан» басталатынын айтып, бағдарлама жасауда басшылыққа алынатын критерийлерді айқындайды. Пән мазмұнын модульге бөлуде басты критерий оқу материалдарын модульге бөлу болып есептеледі. Модульдің саны, көлемі пәннің мазмұнына байланысты болады. Пән мазмұнын модульге бөлуде оны бөліктерге бөлу, мақсатын айқындау, қол жететін нәтижені анықтау және қажетті құрал-жабдықтар мен ұтымды әдіс-тәсілдерді таңдау да негізгі критерий болып саналады. Модульдік оқытуда оны бақылаудың түрлерін алдын-ала анықтап алу да – басты шарттардың бірі. Оқу материалын жоспарлау мен оқу модуліне бөлуде әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, ұлттық менталитетімізді ескеріп әрекет ету тиімді нәтиже береді. Модуль мазмұнын құруда модуль мақсатын айқындау, модульдің мазмұнын құрастыру, оқу әрекетін басқару және оны әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, кері байланыс тәрізді аспектілер негізге алынады. Модуль бағдарламаларын жасауда басты ұстанымдарды айқындап алудың мәні зор. Сонымен бірге пәннің теориялық негізін игерту соның негізінде студенттің дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру басты мақсат болып табылады. Басты мақсаттан әр модульдің жеке мақсаттары келіп шығады. Жеке мақсатқа жету үшін бағдарлама блоктарды негізге ала отырып, жоспарланады. Модульдік оқыту технологиясын қарастырған ғалымдар блоктарды қайталау блогы, танымдық-әрекет блогы (теориялық кәсіби-іскерлік блогы), тереңдету блогы, проблемалық блок, мектеп оқулығымен байланыс блогы, қорыту блогы деп бөлу кездеседі. «Қазақ диалектологиясы» пәні бойынша білім мазмұны 5 модульге жіктелді. Кредиттік оқу жүйесі бойынша барлығы 90 сағатқа негізделген, оның 30-дәріс, студент пен оқытушының өздік жұмысы үшін 30 сағат және студенттің өздік жұмысы үшін 30 сағат берілген. Қайталау блогында студенттің «Тіл біліміне кіріспе», «Нормативті қазақ тілі» пәндерінде мектеп бағдарламасынан таныс жергілікті ерекшеліктер туралы білімдерін қайта жаңғыртып, еске түсіріледі. Аталған пәндер бірінші семестрде оқылып, ал «Қазақ диалектологиясы» пәні екінші семестрде оқылатындықтан, өткен бағдарламаны қайталап еске түсіру жаңа білімді меңгеруге көп септігін тигізеді. Танымдық әрекет блогы теориялық және кәсіби іскерлік компоненттерін қамтиды. Теориялық блокта ірі материалдар студенттің жас ерекшелігін ескере отырып, кіші блоктарға бөлінеді. Осының негізінде бағдарлама жасалады. Мысалы ақпарат блогында диалектология ғылымы, диалект термині, оның ерекшеліктері мен әдеби тілге қатысы, тіл білімінде алатын орны туралы мәселелер қамтылады. Кәсіби-іскерлік компоненті бойынша студент пен

15

Page 14: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

оқытушының өздік жұмысы (СОӨЖ) және студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) жұмыстары жоспарланады. Практикалық сабақтар қамтылады. Проблемалық блокқа диалектілердің варианттары әдеби тіл формасы екендігін айыруда туатын қиындықтар, әдеби тілде баламасы жоқ зат атауларына диалект сөзден балама іздеу, тума диалектілер мен кірме диалектілердің тарихына талдау жасау, аражігін ажырата білу т.б. мәселелер кіреді. Мектеп оқулығымен байланысы блогында студенттің мектеп грамматикасыбойынша алған білік, дағдылары еске түсіріледі. Студенттің осы кезге дейін игерген білімі анықталып, оны ары қарай тереңдету көзделеді. Қорыту блогында студенттің диалектология бойынша алған теориялық білімі мен практикалық дағдысы сарапқа салынады. Бағалау саясаты бойынша білімі айқындалады. Жеткен нәтиже талданады. «Қазақ диалектологиясы» пәні бойынша білім мазмұнын игертуде ақпарат, визуальды, проблемалы, лекция-екеу, лекция конференция, лекция диалог, қатеге құрылған лекция, лекция консультация, т.б. тәрізді дәрістің түрлері қолданылды. Ақпарат лекциясында материал үлестірмелі иллюстративті әдіспен баяндалады. Визуальды лекция материалды техникалық құралдардың көмегімен жеткізуді көздейді. Проблемалы лекция материалды проблемалы сұрақтар мен жағдаяттарға құруға негізделеді. Лекция-екеу материалды екі маманның талдауы бойынша жүзеге асады. Лекция конференция алдын-ала дайындалған мәселелер бойынша ғылыми баяндамаларды тыңдап, талдауға көмектеседі. Лекция диалог студент пен оқытушының арасындағы байланысты қамтиды да өзара сұхбат түрінде жүргізіледі. Қатеге құрылған лекция көркем мәтіннен әдеби тіл нормасынан жөнсіз ауытқыған сөздерді және диалектілердегі қателерді т.б. таба білуге үйретеді. Лекция консультация білім мазмұны бойынша қамтылған материалды берік есте сақтау мақсатын көздейді. Қиын мәселелерді қайта талқылаудан өткізу арқылы білімді терең игертуге мүмкіндік тудырады. Дәріс сабағын түрлендіріп өткізу берілген материалды қызығушылықпен қабылдауға жетелейді. Алған білімдерін берік есте сақтауға көмектеседі. Ғылыми негізде құрылған бағдарлама білім мазмұнын толықтай қамтуға мүмкіндік береді. Оқытушы мен студенттің әрекетін жүйелі ұйымдастыруға негіз болады. «Қазақ диалектологиясын модульдік технология арқылы оқытуда қолданылатын әдістер» атты тармақша іштей екіге жіктеледі: «Қазақ диалектологиясын модульдік технология арқылы оқытуда студенттің оқытушымен өздік жұмысын (СОӨЖ) ұйымдастырудың амал-тәсілдері», «Қазақ диалектологиясын модульдік технология арқылы

16

Page 15: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

оқытуда студенттің өздік жұмысын (СӨЖ) ұйымдастырудың жолдары». Бакалавриат бағдарламасы бойынша студенттің орындайтын өздік жұмыстарының көлемі көбейді. Өздік жұмыс екі түрге бөлінеді – студенттердің оқытушының қатысуымен жүргізілетін өздік жұмысы (СОӨЖ) және студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ). Біріншісінде студент пен оқытушының өздік жұмысын (СОӨЖ) ұйымдастырудың амал-тәсілдері көрсетіледі. Өздік жұмыс арқылы студент өзіне қажетті білімді игереді. Білім, білік, дағдыларын жетілдіреді. Өздік жұмыс студентті жүйелі түрде жұмыс істеуге, дербес ойлауға, өзіндік ақыл-ой стилін қалыптастыруға көмектесетін оқытудың формасы болып табылады. Оның басқа оқу формасынан ерекшелігі студент өз әрекетін алдына қойған мақсат-міндеттеріне байланысты өзі ұйымдастыра алады. Жоғары оқу орнында өздік жұмыс – студенттің өз белсенділігін көрсете алатын іс-әрекет болып саналады. Оның ұйымдастырылуына қарай студенттің кәсіби дайындығының нәтижесі көрінеді. Студентке берілген СӨЖ тапсырмасы оқытушының тікелей және белсенді қатысуымен өткізілетін СОӨЖ сабақтарында тексеріледі. СОӨЖ-дің екінші мақсаты материалды игеру барысында қиындық сезінетін студенттерге кеңес беруді көздейді. СОӨЖ аудиториялық сабақ түріне жатады, ол лекциялардың СОӨЖ-і мен практикалық сабақтардың СОӨЖ-і болып бөлінеді. Силлабус бағдарламасында әр аптада жүргізілетін СОӨЖ, СӨЖ түрлері сағат санына қарай нақты бөлінеді. Мәселен «Жергілікті диалектілер мен говорлар. Тайпалық диалектілер. Әлеуметтік диалектілер» атты тақырыптарды қамтитын бірінші модульдің бірінші сабағы үш кезеңді қамтиды. Бірінші кезең кіріспе бөлімінде дәріс жоспары ұсынылады. Екінші кезең пікір алысу бөлімі үш деңгейден тұрады. Бірінші деңгейде сұрақтар мен тапсырмалар беріледі, екінші деңгейде жаттығу жұмыстары қамтылады: 1-жаттығу бойынша Ж.Аймауытовтың «Тіл туралы» атты мақаласын конспектілеу және мақала туралы пікір білдіру тапсырылған. Жаттығудың мақсаты – мақаламен танысу, диалект сөздерді анықтау. Жаттығудың міндеті – мақаланы оқып, түсінгенін конспектілеу; керекті мәліметтерді сұрыптау; негізгі ойды анықтау. Жаттығудың тиімділігі – студент мақаламен таныса отырып, өзіне қажетті мәліметтерді сұрыптап алады. Жаттығудың нәтижесі – білімін толықтыратын материалдарды екшелеп ала білуге үйренеді. Қажетті ақпараттарды сұрыптап ала білу ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыруға көмектеседі. Үшінші деңгейде шығармашылық жұмыс түрлері ұсынылады: 1-жаттығу. Туған жерлерінде қолданылатын жергілікті ерекшеліктерді, диалект сөздерді қатыстырып, туған ауылыңыздың тарихы туралы әңгіме жазыңыз. Жаттығудың мақсаты – студенттің зерттеушілік қабілетін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту.

17

Page 16: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

Жаттығудың міндеті – жергілікті ерекшеліктерді зерттеу; оның мәнін айқындау; туған жердің тарихын зерттеу арқылы диалектілердің этимологиясымен танысу. Жаттығудың тиімділігі – күнделікті өмірде өзі қолданып жүрген диалектілердің мәні мен маңызын айқындап, оның қолданысын әдеби тілмен салыстыра қарастыруға мүмкіндік береді. Жаттығудың нәтижесі – студент аталған тапсырманы орындау арқылы ізденушілік, зерттеушілік қабілетін нығайтады. Сөйлеу жағдаяттарында қолданып жүрген диалектілердің ерекшеліктерін меңгереді. Өзіндік пікір білдіру дағдысы қалыптасады. Коммуникативтілік және танымдық құзыреттіліктері қалыптасады. Үшінші кезең қорытынды бөлімде студенттердің білімі сарапқа салынады. Бақылау жұмысы және өзін-өзі тексеру тапсырмалары арқылы білім нәтижесі анықталады. СОӨЖ-де оқытушының басшылығымен орындалатын жұмыстарды студенттің ұтымды игеруіне мүмкіндік тудыра отырып, жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік туады. СОӨЖ жұмыстарын ұйымдастыруда әдістерді сұрыптап алудың мәні зор. Зерттеу жұмысында салыстыру, қатысымдық, бақылау және эксперименттік, практикалық, түсіндірмелі-көрнекілік, кітаппен жұмыс істеу, интерактивтік т.б. әдістер қолданылды. Бұл әдістердің барлығы да сабақ үрдісінде қатысым әрекеті арқылы жүзеге асырылды. Екіншісінде студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) туралы мәселе қозғалады. Студенттің өздік жұмысы жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты бойынша оқытылатын оқу пәндерінен білімдерін кеңейту, толықтыру, тереңдету мақсатында жүргізілетін оқудың түрі. Өздік жұмыс оқытушы мен студенттің қалауы бойынша аудиторияда да аудиториядан тыс жерлерде де орындалады. Студенттің өздік жұмысын ұйымдастырудағы мақсат студенттің ғылымның белгілі саласы бойынша материалды терең меңгеріп, дүниетанымын кеңейтіп, танымдық қабілетін дамытатын дағды мен бейімділікті қалыптастыру; логикалық ойлауды, шығармашылық белсенділікті, оқу материалын талдауды ғылыми тұрғыдан тұжырымдауды қамтамасыз ететін оқудың түрі. Студенттің өздік жұмысының нәтижесі реферат, баяндама, конспект, сөздіктермен жұмыс, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, курстық жұмыс, диплом жұмысы, ғылыми мақала, бейнетүсірілім, коллоквиум, конференция, іскерлік ойын, мәлімдеме, жеке сұхбаттасу т.б. түрлерінде іске асырылады. Студенттің өздік жұмысының өз бетінше білімін толықтырудағы маңызына мән беріп, зерттеген ғалымдар С.И.Архангельский, С.И.Зиновьев, Р.А.Низамов, В.А.Сластенин, Ж.Е.Сәрсекеева, С.Г.Тәжібаева, Р.Шаханова, Н.Шадиева т.б. өздік жұмыстың көп аспектілі құбылыс екендігін айтады. Ғалым Е.Я.Галант студенттің өздік жұмысы ұйымдастырушылық қабілеті (жұмысты жоспарлай білу, уақытты бөлу, жоспар жасау,

18

Page 17: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

конспектілеу), ой дербестігі (материалды таңдау, жүйелеу, салыстыру, өз бетінше қорытындылау), әрекет дербестігі арқылы іске асатынын атап көрсетеді. «Қазақ диалектологиясын» меңгертуде студенттерге ғылыми әдебиеттерді талдау, пікір білдіру, түйінді тұжырымдарды жинақтап конспект жасау, диалектологияға қатысты мәселелерді қысқаша түрде сараптап тезис құрастыру, баяндама жасау, реферат дайындау, т.б. жұмыс түрлері ұсынылды. 1-тапсырма (2 модуль 3 сабақ) Говорлардағы синтетикалық тәсіл арқылы сөз тудыруды анықтап, ғылыми әдебиеттерден күрделі конспект жасау. Жаттығудың мақсаты – диалект тудыратын тәсілдерді бекіту, олардың сөзжасамдық қасиетімен танысу, ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу. Жаттығудың міндеті – синтетикалық тәсілдің сөзжасамдық қасиетін айқындау; говорлардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау; ғылыми әдебиеттермен танысу; қажетті мәліметті сұрыптап алу. Жаттығудың тиімділігі – ғылыми әдебиеттен тақырып бойынша берілген материалдарды іріктеп алуға мүмкіндік береді. Тәсілдердің сөзжасамдық қасиетін анықтауға септігін тигізеді. Жаттығудың нәтижесі – ғылыми әдебиетпен жұмыс жасап үйренеді; өзіне қажетті мәліметтерді екшелеп ала білу дағдысы қалыптасады; синтетикалық тәсіл арқылы жасалатын диалектілердің табиғатын түсінеді. Дұрыс ұйымдастырылған өздік жұмыс студенттердің танымдық қызығушылығын тудырып, өз бетімен жұмыс істей алу қабілетін нығайтуға көмектеседі. Берілетін тапсырмалардың теориялық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс таңдалуы, қойылатын талаптардың студенттердің жас ерекшелігіне сай лайықталып берілуі жоғары нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі. СӨЖ, СОӨЖ тапсырмаларын бірлікте жүргізуге арналған сабақ жоспары: (4-модульдің 3-сабағы). Сабақтың тақырыбы: Диалектілерді қазақ ғалымдарының топтастыруы. Сабақтың түрі: семинар-практикум. Сабақтың мақсаты: Студенттердің жинаған теориялық білімдерін (лекциядан алған) практикамен ұштастыра отырып, жүйелі түрде пікір айта білуге дағдыландыру. Тәрбиелік: Тілді құрметтеуге, асыл сөз маржандарын теріп алып, күнделікті қарым-қатынасқа түсіру мүмкіндігін саралау. Дамытушылық: Студенттердің танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, есте сақтау т.б психикалық әрекеттерін жетілдіру. Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық-ұжымдық жұмыстар, сұрақ-жауап, баяндау, интерактивтік топтық ойын әдістері, үлестірмелі карточкамен жұмыс.

19

Page 18: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

Сабақтың көрнекіліктері: карта, буклет, бейнетүсірілім (проектор арқылы көрсетіледі), тақта, плакаттар, диалектологиялық сөздік, тұрмыстық қолданысқа байланысты суреттер. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру жұмысы. 1. Топ студенттерін шағын 4 топқа (4-5 студенттен) бөліп, әр топқа конвертке салынған бір-бір сурет таратылады. Топ студенттері диалектологиялық сөздікті пайдалана отырып, суреттің диалектілік атауы қай салаға жататындығын анықтайды (10мин.). 2. Әр топ қазақ ғалымдарының (С.Аманжолов, Ж.Досқараев, Н.Сауранбаев, Ғ.Мұсабаев) диалектілердің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктеріне слайд арқылы талдау жасайды (20мин.). 3. Ұжым болып диалектолог-ғалым Ғ.Қалиевтің сұхбатын тыңдайды. 1. Қазіргі кездегі қазақ диалектологиясының зерттелу жайы, өсу жолы туралы не айтасыз? 2. Егемендігімізді алған бүгінгі таңдағы сөздік қорымызды диалектілер арқылы байыту мәселесіне көзқарасыңыз, пікіріңіз? Студенттерге сұхбат берген ғалымның аты-жөні беймәлім қалады да, сұхбаттағы пікірді сабақтай отырып дайындалған сөзтізбек арқылы шешіледі (10 мин). 4. Бейне-көріністі тамашалай отырып, кездескен диалект сөздерді тауып, оның қай аймақта, қандай мағынада (әдеби баламасы) қолданылатындығын анықтайды (7 мин.). 5. Қорытынды. Интерактивтік ойын арқылы өткен материалдарды қайталай отырып бүгінгі сабақты бекіту (3). Зерттеу жұмысы бойынша ұсынылған тапсырмалардың нәтижесі эксперимент жүзінде дәлелденуі екінші тараудың төртінші тармақшасында айтылады. Эксперимент үш кезеңде жүзеге асырылды. Бірінші анықтау экспериментінде «Қазақ диалектологиясы» пәнін модульдік технология арқылы оқыту үшін диалектолог оқытушылардың тәжірибесімен танысып, оқу үдерісіне бақылау жасалды. Бақылау және тәжірибе топтары белгіленді. Бұл топтармен жүргізілетін жұмыс түрлерін анықтай отырып, материалдар іріктелді. Қазақ филологиясы бойынша сауалнама алынды. Сауалнама сұрақтарын таразылағанда студенттердің көркем әдебиетті аз оқитынын, баспасөз материалдарымен жеткілікті дәрежеде таныс еместігі анықталды. Диалект туралы түсініктері де тар шеңберде болды.

Бұл эксперименттің нәтижесі төмендегі көрсеткіште берілген.

20

Page 19: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

ЭТ БТ ТТ-Тәжірибе тобы; БТ-Бақылау тобы

1-сурет – Студенттердің экспериментке дейінгі білім, білік дәрежесі

Оқыту тәжірибесін өткізу кезінде типтік, оқу жоспарлары негізге алынып, оқытушы дайындаған жұмыс бағдарламасы негізінде силлабус дайындалды. Силлабус мазмұнына сай әр сабақтың кең түрдегі жоспары жасалды. Онда оқыту материалдары нақты көрсетіліп, сол бойынша тәжірибе тобында сабақтар жүргізілді. Дайын пән пакеті бойынша жасалған жұмыстардың нәтижесі төмендегідей болды.

Екінші модульдің1 сабағы 2 сабағы 3 сабағы

2-сурет – Дайындалған пән пакеті бойынша берілген жұмыстардың көрсеткіші Оқыту экспериментінде осы аталған мәселелер сараптаудан өтіп, «Қазақ диалектологиясын» модульдік технология арқылы оқытудың мақсаты мен міндеттері нақтыланып, қамтылатын білім мазмұны іріктелді. Ұсынылған әдістеме негізінде сабақ жүргізіліп, зерттеу қорытындылары бойынша толықтырулар ендірілді. Жоғарыда айтылған дәріс түрлері қолданылды. Қазақ диалектологиясын терең меңгертуге көмектесетін жаттығу жұмыстары ұсынылды: 1-жаттығу. Тақырып бойынша кездескен диалектілерге глоссарий жасаңыз Жаттығудың мақсаты – диалектілерді іріктеп алу, глоссарийдің мәнін түсіну.

21

Page 20: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

Жаттығудың міндеті – диалектілік терминдерді іріктеу, оларға талдау жасау, анықтамаларын глоссарий формасында ұсыну. Жаттығудың тиімділігі – терминдердің мәнін анықтауға көмектеседі, глоссарийді жасап үйренуге мүмкіндік тудырады, терминдерді еске сақтауға көмектеседі. Жаттығудың нәтижесі – ғылыми терминдердің рөлін анықтау арқылы ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырады. Анықтама жазу арқылы ойын дәл, қысқа, ұтымды жеткізуге үйренеді. Ғылыми стилі қалыптасады. Тірек-сызбалар арқылы тапсырмалар берілді. 1-жаттығу. Төмендегі сөздердің говорлық вариантын табыңыз, оны басқа түркі тілдерімен салыстырыңыз.

Әдеби тілде

Говорда (қай?)

Түркі тілдеріндеқырғыз ұйғыр өзбек түрікмен

БолатБітіруБатаБүтінПейілПікірПиғылМаңдайКелешекАңдаутеңдеСақтаЖоқта

Жаттығудың мақсаты – қазақ тіліндегі говорларды туыстас тілдермен салыстыру, айырмашылықтарын анықтау. Жаттығудың міндеті – говорлардың вариантын айқындау, оның өзіндік ерекшеліктерін анықтау, түркі тілдерімен салыстыру, өзіндік айырмашылықтарын дәйектеу. Жаттығудың тиімділігі – туыстас тілдердегі говорлармен танысу арқылы білімін кеңейтуге мүмкіндік береді, өзіндік талдау жасауға жаттықтырады, сөздің этимологиясын терең түсінуге көмектеседі. Жаттығудың нәтижесі – Салыстыру әдісін пайдалану арқылы дүниетанымын кеңейтеді, мәдениаралық қарым-қатынасты жүзеге асырады,туыстас тілдердің тарихымен танысу арқылы ұлттық құндылығымызды бағалауға үйренеді. 2-жаттығу. 1. Диалектологиялық сөздікті пайдалана отырып, сызбада көрсетілген үлгі бойынша синтетикалық тәсіл арқылы жасалған диалект сөздерді теріп жазыңыздар. 2. Диалект сөз жасаудың 4 түрінде сөз түрлендіруші, сөз тудырушы деп неге бөлінбеген, себебін түсіндіріңіз.

Диалект сөз жасаудың жолдары Синтетикалық тәсіл арқылы сөз жасау1. Әдеби негіз+әдеби

қосымша=диалект сөзСөз

түрлендірушіСөз

тудырушы

22

Page 21: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

2 Диалектілік негіз + әдеби қосымша = диалект сөз

3 Әдеби негіз + диалектілік қосымша = диалект сөз

4 Диалектілік негіз + диалектілік қосымша = диалект сөз

Жаттығудың мақсаты – синтетикалық тәсіл арқылы диалект сөз жасау жолдарын меңгерту, диалектологиялық сөздікпен жұмыс жасауға үйрету. Жаттығудың міндеті – сөздікпен жұмыс жасай алу, говорлардағы синтетикалық сөз тудыру жолдарын білу, теориялық біліктілігі болу. Жаттығудың тиімділігі – диалектілік негіз, диалектілік қосымша, әдеби негіз, әдеби қосымша, олар арқылы диалект сөздің жасалуы т.б. мәселелерді меңгереді, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауға дағдыланады, сөздің этимологиясын анықтауға үйренеді. Жаттығудың нәтижесі – ғылыми әдебиеттермен, сөздіктермен жұмыс істеуге төселеді, әдеби сөз бен диалект сөздің аражігін ажырата алады, оны практикада қолданудың қаншалық қажеттігіне өзіндік пікір қалыптастырады. Шығармашылық жұмыс түрлері (реферат, баяндама, конспект жасау, өзіндік пікір білдіру, тезис дайындау, курстық жұмыс, диплом жұмысы т.б.) «Қазақ диалектологиясы» пәні бойынша берілетін білім мазмұнын толық қамтып, студенттердің ақпараттық, танымдық, коммуникативтілік, лингвоелтанушылық құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталды. «Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» шығармасындағы диалектизмдердің қолданысы (І-ІІ кітабы бойынша)» атты тақырыпта диплом жұмысы дайындалды. Зерттеудің өзектілігі. Қазақ тіл білімінің бір саласы ретінде диалектологияның совет дәуірінде пайда болып, ғылыми негізінің салынуы жергілікті халық тіліндегі ерекшеліктердің мол қорын (олардың ішінде диалектілік, кәсіби сөздер де, болмаса әдеби емес, ауызекі сөйлеу тіліндегі сөздер де бар) жинап, жаппай сипаттап зерттеуге мүмкіндік береді. Диплом жұмысында жазушының «Қан мен тер» шығармасындағы балықшылар өмірін суреттейтін жергілікті тіл ерекшеліктері этнолингвистикалық тұрғыдан қарастырылды. Диплом жұмысының мақсаты. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің жұмсалуының қазіргі қазақ көркем әдебиеті тіліндегі көрінісін, өріс алу бағытын анықтау. Диплом жұмысының міндеттері. Жазушының жергілікті тіл ерекшеліктерін уәжді-уәжсіз қолдануын анықтау; диалектизмдердің

23

Page 22: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

эмоциялы-экспрессивті әсерін анықтау; диалектизмдерді қолданудағы жазушының стильдік мақсатын айқындау; көркем шығармадағы диалектизмдерге талдау жасай отырып, Батыс Қазақстан өңірінде қалыптасқан материалдық мәдениет атауларының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін сипаттау. Диплом жұмысының жаңалығы. Қазақстанның Батыс өңірі тұрғындары тіліне тән жергілікті тіл ерекшеліктерінің этномәдениетпен сабақтастығы этнолингвистикалық аспектіде қарастырылып, төмендегідей нәтижелер қорытындыланды: жазушының жергілікті тіл ерекшеліктерін уәжді-уәжсіз қолдануы анықталды; қазақ әдеби тілі лексикасын толықтырып, әр алуан қажеттіліктерін өтеуге жарайтын диалектизмдер мен кәсіби сөздер қатары анықталды. Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Тілдік ерекшеліктерді, яғни диалектілерді тілімізде қолдану, дұрыс қолданыс пен бұрысын саралай білу теориялық білімнің нәтижесін көрсетеді.

Болашақ мұғалім тіл тазалығына мән беріп, күнделікті қолданыста сөз байлағын, тіл шеберлігін игеруі қажет. Осы тұрғыдан диалект сөздерді білу, оның тарихына бойлай алу практикалық құндылығын танытады. Оқу жылының соңындағы тәжірибелік топ пен бақылау тобының тапсырған тест қорытындысы

тест жоғары жақсы қанағаттанарлық Төмен

ТТ 25% 65% 10% -

БТ 20% 43.5% 28.5% 8%

3-сурет Бақылау эксперименті бойынша білім деңгейінің қорытынды көрсеткіші Бақылау экспериментінде студенттердің оқыту тәжірибесінен кейінгі білім дәрежесі тексеріліп, нәтижелеріне талдау жасалды. Ұсынылған әдістеме өзінің тиімділігін байқатты. Студенттер модуль бойынша қамтылған тақырыптарды қойылған талап бойынша орындауға тырысып, жоғары балл жинауға ұмтылды. Бұл олардың пәнді игеруге деген қызығушылығын арттырып, білім қорының молаюына септігін тигізді. Әр сабаққа дайындалған пән пакеті жеке-жеке жұмыс түрлері болып есептеліп, студенттің берілген білім мазмұнын кешенді, жүйелі түрде меңгеруіне мүмкіндік туғызды. Қорыта келгенде, зерттеу жұмысы бойынша мынандай тұжырымдар жасауға болады: - «Қазақ диалектологиясы» пәнін модульдік технология арқылы оқытудың әдістемесі қажетті білімді өз бетінше ала отырып, оларды тәжірибеде біліктілікпен пайдалануға жәрдемдеседі;

24

Page 23: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

- ұсынылған жұмыстар жүйесі студентті сыни тұрғыдан ойлай білуге, білім мазмұнын терең игеруге, жоғары нәтижеге жетуге септігін тигізеді; - жұмыста басшылыққа алынған ұстанымдар пән мазмұнын жан-жақты игерте отырып, рухани құндылықтарды тани және бағалай білуге көмектеседі; - диалектологиялық практика кезінде атқарылған жұмыстар адамдармен қарым-қатынас жасай білу қабілетін қалыптастырып, рухани дүниесін кеңейтуге мүмкіндік тудырады; - жаттығулар жұмысы студенттің білім, білік дағдысын жетілдіре отырып, ойлау қабілетін арттырады, білімін жүйелейді; - тірек-сызбалар қажетті материалдарды сұрыптап қолдануға мүмкіндік туғыза отырып, өзіндік ой қозғауға жетелейді; - сабақ үрдісінде қолданылған шығармашылық жұмыстар студентті сауатты жазуға, еркін сөйлеуге, ғылыми стильді орынды пайдалануға төселдіреді; - шығармашылық жұмыстардың әр түрлі формада ұсынылуы студенттің ақпараттық, танымдық, коммуникативтілік, лингвоелтанушылық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді; - дәрістің түрлендіріліп өткізілуі студенттің білімін тереңдетіп, қосымша ақпараттарды ұтымды қолдануға мүмкіндік беріп, білімін жүйелейді; - диалектілердің көркем шығармадағы қолданысын талдау студенттердің әдеби стильде сөйлеу дағдыларын қалыптастырады; - диалектілерге этимологиялық, этнолингвистикалық талдау жасау тіл тарихын меңгеруге жетелейді; - диалектілерді әдеби тілмен, түркі тілдерімен салыстыра қарастыру өз мәдениетін бағалауға, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге ынталандырады; - диалектологиялық, этимологиялық, терминдер т.б. сөздіктерді пайдалану студенттің сөздік қорын кеңейтіп, танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді; Реферат, баяндама, тезис, конспект жасау, курстық және дипломдық жұмыс жазу ақпараттық, коммуникативтілік, лингвоелтанушылық құзіреттілігін жетілдіреді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы: Білім, 1997. – 176 б. 2 Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы (баптары бойынша түсіндірмелерімен) және оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар. – Астана, 2007. 3 Қазақстан Республикасы «Білім мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан мұғалімі, 2000. – № 33-34. 4 Жақсылықова К. Қазақ тілін орыс тілді бөлімдерде модульмен оқытудың ғылыми-теориялық негіздері. п.ғ.докторлық дисс. ... . 13.00.02. – Алматы: Абай атындағы АлМУ, 2001. – 397 б. 5 Бейсенбаева З. Жоғары оқу орындарында сөзжасам пәнін оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері. п.ғ.докторлық дисс. ... . – Алматы, 2004. – 322 б.

25

Page 24: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

6 Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде (Аударған Д.А.Қойшыбекова). – Алматы, 2002. – 180 б. 7 Аймауытов Жүсіпбек. «Еңбекші қазақ» газеті 1926 ж. 9 наурыз.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі 1 «Абай жолы» роман-эпопеясындағы диалектизмдер // «М.Әуезовтің рухани әлемі және классикалық әдебиет: Жастар көзқарасы. Ұрпақтар сабақтастығы» атты Абай атындағы мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетінде ЮНЕСКО басшылығымен өткен жас ғалымдар мен студенттердің республикалық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары. Жинақ. – Алматы: Ғылым, 2000. – 77-80 б. 2 Оқытудағы жаңа технология, оның мәні мен мазмұны, түрлері, ерекшеліктері // әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Хабаршы. Филология сериясы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – № 9 (60). – 83-86 б. 3 Қазақ тілін модуль арқылы оқытудың тәрбиелік мәні // Қазақ филология ғылымы: тарихы, бүгіні және болашағы. Абай атындағы Алматы унивенрситетінің 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық және әдістемелік конференция материалдары. – Алматы, 2003. 16-17 мамыр. – 160-163 б. 4 Қазақ тілін оқыту барысында жеке тұлғаны қалыптастыру // «Қазақ тілі тарихының мәселелері». Профессор Ғ.Қалиевтің 75 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Жинақ. – Алматы, 2004. – 125-130 б. 5 Қазақ тілін модуль арқылы оқытудың психологиялық негіздері // «Мемлекеттік тілді үйрету жолдары: теориясы мен тәжірибесі». Ғылыми-әдістемелік семинар материалдары. – Астана, 2004. – 210-216 б. 6 Қазақ диалектологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені (050117-қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына). Абай атындағы ҚазҰПУ-дың редакциялық баспа бөлімі. – Алматы, 2007. – 64 б. (Қ.Қалыбаевамен бірлескен авторлықта). 7 Кредиттік жүйе бойынша қазақ диалектологиясын модуль арқылы оқыту // «Қазақ тілі мен әдебиеті және инновация мәселелері». Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Жинақ. – Алматы, 2008. – 251-256 б. 8 Қазақ говорларындағы синтетикалық сөз тудыруды модуль арқылы оқыту // Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы. «Филология ғылымдары» сериясы. – Алматы, 2008. – №2 (24). – 121-124 б.

26

Page 25: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

9 Қазақ диалектологиясындағы дыбыстық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерді модуль арқылы оқыту // «Профессор Ф.Мұсабекова және тіл білімі мен әдістеме мәселелері». Халықаралық ғылыми-теориялық,практикалық конференция материалдары. – Алматы: Баянжүрек, 2009.– 142-145 б. 10 Қазақ диалектологиясын оқытудағы модуль бағдарламасын жасаудың ұстанымдары // «Түркі әлемі: тіл, қоғам, мәдениет». Профессор Б.Сағындықұлының 70ж. арн. халықаралық-ғылыми теориялық конференция материалдары. Жинақ. әл-Фараби атындағы ҚазҰПУ. Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу академиясының баспаханасы, 2009. – 588-596 б. 11 Диалектілік кірме сөздерді модуль арқылы оқыту // Қазақ тілі мен әдебиеті. Республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журналы. – 2009. – № 6. – 100-105 б. 12 Кредиттік жүйедегі оқыту технологияларының (модульдік) қолданылуы // Ұлағат. Ғылыми-психологиялық және педагогикалық басылым. – 2009. – № 3. – 111-122 б. 13 Модульдік технология арқылы қазақ диалектологиясы курсының силлабусын дайындау әдістемесі // «Үздіксіз білім беру жүйесінде оқыту технологияларын тәжірибеге енгізудің жолдары». Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. – Алматы: Елтаным баспасы, 2010. – 38-42 б. 14 Жоғары оқу орнында Қазақ диалектологиясын модульдік технология арқылы оқыту әдістемесі // Білім технологиялары. Ғылыми-әдістемелік журнал. – Алматы, 2010. № 3 – 20-25 б. 15 Қазақ диалектологиясын модульдік технология арқылы оқытуда студенттің өзіндік жұмысын (СӨЖ) ұйымдастыру // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Хабаршысы. Педагогикалық сериясы. – 2010. № 1.

РезюмеАвтореферата диссертации на соискание ученой степени кандидата

педагогических наук по специальности13.00.02 – Теория и методика обучения и воспитания

(казахский язык в начальной, средней и высшей системе образования)

Кенжебаева Гульдарига Мерекебайкызы

Методика обучения в высших учебных заведениях дисциплины «Казахская диалектология» на основе модульных технологий

Актуальность исследования. Без внедрения в систему образования страны передовых технологий обучения, невозможно подготовить грамотного, всесторонне развитого специалиста. Освоение новых технологий благоприятно влияет на становление интеллектуального, профессионального, человеческого,

27

Page 26: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

духовного, гражданского облика преподавателя, способствует самореализации и эффективному развитию учебно-воспитательного процесса.

Для перевода специфики преподавания дисциплины «Казахская диалектология» в новое качество, отвечающее требованиям современности, необходима дальнейшая разработка теории модульного обучения и вытекающих из нее научных средств познания форм и методов обучения. Создание соответствующих научных средств позволит обеспечить возможность реального использования огромного потенциала модульного обучения в обучении казахской диалектологии.

Разработка концептуальных основ модульного обучения в рамках преподавания дисциплины «Казахская диалектология» - объективная необходимость сегодняшнего дня. В процессе обучения филологов дисциплине «Казахская диалектология» в вузах возникает необходимость дать студентам не только профессиональные компетенции, но и на основе внедрения модульных технологий обогатить словарный запас обучаемого, расширить его кругозор. Вышеперечисленные проблемы дают возможность определить актуальность нашего исследования. Объект исследования: процесс обучения дисциплины «Казахская диалектология» на факультетах филологии в высших учебных заведениях при модульной организации. Предмет исследования: теоретико-методологические основания, обеспечивающие максимальную эффективность обучения дисциплины «Казахская диалектология» на факультетах филологии в высших учебных заведениях на основе использования технологии модульного обучения. Гипотеза исследовательской работы: гипотеза исследования строится на утверждении того, что эффективность обучения дисциплины «Казахская диалектология» обеспечивается, если учебный процесс организуется в соответствии с технологией модульного обучения - использованием основных правил преподавания языкознания через модульные технологии, посредством языкового общения –чтения, слушания, разъяснения, объяснения, письма. При таком построении модуля студенты получат знания в соответствии с новыми моделями и парадигмами образования - расширится кругозор студента, обогатится его словарный запас. Цель исследовательской работы. Разработать эффективную методику преподавания дисциплины «Казахская диалектология» на основе модульных технологий в вузах с кредитной системой обучения. Задачи исследовательской работы: определить педагогическую эффективность использования технологии модульного обучения, учитывая цели, задачи, особенности новой технологии; - разработать учебно-методический комплекс обучения дисциплины по модульным технологиям; - разработать дидактико-методическое обеспечение учебного процесса в соответствии с модульной технологией обучения; - разработать классификацию и систематизацию методов обучения по модульным технологиям;

28

Page 27: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

- показать эффективные пути освоения дисциплины с помощью модульных технологий; - предложить и доказать эффективность методических работ, способствующих повышению творческих способностей студентов, обучающихся по кредитной технологии, формированию навыков, соответствующих требованиям времени.

Основная идея исследования. Обучение казахской диалектологии по модульным технологиям на факультетах филологии в высших учебных заведениях позволяет глубоко изучить отрасли языкознания на научной основе, освоить литературные нормы языкового общения, способствует эффективному использованию слов- диалектов в художественной литературе. Теоретико-методологическая основа исследования. Теоретико-методологическую основу исследования составили научные достижения теории лингвистики, педагогики, психологии, труды и учебники по научно-методическому исследованию.

Методы исследования. Были использованы такие методы как изложение, описание, сравнение, систематизация, анализ, контроль, заключение, анкетирование, использование технических средств.

Научная новизна исследования: 1.Определены требования, предъявляемые к обучению дисциплины « Казахская диалектология» на основе модульных технологий.

2. Выявлены методические основы обучения дисциплины «Казахская диалектология» через модульные технологии среди студентов филологических факультетов в высших учебных заведениях, обучающихся по кредитной системе.

3. Определены принципы обучения «Казахской диалектологии», в соответствии с требованиями кредитной системы, материалы помещены в блочную систему и указаны методы их использования

4. Предложена методологическая основа обучения дисциплины «Казахская диалектология» по модульной технологии:

а) подготовлены и практически применены учебные комплексы по обучению «Казахской диалектологии» через модульную технологию (модульная программа, силлабус, рабочая программа, учебно-методические пособия, учебное пособие, наглядные пособия) ;

б) систематизированы творческие задания, применяемые в обучении «Казахской диалектологии» через модульные технологии; 5. Определены эффективные методы выполнения самостоятельных работ и оптимальные пути контроля и оценки знаний студентов в процессе обучения «Казахской диалектологии» по модульным технологиям.

Теоретическая значимость результатов исследования: полученные научные выводы и заключения пополнят теоретическую базу методики преподавания дисциплины «Казахская диалектология». Обучение казахской диалектологии по модульным технологиям дает возможность студентам получить научно-теоретические знания, содействует формированию профессиональной компетенции, способствует самообразованию личности.

29

Page 28: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

Практическая ценность результатов исследования: результаты исследования способствуют дальнейшему развитию казахской диалектологии и повышению уровня преподавания дисциплины в высших учебных заведениях, колледжах.

Предложенные в работе методы обучения могут быть использованы в колледжах, в высших учебных заведениях.

Положения, выносимые на защиту: ● Обучение дисциплины «Казахская диалектология» на основе

модульных технологий дает возможность студентам глубоко освоить диалектологию, способствует формированию мировоззрения, освоению навыков работы со словарями;

● Обучение дисциплины «Казахская диалектология» по модульной технологии развивает поисково-исследовательские навыки студента посредством самостоятельного получения знаний;

● формируются субъектные качества личности студента, способного оценить возможности слов-диалектов в обогащении литературного языкового фонда;

● наряду с овладением научных основ дисциплины «Казахская диалектология», посредством модульной технологии, формируется личность с установившимися профессиональными компетенциями.

Апробация и внедрение результатов исследования осуществлялось на факультете филологии Казахского национального педагогического университета имени Абая, Жаркентском гуманитарно-техническом колледже Панфиловского района Алматинской области.

Обсуждение и публикация исследовательской работы. Результаты научного исследования были опубликованы в республиканских научно-педагогических, методических иданиях. По материалам исследования опубликовано 1 учебное пособие, 14 публикаций.

Объем и структура диссертации. Диссертация состоит из введения, двух глав, заключения, списка использованной литературы и приложения. ResumeThe author`s abstract of the dissertation for the degree of candidate of pedagogical sciences on speciality 13.00.02 – Theory and methodology of training and education (Kazakh language in primary, secondary and educational system)

Kenzhebayeva Guldariga Merekebaikyzy

Methods of teaching in higher educational school of the discipline «The Kazakh dialectology» on the basis of module technologies

The actuality of the research. Without introduction to the system of the education of the country modern technologies of studying, the knowledgeable, comprehensive intelligent specialist cannot be prepared. The mastering of new technologies influence favorably on the formation of intellectual,

30

Page 29: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

professional, humane, spiritual, civil make –up of the teacher, favor the self-realization and effective development of the educational - training process. It is necessary the further treatment of the theory of the module training and following from this the scientific means of cognition of the form and methods of teaching being responsible for the responsibilities of modern , new quality for the translation of specific features teaching of the discipline «The Kazakh dialectology». The creation of the appropriate scientific means permits to secure the possibility of real use of the high potential of module training in teaching Kazakh dialectology. The treatment of the conceptual basis of the module training in the within the limits of training the discipline «The Kazakh dialectology» is the objective necessity of nowadays. In the process of training of philologists to the discipline «The Kazakh dialectology» in the universities appears not only the necessity of professional competency to the students, but also the vocabulary stock of the training and mind enriches on the basis of introduction of module technologies. The above mentioned problems give the possibility to define the actuality of our research. The object of the research: the process of the training the discipline «The Kazakh dialectology» on the faculties of philology in higher educational schools in module organizations. The subject of the research: the theoretical – methodological basis, securing the maximal effectiveness of training of the discipline «The Kazakh dialectology» on the faculties of philology in higher educational schools on the basis of using the technologies of module training. The hypothesis of the research: the hypothesis of the research is formed on the confirmation that the effectiveness of the training of the discipline «The Kazakh dialectology» is secured, if the training process will be organized in accordance with technology of module training - usage of the main rules of training linguistics through module technologies, by means of linguistic connection - reading, listening, clearing up, explanation, writing.The students get knowledge in accordance with new module and paradigm of knowledge - the mental outlook of the student and the vocabulary stock enrich on this formation of the module. The aim of the research. to treat the effective methods of training of the discipline «The Kazakh dialectology» on the basis of the modular technologies in the universities with credit system of training. The objectives of the research work: to define the pedagogical effectiveness of using the technologies of module training including aims, tasks, the peculiarities of new technologies;-to treat the educational – methodical complex of teaching disciplines by modular technologies;- to treat didactical – methodical security of educational process in accordance with module technology of training;- to treat the classification and systematization of the methods of training by module technologies;

31

Page 30: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

- to reveal the effective ways of mastering disciplines with the help of module technologies;-to propose and prove the effectiveness methodical works promoting in improvement of the creative abilities of the students studying by the credit technologies, forming skills according to the requirements of the time. The main idea of the research: The training of the Kazakh dialectology by module technologies on the faculties of philology in higher educational schools permits to study the spheres of the linguistics deeply on the scientific basis, to master the literary norms of linguistics connection, to promote the effective usage of the words - dialects in belles – lettres. The theoretical - methodological basis of the research. The theoretical - methodological basis of the research is composed by the scientific achievements of the theory of linguistics, pedagogy, psychology, works and textbooks in scientific – methodical research. The methods of the research. The following methods are used: exposition,description, comparison, systematization, analysis, control, conclusion, questionnaire, the usage of technical means. The scientific novelty of the research: 1. The requirements presenting to the training of the discipline of «The Kazakh dialectology» are defined on the basis of module technologies.2. The methodical basis of training the discipline «The Kazakh dialectology» is exposed through the module technologies among the students of philology faculties in higher educational schools studying in credit system.3. The training principles of «The Kazakh dialectology» are defined in accordance with the requirements of credit systems, the materials are established in block system and revealed the methods of their usage.4. The methodological basis of training the discipline «The Kazakh dialectology» is proposed by module technology:a) the educational complex in training «The Kazakh dialectology» is prepared and used practically through the module technology (the module program, syllabus, the working program, the educational – methodical textbooks, textbooks, visual aids textbooks);b) the creative objectives are systematized applying in the training «The Kazakh dialectology» through module technologies;5. The effective methods of fulfillment of independent works and optimal ways of control and evaluation of the knowledge of the students are defined in the process of training «The Kazakh dialectology» in module technologies. The theoretical significance of the results of the research: the received scientific inferences and conclusions fulfill the theoretical basis of the methods of training discipline «The Kazakh dialectology». The training «The Kazakh dialectology» in module technology gives the possibility to get the scientific – theoretical knowledge to the students, assist in the formation of professional competence, self –education of the individual.

32

Page 31: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

The practical value of the result of the research: the results of the research assist in further development of the Kazakh dialectology and improvement of the degree of training of the discipline in higher educational schools, colleges. The methods of training proposed in the work can be used in colleges, in higher educational schools. The following statements are carried out for defense:

The training of the discipline «The Kazakh dialectology» on the basis of modular technologies gives the possibility to master the dialectology deeply to the students, assist in formation of worldview, to master the skills of work with dictionaries;

The training of the discipline «The Kazakh dialectology» in modular technology develops searching – research of skills of the student by means of independent getting knowledge;

The subjective qualities of the personality of the students are formed, capable in evaluating the possibility of words – dialects in enrichment of literary linguistic fond;

The personality is formed with the establishment professional competences on a level with mastering the scientific basis of the discipline «The Kazakh dialectology» by means of modular technologies;

The approbation and introduction of the results of the research are realized on the faculties of the philology of Kazakh national pedagogical university named after Abai, Zharkent humanitarian – technical college of Panfilov district of Almaty region. The discussion and publication of the research work. The results of the scientific research were published in republic scientific – pedagogical, methodical publications. 1 educational textbook, 14 publications are published on the research materials. The volume and structure of the dissertation. The dissertation consists of an introduction, two parts, conclusion, the lists of references and application.

33

Page 32: 378 · Web view378.016 : 811.512.122' 28 Қолжазба құқығында КЕНЖЕБАЕВА ГҮЛДАРИҒА МЕРЕКЕБАЙҚЫЗЫ Жоғары оқу орындарында

Кенжебаева Гүлдариға Мерекебайқызы

«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА «ҚАЗАҚ ДИАЛЕКТОЛОГИЯСЫ» ПӘНІН МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ»

13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ тілі)

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының

АВТОРЕФЕРАТЫ

34