12
ʽǧDzǧ dzǬǴ ǸǧDzǧ ǯdzǧǴǹǧǷǧǮȂ 86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 4 ÂÆÊÒÆμ 15 ĭÁħÓÁÑ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü -8°.. -6° -12°.. -10° 5 10 ÂīĭÐÁÎÓÁÊÌÁÐ ÐīÌ ÇÉĩÁÎ ÁĭÉÅÁÒÜ ÁÎÜĭ ÍīÒÜÌÍÁÎÙÜÌÜĩÜ ÍÜĩÜÍ ÆÌÍ¼È Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü ïĦóġòóĄëâáóüò íò Ëġî ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ çïĨáñĨü óæíðæñáóôñá n& çüì ÆĦ óĤíæîäĄ óæíðæñáóôñá n& çüì – Алло, «Сапсан» ба? – Иә. – Кішкентай баланы емханаға апару керек еді .... Мекен-жайды ләм демей жазып алған диспетчер қыз тура 20 минут өткен кезде батыл- сыздау үнмен қайыра қоңырау шалды: Кешіріңіз, жүргізушілер «жол полиция- сы таңертеңнен қалпақтай қағып жатыр» дейді. Ешкім жауапкершілік алғысы келмейді. Бізде автокресло жоқ. Күн сайын өзім лифт- пен көтеріліп бара жатқан кезде жақтаудан оқып жаттап алған «Такси «Сапсан», жетесің шапшаң» деген «жергілікті ауыз әдебиетіне» тағы бір жол қосқым келіп кетті. «Кетерсің тапсаң» деп... ˃˘೮ ˙˯ˣ ˳ ೪˘ˮ˘˵ˮ೮ ˢ˟ˬ˱˶˧ˮ˞˟˥ ˢ˟ˬ˛˟ ˙˯ˬ˘ ˘˶˲˱ ೪˘ˬ೦˘ˮ ˾ˤ˪˧˪˱˟ ˳ഉ˙ˤ˧˭˧ˣ˙˟ˮ ೪˘ˮ ˵˘ˬ˞˘Ͳ ˶ˮ ˵˘˱˳˲˶೦˘ ˟˭˺˘ˮ˘೦˘ ˢˤˮ˘ˬ˞೪ ʥ˧˲ ೪˘˙˘˵ ˵˟˲˟ˣ˟ˮ˧ ˳˯ˬ೪ˬ˞˘˵˘ ˳೪˲˱ ˵˲೦˘ˮ ೪˘೮˵˘˲˞೮ ˢ˟ˬ˧ˮ˟ˮ ೪˘˥˭೦˱ ˯˥˭ˣ ˵˘˪˳ˤ ˾˘೪˲˵˶ ˟˞˧ – АЛЛО, ТАКСИ? – БІЗДЕ АВТОКРЕСЛО ЖОҚ ... ƼDžǎǗNj ƼDžǎNjƼDž ljǁ džǁnjǁdž" ǎƼȽƼDžǗljǀƼǏ ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ˮ೮ ഉ˪˧˭˧ ˞˧ˬ˙˟˪ ʮ˘೪˳˙˟˪˯˚˵೮ ˪˧˭˧Ͳ ˭˟ˮ ˃˘˥ˢ˘ˮ˯˚ ʤ˥˵˙˘˥ ˘ˬˢ˘ˮˬ ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ ˙˯˥Ͳ ˮ˾˘ ˚˟˵˟˲ˤˮ˘˲ˬ೪ ˙˘೪ˬ˘˶ ˢഉˮ˟ ೪˘˞˘೦˘ˬ˘˶ ˘˥˭˘೪˵೪ ˤˮ˳˱˟˪˻ˤ˳ˮ೮ ˙˘˳˾˳ ˘ˬ ˞˧ˬ˺˘ˮ˯˚ ʪ˥˳˟ˮ ʥ˺˘˲˙˘˥ˬ ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ ˙˯˥ˮ˾˘ ˭˟˭ˬ˟˪˟˵˵˧˪ ˭ˬ˧˪ ˢഉˮ˟ ˢ˟˪˟˾˟ˬ˟ˮ˞˧˲˶ ˞˟˱˘˲˵˘˭˟ˮ˵˧ˮ˧೮ ˙˘˳˾˳ ೪ˣ˭˟˵˧ˮ˟ ˵˘೦˘˥ˮ˞˘ˬ˞ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ˞˘ ˳˘˵ˬ˘˵ˮ ˪˱˵˟˛˟ˮ ˵˘˶˘˲ˬ˘˲˞೮ ˙˘೦˘˳ ˮ˧˭ˮ˧೮ ˣ˧ ˮ˟˭˟˳˟ ˾ˤ˪˧ˣ˘˵ ഉ˪˟ˬ˧ˮ˟˵˧ˮ ˟ˬ˞˟˛˧ ˪˯ˮ˯˭ˤ˪˘ˬ೪ ˢ˘೦˞˘˥˭˟ˮ ˵˧˪˟ˬ˟˥ ˙˘˥ˬ˘ˮ˳˵ ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ ʤ˶ˬ˾˘˲˶˘˾ˬ೪ ˙˘˳೪˘˲˭˘˳ˮ೮ ˙˘˳˾˳ ʺ˲˘˵ ʪ˘ˬ˘˙˘˟˚ ʮ˟˵˧ˮ˾˧ ˘˲ˮ˘೦˘ ˙˟˲˛˟ˮ ˳˺˙˘˵ˮ˞˘ ˢ˘೮˘ ˢˬ˞˘ˮ ˪˟˥˧ˮ ˪˟˥˙˧˲ ˘ˣ೪Ͳ˵ˬ˧˪ ˮ˧˭˞˟˲˧ˮ˟ ˙˘೦˘ˮ೮ ೪˭˙˘˵˵˘˶ˮ ˯˳˭˟ˮ ˵˳˧ˮ˞˧˲˞˧ Басқарма басшысының айтуынша, бағаның өсуіне, негізінен, маусымдық жағдай әсер етіп отыр. Ал, жеміс-жидекке кел- сек, оның құнына қоймада сақтау және логистикаға қатысты қосымша шығындар ықпал етеді. Ол сондай-ақ, сүт өнімдерінің салыстырма- лы түрде жоғары бағасы құрғақ сүттің Қазақстанда өндірілмейтіндігімен, оны шетел валютасы- мен өзге елден сатып алынатындығымен байла- нысты екенін атап өтті. Жалпы сарапшылардың пікірінше, азық-түлік өнімдерінің бағасы алғашқы жарты жылдықта төмендейді деп күтілуде. Естеріңізге сала кетейік, Жаңа жылдан кейін елор- дада қарақұмық, тауық еті, күнбағыс майы, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс- жидек бағаларында сәл-пәл қымбаттау орын алған еді. ҚЫМБАТТАУЫНЫҢ АНЫҚ-ҚАНЫҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ÇÁÌĩÁÎ ËģÒ¼ÐËÆÑÌ¼Ë ÐÆÎ ËĥÌÆħËÆ̼ ÞËÏÎÏÍÉËÁĩÁ ÇÏÌ ÇÏĭ

4 (3209) 2015-01-15

  • Upload
    -

  • View
    234

  • Download
    11

Embed Size (px)

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №4 (3209) 15 қаңтар

Citation preview

Page 1: 4 (3209) 2015-01-15

4 15

-8°.. -6°-12°.. -10°

5 10

– Алло, «Сапсан» ба?– Иә.– К і ш к е н т а й б а л а н ы

емханаға апару керек еді.... Мекен-жайды ләм демей жазып алған диспетчер қыз тура 20 минут өткен кезде батыл-сыздау үнмен қайыра қоңырау шалды:

– К е ш і р і ң і з , ж ү р г і з у ш і л е р «жол полиция-сы таңертеңнен қ а л п а қ т а й қ а ғ ы п ж а т ы р » д е й д і . Е ш к і м ж а у а п к е р ш і л і к алғысы келмейді. Бізде автокресло жоқ.

Күн сайын өзім лифт-пен көтеріліп бара жатқан кезде жақтаудан оқып жаттап алған «Такси «Сапсан», жетесің шапшаң» деген «жергілікті ауыз әдебиетіне» тағы бір жол қосқым келіп кетті. «Кетерсің тапсаң» деп...

– АЛЛО, ТАКСИ?– БІЗДЕ АВТОКРЕСЛО ЖОҚ ...

Басқарма басшысының айтуынша, бағаның өсуіне, н е г і з і н е н , м а у с ы м д ы қ жағдай әсер етіп отыр. Ал, жеміс-жидекке кел-сек, оның құнына қоймада сақтау және логистикаға қ а т ы с т ы қ о с ы м ш а шығындар ықпал етеді.

Ол сондай-ақ, сүт өнімдерінің салыстырма-лы түрде жоғары бағасы құрғақ сүттің Қазақстанда ө н д і р і л м е й т і н д і г і м е н , оны шетел валютасы-мен өзге елден сатып алынатындығымен байла-нысты екенін атап өтті.

Жалпы сарапшылардың пікірінше, азық-түлік ө н і м д е р і н і ң б а ғ а с ы алғашқы жарты жылдықта төмендейді деп күтілуде. Естеріңізге сала кетейік, Жаңа жылдан кейін елор-дада қарақұмық, тауық еті, күнбағыс майы, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек бағаларында сәл-пәл қымбаттау орын алған еді.

ҚЫМБАТТАУЫНЫҢ АНЫҚ-ҚАНЫҒЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК

Page 2: 4 (3209) 2015-01-15

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Германия канцлері Ангела Меркель ел астанасында өткен митингте зорлық-зомбылыққа қарсы шара қолданатын уақыт жеткенін айтты. «Ксенофобия, нәсілшілдік, экстремизмге біздің елде орын жоқ. Бұл асқан қатыгездіктің тамырына балта шабу үшін күресетін боламыз» деді ол.

Кубаның экс-президенті Фидель Кастро аты аңызға айналған футболшы Диего Марадонаға өзінің тірі екенін дәлелдеп, хат жазды. Хаттың фотокөшірмесі латынамерикасы телеарнасында жарияланды. Атақты саясаткер 2006 жылы отставкаға кетіп, билікті інісі Рауль қолына алған еді. Содан бері Кастро қоғамда көрінбей тек, әлсін-әлсін «Escambray» басылымына мақалалар беріп тұрады.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун жексенбі күні Парижде экстремис-тер жасаған лаңкестік әрекеттерге жауап ретінде мұсылмандарға қысым көрсетуге жол берілмеуі тиіс екенін ескертті. Оның пікірінше, осындай әрекеттер зорлықтың өсуіне әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.

Түркіменстанда соңғы бір жыл ішінде Гурбангулы Бердімұхамедовтың портреттері екі есе қымбаттаған. Осыдан тура бір жыл бұрын оның үлкен суреті 16 манат тұрса, бүгінде ол нарықта 33 манатқа жеткен. Жыл басында мектептегі ұстаздарға мемлекет басшысының жаңа портреттерін сатып алу міндеттелген көрінеді.

Астананы қыста жылыту үшін тәулігіне 13500 тон-на көмір жағылады.

Қазіргі заманғы өнер мұражайында танымал суретші Төлеуғазы Байғалиевтің шәкірттерімен бірлескен көрмесі ұйымдас-тырылды.

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық дра-ма театрында Қ.Жүнісовтің «Сәкен сұңқар» атты тари-хи драмасы қойылады.

Елордалықтар М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық Орыс драма театрында А.Яблонскаяның «Язычники» атты драмасын тамашалайды.

Шыны қалдықтарын қайта өңдеу үшін Астана қаласының тұрғын үй кешендерінде жинау, тасымалдау және өткізу жұмыстарын жүргізуді көздейтін жоба 1 ақпанда басталып, жыл соңына дейін жалғаспақ.

Жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде қаладағы экологиялық жағдай жақсарып, қоршаған ортаның тұрмыстық қатты қалдықтармен ластануы төмендейді деп күтілуде. Аталмыш жоба 2017 жылы Астанада өтетін «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қарсаңында жоғары экологиялық стандарттарды ендіруге себепші болмақ.

Тұрғын үйлердің жанында шыны қалдықтарын бөлек-бөлек жинауға арналған тәжірибелік контейнерлер орнатылады.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

«Әріптесіміз И.Купиннің ішкі істер ор-гандарында 20 жылдан астам уақыт еңбек етті. Қазірге дейін мекеме ұжымы онымен байланысын үзген емес, ол бөлімшеге жиі келіп тұрады. Жеңістің 70 жылдығын той-лау қарсаңында соғыс ардагерлеріне деген ықыласымыз ерекше», – деді ЕЦ-166/5 мекемесі бастығының орынбасары Бекболат Шәкіров.

Ақмола облысының т умасы осыған дейін «Отан соғысы» орденімен, «Ерен ерлігі үшін», «Праганы азат еткені үшін», «Германиядағы жеңіс үшін», «Тың игергені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері», «Украинаны азат еткені үшін», «Жуков » медальдарымен марапатталған.

Page 3: 4 (3209) 2015-01-15

3www.astana-akshamy.kz

Бетт

і дай

ынд

аған

: Таң

атар

ТӨ

ЛЕУҒ

АЛИ

ЕВ. Д

ерек

көзд

ері:

www.

asta

na.k

z, ww

w.in

form

.kz

– Электр энергиясы тарифінің ө с у і н е қ а н д а й ж а ғд а й л а р итермеледі?

– Қазіргі таңда Астана өзін электр энергиясымен елу пайызға қамтып отыр. Энергия көзінің қалған бөлігі сырттан тасымалданады. Негізгі электростансалардағы электр энер-гиясын өндіру бағаларының өсуі тарифтің жоғарылауына себеп болды. Мұндай жағдай «Астана-Энергия» кәсіпорнында орын алды. Сондай-ақ, «Павлодар-энерго» АҚ пен «Екібастұздық ГРЭС-1» ЖШС-нен электр энер-гиясын сатып алу тарифі қосымша құн салығынсыз 8,52 теңгеден 9 , 0 1 т е ң г е г е ж о ғ а р ы л а д ы . « К EG O C » ко м па н и я с ы н ы ң электр энергия сын беру және бөлу қызметінің тарифі де өсті. Сон-дықтан 1 қаңтардан бастап шекті баға қосымша құн салығынсыз 1 кВт/сағатқа 13,86 теңге көлемінде белгіленді.

– Естуімізше, «Астанаэнер-госбыт» ЖШС белгіленген шекті бағадан жоғарырақ ба-

ғаны ұсынған. Одан төмен баға қою үшін қандай шаралар қабылдауға тура келді?

– М е м л е к е т б а с ш ы с ы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жол-дауының энергетикалық инфра-құ рылымды дамыт у ға бағыт-талған тармағын жүзеге асыру және та рифтің ай тарлықтай жо-ғарылауына жол бермеу мақ са-тында Астана қаласы Энергетика басқармасымен бірлесе отырып, электр энергиясын төмен бағамен сатып алу көлемін ұлғайту бойын-ша тиісті жұмыстар жүргізілді. Бұл өз кезегінде шекті бағаның деңгейін ұсынылған 14,74 теңгеден 13,86 теңгеге, яғни, 5,97 пайызға түсіруге мүмкіндік берді. Соның ішінде халыққа арналған тариф қосымша құн салығынсыз 1 кВт/сағатқа 11,31 теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға өсті. Осы жерде мынаны атап өтейік, елдегі 16 аймақтың тарифтермен салыстырғанда Астана 7-8 орын-ды алып отыр, яғни белортасында

келеді. Мысалы, табалдырықты аттаған жылдан бастап Алматы, Көкшетау, Қостанай қалаларының тұрғындарына арналған тариф сәйкесінше 17,42, 15,44 және 16,35 теңгені құрады. Ал, Аста на-ның бүгінгі тарифі қосымша құн салығын есепке алғанда 1 кВт/саға тына 12,67 теңге деңгейінде. Болашақта Астанада электр энер-гиясын өндіретін кәсіпорындар санын ұлғайту жоспарлануда. Бұл жағдай тарифтің тұрақтануына және халық тұтынатын энергия тарифінің өспеуіне жол ашады.

– Жылу, су мен газ тарифтері жөнінде не айтасыз?

– Бұл тарифтер өзгеріссіз қалды. Негізінен, оның алдында 1 қаңтардан бастап жылу тарифін өсіру жөнінде шешім шығарылған болатын. Алайда, жан-жақты жүргізілген сараптамалық жұмыстардан соң мұны кейінге қалдырдық. Қазір 1 сәуірге дейін оның өспейтінін сеніммен айта аламыз.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Жүргізушілік тізгінін қолға алған Қазақстан Жазушы-лар одағы Астана қалалық фил иа л ының д иректоры Несіпбек Айтұлы: «Тұрпаты ерекше, тағдыры мен тынысы бөлек ақын Төрегелді Тұяқбай 1970 жылдары қазақ поэзия-сына келген жас өкілдердің бірі болды. Оның сол жылдары жазылған «Кісі киік» поэмасы республикалық байқауда бас жүлдені иеленгенде әдебиет әлеміне өрелі өлеңімен өзіне жалт қаратқан ақын келгенін білдік» деп бастады сөзін.

Кеш барысында театр әр-тістері мен жас өнерпаздар ақын сөзіне жазылған бірқатар ән шырқап, өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ, мерейтой иесі «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен мара-патталды. Бұған қоса, ақын-ның Қазақстан Республи-касы Мәдениет және спорт министрлігінің бағдарламасы бойынша Астана қаласындағы « Фол иан т » б ас пас ы на н

шыққан «Төрт тоғыс: Сөз биі кітабы» атты жаңа еңбегінің таныстырылымы өтті. Кітап атауы турасында белгілі ғалым Серік Негимов: «Сөз биі» – соны тіркес. Сөз – билік-кесім, үкім айтудың кепілі. Ұлт тарихындағы көсем де данагөй би-шешендердің пәрменді, жалынды сөздері ұлтты ұйыс-тырды. Сөзде кие болды. Әді-летке, ұжданға, даналыққа, көркемдікке малынған сүйек балқытарлық киелі сөздің иесі би болды, биде билік болды, елде береке болды. «Сөз биінде дес бермей күшті ағысқа, кертолғаулы қайыру – қысқа-нұсқа» деуінде телегей сыр бар» деп ой толғай келе, «Сөздің мәнін, сымбат-сәнін, орамын, ретін қиюластырып келтіру, тігісін жатқызу, өрелі ой-пікірлермен тұздықтау, оқырманның зерде, сана айна-сында терең із қалдыру – ақын Төрегелдінің сүйікті мәнері» деген оң бағасын берді.

Мәдина ЖАҚЫП

Рас, бала асырап алу оңай ша-руа емес. Оның психологиялық, материалдық, тағы басқа да то-лып жатқан қиындықтары бар. Дегенмен, соған қарамастан, бір сүйсінерлігі, кейінгі кезде ба ла асырап а лу шылар саны артып келеді. Оның үстіне бала-ны отбасына асырауға берудің

Олардың қатарында «Салауатты Астана» ЖШС, «Меди-циналық орталық», «Кировская» СДА, «Орталық жол ауруханасы» және «Медикер» ЖШС сияқты жеке меншік медициналық ұйым да бар.

Қалада балалар мен жастар арасында салауатты өмір сал-тын қалыптастыруға да зор көңіл бөлінеді. 18 жасқа дейінгі балалар тіркелген жері бойынша алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету ұйымдары мен қалалық балалар стационарларында жоспарлы және шұғыл медициналық көмек ала алады.

Ал, амбулаториялық кезеңде балаларға бекітілген аурулар тізіміне сәйкес екпе жасау; 0-18 жас аралығындағы балаларды алдын ала тексеру; балалардың есту қабілетінің тума және ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ауытқушылықтарын ерте анықтау үшін, сондай-ақ, балаларда В және С гепатитін ерте анықтауға скрининг, неонатальді скрининг тегін жүргізіледі.

құқықтық жағы да жетіл діре түсті.

Қазір сот шешімімен ба ла асырап алған жағдайда мүліктік және мүліктік емес, құқықтар мен міндеттерге байланысты да үлкен өзгерістер бар.

Сонымен қатар, 2015 жылдың қаңтарынан бастап 2014 жылғы 10

шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға байланыс-ты біржолғы төлемақы тағайындау, қайтару және көлемі мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алушыға 75 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлемақы беріледі.

Балалар үйіндегі бүлдіршіндер мына жарық дүниеге тағдырдың тәлкегін тарту үшін келмегені белгілі. Олар да аналық мейірімді, әкелік қамқорлықты аңсап жүр. Көздері жәутеңдеп, өздерін ба-уырына басар жандарды күтіп отыр. «Егер жағдайыңыз көтерсе, әлеуметтік ахуалыңыз мұрша берсе, балалар үйіндегі тастанды сәбилерді асырап алуға, бейкүнә балақайларға ата-ана болуға асығыңыз!» дегіміз келеді.

Жұма ҒАЗИЕВ

Page 4: 4 (3209) 2015-01-15

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Ертеңгі күнге зор үміт артатын, болашаққа бағыт-бағдар беретін Мемлекет басшысы мәңгілік ел болу идеясы арқылы, жалпы ұлттық құндылықтарымызды дәріптей оты-рып, халқымызды біріктіретін күш ретінде бұл маңызды құжат бірлік пен берекенің, қажырлы еңбектің тұғырнамасы екендігін баса айтты.

Ұзақ жылдардан бері аудан тұр-ғындарының әлеуметтік мәсе ле-лерін шешумен айналысып жүр-гендіктен, мені Президент Жол-дауындағы негізгі жеті бағыттың ішінде әлеуметтік инфрақұрылымды

дамыту жөніндегі міндеттердің жүзеге асырылуы алаңдатады. Қала мектептеріндегі оқушылар санының көптігі, балабақшаларда орынның жетіспеушілігі секілді мәселелермен күнбе-күн кездесіп жатамыз. Елба-сының тапсырмасына орай келешек-те бұл мәселелер біртіндеп жойыла-ды деген сенімдеміз. Мәселен, тек біздің Есіл ауданында ғана өткен жылы 3600 орындық үш мектеп пен 240 балаға лайықталған бір балабақша пайдалануға берілсе, алдағы уақытта 1200 орындық тағы екі мектеп пен 480 балаға лайықталған

екі балабақша бой көтереді деп жос-парлануда.

Бүгінгі таңда біздің ауданда бар-лығы 11 мемлекеттік балабақша мен 10 жалпы білім беруге арналған мектеп жұмыс істейді. Сонымен бірге аудан аумағында екі колледж және үш университет бар. Олардың ішінде кәсіби-техникалық кол-ледж бен Назарбаев университеті және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көш бас-шысы атындағы Ұлттық қорғаныс уни верситеті Елбасы тапсырмасы бойынша ашылғанын ерекше атап өткім келеді.

Жыл сайын Елбасы Қазақстан халқына Жолдауын жариялағаннан кейін аудан тұрғындарына осы стратегиялық құжаттың негізгі бағыттарын т үсіндіру бойын-ша кездесулер өткізуді дәстүрге айналдырдық. Осылайша, өткен жылдың 19-21 желтоқсаны аралы-ғында Қазақстан Респуб лика-сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұ рлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауын түсіндіру жөніндегі рес публикалық ақпараттық-насихат то бы мүшелерінің қатысуымен ау-дан аумағында барлығы 11 кез десу ұйымдастырылды. Осы жиындарға Қазақстан Республикасы Пар ла-ментінің Мәжілісі мен Се натының

Кейінгі жылдары елімізде мәдениет сала-сына айырықша көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, бұған бағаналы бас ордамыз – Астанадағы ру-хани жетістіктерді ауыз толтырып айта аламыз. Сән-салтанаты жарасқан «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры, Ұлттық музей, Ұлттық академиялық кітапхана, Тұңғыш Президент мұражайы, «Астана-Бәйтерек» монументі, тағы да басқа сырттан келген қонақтарға ұялмай көрсететін сәулет өнерінің көз сүйсінтер жауһарлары аз емес.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өткен жылғы қараша айында Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында осы қол жеткен жетістіктерімізді одан әрі өркендете беруді тапсырғаны белгілі. Сонымен қатар, Президент жастардың білімді, мәдениетті азамат болып қалыптасуына ерекше назар аударды. Өскелең ұрпаққа мектеп, ата-ана, ортасы бірігіп, тәлім сіңіруі маңызды-ақ. Қазір ел ішінде жекелеген теріс бағыттағы діни ағымдар уағызына алданып, шынайы жолдан адасып, өзінің ғұмырлық мақсаты мен адамдық міндетін таба алмай жүргендердің де бар екендігі жасырын емес. Елбасы осыны ел болып түзетуге үндеді.

депутаттары, сондай-ақ, орталық атқа рушы органдардың басшылары және этномәдени орта лықтардың өкілдері қатысып, сөз сөйледі. Бұл шараларға ауданымызда тұратын 1940 адам қамтылды. Әр кездесудің соңында жекелеген мәселелер бо-йынша азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды.

Сонымен бірге ауданымызда Қа-зақстан Президентінің Жолдауын түсіндіру жөніндегі 5 арнайы топ құрылды. Топ мүшелері жыл бойы аталмыш шараны жалғастыратын болады. Былтырғы қараша айы-нан бүгінгі күнге дейін ақпараттық топ мүшелері халықпен 23 кездесу өт кізді. Бұл шараларға 2710 адам қатысты.

Биыл Елбасы Жолдауын тал қы-лау мақсатында Қазақстан халқы ассамблеясының, саяси пар тия лардың өкілдері мен жастар бір лестіктері көшбасшыларының қатысуымен дөңгелек үстелдер, сондай-ақ, жоғары оқу орындары мен колледждерде оқитын студенттер арасында ғылыми-практикалық конференциялар, де-баттар, мәдени-бұқаралық шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз.

Бір күн ұрыс-жанжал болған үйден қырық күн несібе кемиді. Ынтымақ бар жерге ырыс қонады. Ел бірлігі барда шешімін таппайтын іс жоқ. Осыны ескере келе, Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауы ел тарихындағы аса маңызды тағы бір қарышты қадам деуге болады. «Нұрлы жол» – елді бірлікке, татулыққа үндейтін Жолдау. Басты құжатта айтылған мәселелер Қазақстанның әрі қарай өркендеуіне, халықтың әлеуетінің жақсаруына, алда болады деп күтілген әлемдік дағдарыстан қиналмай өтуіне бағытталған құнды шаралар деп тү сінеміз. Бұл шаралардың жүзеге асатынына халықтың сенімі мол.

Гүлнар ҚАСЕНОВА,Астана қаласы Есіл ауданы

әкімінің орынбасары

Ұлттың ұлттығын айғақтайтын, оның өзіндік тарихи, мәдени ерекшелігін білдіретін маңызды фактордың бірі – оның тілі. Елбасымыз тіл төңірегіндегі бірқатар келелі мәселелерді де қозғай келе, төл тіліміздің қайталанбас құн-дылығын сақтап, оны өркендету бағытындағы мемлекетіміз ұстанған саясаттың болмысын

қарапайым сөздермен-ақ тамаша жеткізді, сан алуан ұлт пен ұлыстың атамекені боп отырған жеріміз бен қазақы қонақжайлығымен дүйім жұртты бауырына басқан еліміздің бейбітшілік сүйгіш болмысын айқын көрсетіп берді.

Бүгінде Қазақстан – бірлігі мен ынтымағы жарасқан, атағы әлемге тараған мемлекет. Көп-теген этностар қазақ шаңырағының астында жиналып, бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. 2015 жыл ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы болмақ. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер жаңа қазақстандық патриотизмді ұрпақ бойы-на сіңіруде айрықша рөлге ие. Осы бағытта «Ақжауын» мемлекеттік камералық оркестрі де Елбасы Жолдауы аясында жоғарыда аталған даталарға орай еліміздің батыс өңірлеріне гастрольдік сапарларын жоспарлауда.

«Мәңгілік ел» болу ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы еді. Енді, міне, осы арман біздің ұрпақтың бас-ты мақсатына, ұлттық ұранымызға, ұлттық идеямызға айналды.

Осы бағытта аянбай тер төгіп, белгіленген міндеттердің бәрін халық арасында терең түсіндіруіміз керек. Өйткені, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қазақ халқының ұлт болып өркендеуіне жол ашып, жағдай жасау, оның тілі, ділі, мәдениеті кең құлаш жаю үшін зор мүмкіндіктер туғызады. Бұл – ертеңгі күннің бағдары, болашаққа сенім беретін асқақ идея. Сондықтан, Елбасының «Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!» деуінде терең ой жатыр.

Ерлан ДӘКЕНОВ,Қазақстан Республикасы мәдениет және

спорт министрлігі «Ақжауын» мемле-кеттік камералық оркестрінің директоры

Page 5: 4 (3209) 2015-01-15

5www.astana-akshamy.kz

(Басы 1-бетте)

Одан кейін де үйреншікті екі-үш такси қызметінің телефонын бебеулеттік. Мәселен, жолаушы-лар тасымалында сервис жағынан көпшілік көңілінен шығатын «Эко таксидің» өзі бала тура-лы естігенде «Кешіріңіз, бізде қазіргі сәтте ешқандай көлік бос емес» деп сырғыта жауап беріп, сылтау та-уып кетті. Амал жоқ, он-сыз да күркілдеп тұрған кішкентайымызды ызғырық желдің өтіне шығарып, ж о л ш ы б а й к е з д е с к е н көліктен жеткізіп салуды өтінуге тура келді.

Мәселенің мән-жайын « Э ко такс и д і ң » с ат у бөлімінің меңге ру шісі Ер-ден Құнанбаевтан білдік. Оның айтуынша, қазіргі таңда Астана бойынша тасымалдауда жүрген 111 көліктің аз ғана бөлігі арнайы автокресломен жабдықталған. Ал, олар көбінесе «авто бала күтуші» қызметі бойынша тұрақты тап-сырыстарды орындаудан артылмай қалады.

«Жаңа «Жол қозғалысы ереже-сінің» тағы бір қолайсыз жағы бұл жерде балалардың жас ша-масын, адамдардың көзқарасын ескермегендей көрінеді. Автокрес-лолар пластиктен, матадан жаса-лады. Әртүрлі бала отырған соң,

қызметтерінің тағы бірнешеуіне қойып көрдік. Мәселен, «Сары-арқа» таксиінің менеджері Мәриям Исмайлованың айтуынша, 50 так -сидің 25-і автокресломен, арнайы ұстап тұрушы құрылғымен жаб-дықталып жатыр. Ал, «Эконом» таксиінің аға диспетчері Әсел Сәттібаева: «Такси паркінде 250 ав томобиль бар. Олардың бар лығы – жекеменшік. Сондықтан, бала-ларға арналған құрылғыларды сатып

әсіресе жаздыкүні, ортақ мүлікке иіс-қоңыс сіңеді. Кейбір ата-аналар баламыз аллергия болады, инфек-ция жұқтырады деп пайдаланудан бас тартады. Ондай тәжірибемізде кездескен. Сол себепті, заңның автокресло немесе басқа да ұстап тұрушы құрылғылар деген жолына сүйеніп, барлық көліктерді бірте-бірте белтартпалармен жабдықтауды ұйғардық» дейді Ерден.

Мұндай сауалды қаладағы такси

Қазіргі уақытта аталған департа-менттің көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасында

екі бөлім бар: заңсыз кәсіпкерлік қызмет пен жалған ақша жасауға қарсы іс-қимыл бөлімі және жалған кәсіпкерлік пен заңсыз банкрот тауға қарсы іс-қимыл бөлімі.

Көлеңкелі бизнеспен айналысушы кәсіп-керлердің салық туралы заңдарға көз жұма қарауы өзге бизнес өкілдерінің өрісін та-рылтатыны сөзсіз. Сондықтан бас қарманың мемлекет экономикасына нұқсан келтіретін қылмыстық істерге қарсы тұруы шынайы кәсіпкерлікке жол ашады.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық заңдылығына сай кәсіп етуші үлгілі бизнес субъектілері де бар екенін жоққа шығармайды. Мәселен, мемлекеттік бюджет есебінен мемлекеттік сатып алуға қатысатын компанияларға салынатын салық – 10-12 пайыз. Мұндай компаниялардың салық қайтарымы қалыпты деңгейде. Өйткені, мемлекет оларға сенім кепілін берді.

Алайда, кей кәсіпкерлер мемлекеттік

Р.S: Сөзімізді бет қатталып жатқан кезде келіп түскен жаңа мәліметпен тәмамдайық. Астана қаласы ІІД Әкімшілік по-лиция басқармасы басшысының орынбасары Сабыр Жүсіпбековтің айтуын ша, заң күшіне енгеннен кейін қоғамның кешеуілдеп қа был-дауын және балалардың қысқы демалысын ескере отырып, тәртіп сақшыларына 10 күндей ережедегі өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге алдын алу шараларымен айналысуға нұсқау берілді. Ере-жеге сәйкес әкімшілік жаза тек 12 қаңтардан қолданыла бастады. Содан бері 20 жүргізушіге көлігінде автокресло немесе арнайы ұстап тұрушы құрылғы пайдаланбағаны үшін, 724 жүргізушіге көлік ша-мын жақ пағаны үшін айыппұл салынды. Осы аралықта баланың мертігуіне әкеліп соққан ешқандай жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ.

Әділбек ЖАПАҚ

Игорь Лепеха да жеріне жеткізіп айтып, ата-аналарды бала қауіпсіздігі үшін қаржы үнемдемеуге шақырды.

«50 км/сағ жылдамдықпен зыр-лап келе жатқан көлік кілт тоқтағанда баланың салмағы 30 есе артады. Яғни, 10 келі тартатын баланың салмағы 300 келі болып кетеді. Сондықтан баланы бос отырғызу әлде алдыңа алып отыру қауіпті. Ал, көліктің өзіндегі белдік баланың бұғанасын сындырып жіберуі не-месе мойнын қысып қалуы мүмкін. Сондықтан, автокресло әлде белі мен кеуде тұсынан қосымша шаңдитын белбеулер, бустерлер пайдалану керек» деп бір аптадан бері ала-шапқын жасап, «ел құлағын елу» қылған мәселеге біраз айқындық енгізген болатын ІІМ өкілі.

Бірақ «неге түсіндіру жұмыстары ереже күшіне енгеннен кейін бас-талды?» деген уәжімізді айтуын айтқанмен, адамгершілік шекарасы-на сыймайтын «Заң бұзу үшін жа-салады» деген сөзге келгенде тосы-лып қалатынымызды қайтейік. Кім біледі, дәл осы мезетте әлі жаңа түзім ғадетіне ене қоймаған біреулерге жол полициясы қызметкерлері айыппұл салып, «заң аясында» әкімшілік хаттама толтырып жатқан шығар.

алуды көлік иелерінің өзіне қалдырдық» деп емексітті.

Әйтеуір, бір жәйт анық. Жаңа ереже көлік иелерін азды-көпті шығындануға мәжбүр етсе де, барлық такси қызметтері тариф өспейді деп сендіріп отыр.

Рас, жол қозғалысындағы қауіп сіздікті, балалардың көлік апаты кезіндегі өлім-жітімін, ауыр жарақат алуын ойлағанда, заңдағы бұл өз герістер өте орынды екеніне шүбә жоқ. Ол туралы кешегі берген бас пасөз брифингінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы

бюджеттен миллиардтаған ақша алғанмен, салық төлемі 1 пайызға да жетпейтін жағдайлар кездеседі. Осындайда кәсіпкерлердің еш кіріссіз әрі қауіп-қатерсіз нөлдік тиімділікпен жұмыс істеп жатқаны күмән туғызады.

Бүгінгі таңда экономиканың жасырын секторлары әлеуметтік мәселелердің ушығу ошағына айналып үлгерді. Азық-түлік ба-зарлары, ойын-сауық бизнесі, мемлекеттік сатып алу, экономикалық контрабанда, алко-голь және мұнай өнімдері сияқты астыртын, жымысқы сауда айналымдары мемлекетіміздің экономикалық саясатын аяқтан шалуда. Оған мысал ретінде салық төлемейтін жалған кә-сіпкерлік субъектілерін атауға болады.

Сондай-ақ, жалған фирма құру кәсіпкерлікке жатпайды, яғни, қылмыстық әрекет болып сана-лады. Көлеңкелі бизнестің осындай түрлерінен мемлекетке жүздеген миллиард теңге зиян келеді. Жалған фирмалардың қызметі нәтижесінде жаңа жұмыс орындары құрылмайды, салық төленбейді, экономикалық айналым мен нақты статистика бұрмаланады.

Қазіргі кезде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құ қық қорғау бөліміне маңызды міндет жүк те ліп отыр. Ол – кәсіпкерлерді қылмыстық қуда-лауға емес, бюджетке түсетін міндетті төлем-дердің уақытылы түсуін қамтамасыз етуге бағытталған шара.

Көлеңкелі экономика – ел дамуына кедергі келтіретін ең үлкен кесел. Шыны керек, жасырын кәсіпке құмартқандар елдің экономикалық өсуінен гөрі өз қалтасына көбірек алаңдайды.

Сарапшылардың зерттеу нәтижесі көр-сеткендей, дамыған мемлекеттерде көлеңкелі экономиканың деңгейі шамамен 20 пайызды құрайды. Ал, өтпелі экономикалық кезеңде тұрған елдердің бұл көрсеткіші жалпы ішкі өнімнің 30-35 пайыз шамасында. Біздің мемлекетте нақты көрсеткіш болмағанымен, көлеңкелі экономиканың бары анық.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Page 6: 4 (3209) 2015-01-15

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

-

-

Өз ретінде мұрағатта жетпіс жылдан бері сақталып келген құжаттардың негізінде Жеңістің 70 жылдығына арналып «Мұрағаттар сөйлейді» деген кітап жазылуда. Оған соғыс жылдары Ақмолада жасақталған 29-шы, 310-шы, 387-ші дивизиялардың және 106-шы ұлттық кавалерияның құжаттары арқау болмақ. Құ жат болғанда да кешегі қан майданда елі мен жерін жаудан қорғағандардың тізімдері, дерек-тивалар, бұйрықтар, мәліметтер, фотосуреттер, жеке хаттар. Ал, акция аясында майдангерлер-ге қатысты қандайда бір тарихи құ жат тапсырушыларға қалалық мұрағаттың есігі ашық. Өйткені, майдангерлердің естеліктері, өмір-баяндары, жауынгерлерді мара-паттаған құжаттар мұрағат қорын толтыруға ғана емес, тарихшылар үшін құнды деректер болуы әбден мүмкін.

Осы орайда мұрағатта сақ тау-дағы соғысқа қатысты құжат тардың

-

біразы жөнінде мағлұмат берудің артықтығы болмас. Мәселен, мұнда «Қызыл Армияға жылы киімдер жи-нау туралы» хаттама бар. Тұтқиылдан басталған соғысқа Совет Армиясы дайын болмағандықтан, тылдың май дандағы солдаттарды керек-жа рақ пен қамтығаны жөніндегі құжаттар мұрағатта күні бүгінге дейін сақталған. Сондай-ақ, Астана қаласының мемлекеттік мұрағатынан «Мылтық атып үйрену сабақтары» секілді сол кездегі аса қажетті ма-териалдарды кездестіруге болады. Майданға баратындар ғана емес, соғыс уақытында мылтықты пайда-лану кез келген азаматқа тиісті шаруа екені айтпаса түсінікті. Мылтық атып үйрену сабақтарының белгіленген кестесі де көрсетілген екен мұрағат құжатында.

Мұрағат қорындағы майданға қатысты құжаттардың ішінде эвакуа-ция жөнінде біраз дерек бар. Қатал режимді талап еткен шұғыл орналас-тыру, азық-түлікпен қамту, кейбір өнеркәсіп тауарларына карточкалық жүйені енгізу жөніндегі шешімдерді кездестіруге болады. Соғыс бастал-ғанда Ақмола қаласына мина және граната өнімдерін шы ға ратын №317 зауыт көшіріліп әкелінген екен. Өз кезінде бұл секілді мәліметтер құпия болған шығар. Ал, қазір мұрағат қорындағы өзге де құжат тардың қатарынан орын алған сол өнімдердің жоспарлары белгі ленген жазбалар сақтаулы тұр.

1942 жылы «Казахсельмаш» за-уытын салу туралы Ақмола қалалық

атқару комитетінің шешімі, Ақмола станциясында эвакуациялық ор та-лық құру жөніндегі тарихи құжаттар да бар мұнда. Тіпті, олардың ішін де Қызыл Армия қажетіне жылқы жө-нелту жөніндегі қағаздар тіркелген.

Осылайша, соғыс кезіндегі күнде-лікті қарапайым құжаттар бұл күні мұрағат қорына айналған.

Ақмола облысы бойынша со-ғыстан қайтпағандар саны – 33950 адам. Ал, оның 16641-і хабарсыз, яғни, қай майданда болғандары, қай жерде қаза тапқандары, жерленген жерлері белгісіз қалған жауынгерлер. Хабарсыз кеткен майдангерлерді табу мақсатында «Мемориальная зона» атты іздеу шілер отрядының тыңғылықты жұмыстарының арқасында 310-шы атқыштар диви-зиясына қатысты біраз мәліметтер, бұрын белгісіз болып келген көптеген

солдаттар мен командирлердің есімдері анықталды. Қалалық мұра-ғатта сақталған эксгумациялық кар-таларда ол жауынгердің жеке зат-тары мен қарулары да сипатталған. Сондай-ақ, хаттамада қайта жер-ленгендердің зираттарының сыз басы

көрсетілген. Мұрағат құ жаттарынан қазба жұмысының барысында топырақпен көміліп қалған тран-шеялардан табылған мүрделерді сипаттауға мұқият болғандықтарын байқауға болады. 1991 жылдың 8 мамырында Ресейдің Тортолово-Гайто лов шатқалындағы Апрак-син стансасының маңынан архео-логиялық әдіспен бір траншеядан 1000-нан артық адамның мүрдесі табылғандығы туралы ақпарат (482 қор, 1 тізімдеме) сақталған дәл осы қордағы келесі құжатта.

Астана қалалық мұрағаты жария-лап отырған бұл акция Ұлы Отан соғысы жөніндегі деректердің сәл де болса толығуына үлес қосатыны сөзсіз.

Шара БАТТАЛҒАЗИЕВА,Астана қаласы мемлекеттік

мұрағаты құжаттарды жариялау және пайдалану

бөлімінің қызметкері

Ақмолада жасақталған 387-атқыштар дивизиясының жауынгерлері

-

«Акция аясында өткен жылдың 30 желтоқсанында Астана тө-рінен аттандырылған Жеңіс жалаушасы ҚР ҚК Құрлық әскер лері мен Аэромобильді әскерлер бөлімшелерінде, Астана, Қарағанды, Семей, Қапшағай, Отар және Ақтаудағы аймақтық басқармаларды аралап шықты. Сапар Алматы қаласында аяқталды. Жігерді жаныған Жеңіс жалауша-сын беру және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсеткен салтанатты рәсім Алматыдағы 28-ші

Панфиловшылар саябағында өтті.Аэромобильді әскердің қыз-

меткері, майор Қанат Есдаулетов Жеңіс жалаушасын астаналық өкілге табыстады. «Жеңіске құрмет» акциясы бүгін Астана-да аяқталады. Жеңіс жалаушасы ресми түрде Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрма-ғамбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебіне тап-сырылады» деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Page 7: 4 (3209) 2015-01-15

7www.astana-akshamy.kz

Күн сайын санамызға түрлі ақпарат сіңеді. А дамдардың естігенінің бестен бір, ал көр-генінің бестен үш бөлігін есте сақтап қалатыны дәлелденген. Егер тыңғылықты түсіндірілсе, ақпараттың 90 пайызы жа-дымызға қабылданады екен. Қазақ тілін үйреніп жүргендерді айтпай-ақ, тілі былдырлап енді шығып келе жатқан бөбектің сөздік қоры қоршаған орта ар-қылы қабылданатын сөздермен толысатынын ескерсек, жан-

жағымыздағы толған сауатсыз жарнаманың қаншалықты қауіпті екенін ұғамыз.

Астана қаласындағы «На-ружка kz» жарнама агенттігінің өкілі Юрий Осипенко мем-ле кеттік тілді үйренушілерге ж а р на ма т і л і н і ң де ы қ па л ететінін айтты. Бұл пікірмен келісуге болады. Өйткені, айна-ламыздағы қаптаған екі тілді жарнама қазақша-орысша сөздік іспетті. Осыған қарап, жар-наманың алуан түрлі қызмет

атқаратын әжептәуір әле уетті әлеуметтік құрал екені көрі-неді. Сондықтан, қазақ тілді жарнаманың қазығы нық бол-май, көңіл көнши қоймас.

Елордамыздың тілдік кел-бетінің де көрікті болуы үшін біраз жұ мыс тар жаса луда . Көшелерге берілген қазақы атаулар көшелі тарихымыздан сыр шертеді. Сәулеті көз тар-татын белгілі ғимараттар да қазақша аталған. Алайда, көше көркемдігінің сынын бұзатыны

– назарыңды еріксіз аударатын жарнама тіліндегі ала-құлалық. Газетіміздің «Тілтүзер» айда-рында әрдайым осы мәселені көтеріп келеміз. Бүгінгі мақа-ламызға да сауатсыз жарнама тақырыбы арқау болып отыр.

Кө ш еде г і ж а р н а м а л а рд а кездесетін көп қателік – тілі-міздегі төл әріптердің дұрыс қолданылмауы. Көзімізге ша-лынған қазақ т іл інде ша ла жазылған бірнеше атауларды атап айтсақ.

Көшедегі орындар түгіл, «Ханшатыр», «Мега», «Керу-ен» сынды ірі сауда орталықтарынан да қателер қаптап шығады. «Астаналық», «Шапағат», «Әсем» сияқты коммуналдық базардағы сауда орындары да сауатсыздық сайысына түскендей. Бір мысал, «Астаналық» базарының мына киім дүкеніндегі маңдайша былай «Үлкен және кіші Олшемде» деп жазылған.

Сарыарқа көшесінде қ а н ш а у а қ ы т т а н бері тұрғын үй ғима-ратының тұтас қа-бырғасын ендеп ілініп тұрған «А лтелдің» жарнамасында интер-нет сөзі қазақ тілді мәтінде «интренет» деп терілген.

Абай көшесінің басында орна ласқан «Строймарт» құрылыс материал дары дүкенінің төбесінде «дүкендер жүйесі» деп желі сөзінің орнына жүйе сөзі қол да-нылған. Жарнамаларда көбінесе орыс тілінен аударылып жазылған сөздерде қателік кетеді.

Б і р а з у а қ ы т т а н б е р і б ү к і л қ а л а а я л д а м а л а -рында RBK банкінің қате жазылған жарнамасы ілініп тұр. Онда «Кажетті не-сие» деген сөздегі «қ» әрпі «к» әрпімен таңбаланған. Мұндай кемшілікті Достық көшесіндегі мына суреттегі мекеменің атауынан да кез-дестірдік. Мұнда «Авто сак-тандыру» деп жазылған.

Сол маңайдан алысқа ұзамай-ақ «Азияпарк» сауда ойын-сауық орта-лығының алдында тізілген автокөліктердің маңдай-шасындағы қате сөз көзге ұрады. «Sandero» көлігі

қызыл түсімен ғана емес, «Қалалық міҢезімен» де ерекшеленеді. Ал, Иманов көшесіндегі фотосалонда «Кенсе заттары» деп «ң» әрпінің орнына «н» әрпін жазған.

Оры

нбек

ӨТЕ

МҰР

АТ

Көше бойында орналасқан үлкенді-кішілі сауда орындарының атаула-рынан көптеген дұрыс жазылмаған сөздерді байқауға болады. Уәлиханов көшесіндегі «Бэст стайл» сұлулық салонының есігіне ілінген тақтада «Жүмыс уақыты» деп «ұ» әрпінің орнынан «ү» әрпі қолданылған. Жұбанов көшесіндегі «Хан Тәңірі» дүкенінде «дукен» деп жазылыпты. Және сондағы «азық түлік» сөзі жазылуында қос сөз болмай тұр.

Page 8: 4 (3209) 2015-01-15

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

– Әйтсе де, біздің «беш бар-мақтың» қазақтың «бесбар-мағынан» айырмасы бар. Яғни, еттің нанын кеспе секілді қып саламыз, оны өте майда етіп туралған етпен араластырып, тұздықтаймыз, – дейді Әбекең.

Ұлттық ойындарымыз «кёк бору» (көкпар), «курёш» (кү-рес) – екі халыққа да ортақ спорт ойындары. Төскейде малы қосылған қырғыздар туралы тағы не айтуға болады?! Алатаудың қос қапталына қатар қонған екі елдің тағдырында соңғы жиырма жылда үлкен айырмашылық орын алды. Қазақ жұртының әлеуеті асып, абыройы аспандаса, қырғыз бау-ырларымыз небір аласапыранды бастан кешіп, кейбірінің туып-өскен жерінен ұзап кетуіне тура келді... Біздің қырғыз жерлесіміз оның себебін түрлі соғыстан, қақтығыстардан іздейді. «Ел ты-ныш, бейбіт заман болса, халық тар арасындағы ынтымақ тек биік-терге бастамайтын ба еді» дейді...

Т о қ с а н ы н ш ы ж ы л д а р д ы ң ба сын да сол кездегі Ақмолаға келген Әбдрашиттің тағдыры жақсы тұрмыс іздеп үлкен жолға шыққан барлық қырғыздардың өміріне өте ұқсас. Қырғызстанның оңтүстіг інде дүниеге келіп , қырық тың қырқасына жеткенде Әбдра шит Свердловск-Фрунзе пойы зына отырып, Қазақстанның ең суық қаласы Ақмолаға та-бан тіреді. Арқаның кең пейілді қазақтарының арқасында базары-ның берекесі асып, елде қалған балаларын алдырды. Қазір де әрқайсысы үйлі-баранды болып, бай-қуатты өмір сүріп жатыр.

Ә Б Д І Р А Ш И Т А Й Т А Д Ы : «Кеңес тер одағы ыдырап бүкіл шаруашылықтың шайқалғаны аздай, елдегі қақтығыстар жиілеп,

-

тыныш өмірге зар болып қалдық. «Алдағы күн не болады?» деп алаң дап жүргенде шиіттей бала-шағаны асыраудың өзі күш болып қалды. Тоқсаныншы жылдары тамаққа талғажау болсын деп тау-дан жер жаңғақ жинап, көршілес жатқан Жамбыл облысына, қазіргі Тараз қаласына алып келіп сатып жүрдік. Оның да мәні болма-ды. Сөйтіп жүргенде кіші ұлым дүниеге келді. Әйелім балабақшада жұмыс істейтін. Баланың жөргек пұлы, тағысын тағы алашақтары есебінен кездеме мата берді. Ол матаны не істейміз? Ақша жоқ. Қай да сатып, неге ауыстыра-мыз?! Қазақстанның оңтүстік облыстарына апарудың қажеті жоқ екенін түсінеміз; онда өзбек ағайындардың саудасы қызып жа-тыр. Содан картаны алып отырып, бар матамызды қолтығымызға қысып, бір күнде Ақмоланы бет ке алып жолға шықтық. Неге Арқаның осы қаласын таңдады дейсіз бе?! Білмеймін, мүмкін, Сверд ловск-Фрунзе пойызы бағы-тындағы жол бойындағы басты станцияларының бірі болған соң шығар. Әлде, маң дайыма қазақ же рінде нан теріп жеу жазған соң, тағдырым осында алып кел-ген болар. Содан ымырт үйіріле Ақмолаға жеттік. Күн суық, бір-тіндеп қараңғы түсе бастады. Әйеліміз екеуміз жүк сақтайтын қойманың қызметкерлерінен жөн сұрадық. Маталарымызды сонда сақтауға қойып, қалалық базарға бет алдық. Ойымыз – сол жердегі жалға беретін үйлердің біріне қонып шығу. Содан бір қазақтың есігін қақтық. Олар да жатсына қойған жоқ. Үйінің бір бұрышын берді. Ертесіне келген шаруамызды айтып, сол үйдің иесінің жөн сілтеуімен

жақын маңдағы дүкендерді аралап шықтым. Дүкеншілердің де шекесі қызып тұрмаған шақ. Көрсеткен матаның қиындысын ұстап тұрып, «тастап кетіңіз, бір айдан соң ақысын аласыз» дейді. Менің айлап жатуға жағдайым жоқ. Са лым суға кетіп қайта орала-мын. Сөйтіп жүргенде үйдің иесі «бұлай жүрме, менің әйелім базарда ет сатады. Етін қоя тұрып сендерге көмектессін, қанша де-генмен базардың жайын біледі» деп, әйелін жанымызға қойып, кездемені саудалауға шық тық. Ол кезде қазіргі «Астаналық» базардың орнында екі-үш қатар жайма ба зар бар, қазіргідей алты қабат алып сауда үйі жоқ. Бұл елдің халқы саудаға онша бейім емес еді ғой. Сауда жасайтындар –

да артық тапқым келді ме, матам-ды арқалаған күйінде Ресейдің қаласына да аяғым жеткен. Алай-да, Ақмоладағыдай мүмкіндік ал-дымнан шықпай, тауым шағылып оралдым.

Өз елімізге әні-міне кетеміз деп жүргенде, екі-үш жыл да зы-мырап өте шықты. Қарап отыр-сам, уақытша жалдап тұрған пә-терімізге кеткен ақшадан екі үй сатып алатындай болыпты. Со сын уақытша болса да алды-мыздан шығар деген үмітпен бір бөлмелі пәтер сатып алдым. Ол кезде азаматтық алмаған едім. Бір қазақ жолдасымызға айтып едім, үйді атына жазып беруге келісті. Мұсылман баласымыз ғой деп сендім. Соны мен не керек, халыққа керек затты тауып, ша-

ақысын жеген жоқпыз. Сапасыз тауар сатып ешкімді ренжіткен жоқпыз. Адал еңбекпен келген байлығымыз еселене түсті. Бас-басымызда пәтер, балаларымның айналдырып отырған шаруала-ры бар, дендері сау, жора-жол-дастарының ортасында абырой-лы. Байлық деген осы емес пе?!» деп толғанады.

Әбдрашит қазақ әндерін жақсы көреді екен. Естіген әндерінің атын, авторын жазып жүреді. Қарап отырсам, оның ішінде халық әндері, Тілен диевтің және басқа да танымал қазақ сазгер-лердің әндері бар екен. Арасында ыңылдап айтып жүреді.

Бірде «Анасы бар адамдар еш қашан қартаймайды» де-ген жолдар тілі ұшына үйіріліп әндетіп отырады. «Отставкадағы полковник пін» деп таныстырған бір азамат шаруасына қажет заттарды алып жатып бір ауыз сөз қосады. «Меніңше, анасы бар адамдардан басқа баласы аяқтанған, ұлын – ұяға, қызын – қияға қондырып, солардың қуанышын қызықтаған адамдар да ешқашан қартаймады». Осы сөз екі-үш күн ойынан кетпей қойды. Расында, өсіп-өнген өміріне сүйініп, сүттей ұйып отырған от-басына қарап, өз алдына шаңырақ көтеріп, өмірден жолын тапқаны өмірімізді ұзар тып отыр екен-ау деп ойлапты. Полковниктің сөзінің жаны бар екен.

Сондықтан да Әбекең көп игіліктерге қол жет кізген, тағ-дырының жолын ашып, жақ-сылықтарға кенелткен Астанаға қарап күнде қуанады. Әде тіне басып ыңылдап ән салады...

Айгүл УАЙСОВА

сырттан келген мен сияқты адам-дар. Жақсы кездемеге сұраныс бар екен, екі апта өтер-өтпесте барлық матамды өткізіп, қалтамды ақшаға толтырып елге орал-дым. Байқаймын, мұндағы елдің тұрмысы жақсаратын түрі жоқ. Ақша азайып та барады. Содан не керек, енді қалған қаражатты тағы да кездемеге салып, екі елдің орта-сын жол қылдым. Тұрмысымызға жететін қаражат таптым. Бұдан

руамды дөңгелетіп жүре бердім. Балаларымның алды ержетіп, Қырғызстандағы оқуларын тамәм-дап, жаныма келді. Шүкір, жаман емеспіз. Төрт ұлдың екеуі елде қалды, екі қыз, екі ұлым жанымда.

Байлықты, ақшаны қолдың кірі дейді ғой. Уыстап тапқанмен, оның салмағы, жауапкершілігі барын білеміз. Ақша деп, адамшылықтан айырылған кезіміз жоқ. Және сауданың берекесін бұзбай, кісі

Page 9: 4 (3209) 2015-01-15

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Қазақстан жерінің аумағын тарылта беру мақсатымен Н.Хру-щев өзінің найза бойламайтын зымияндық отарлау саясатын жос-парлы түрде жүргізді.

Ол Қазақстанның солтүстігіндегі бес облысты біріктіріп, «Тың өлкесін» құрды. Бір-екі жыл өткен соң КПСС ОК плену-мында Н.Хрущев Қазақстанның солтүстігіндегі бес облысты Ресей-ге беру жөнінде ұсыныс жасады. «Тәшенов жолдас, Сіз бұған қалай қарайсыз?» дегенде, Жұмабек Ахметұлы орнынан тұрып: «Мен өзім Ақмолада туып өстім, ата-анамның, ата-бабамның жаны

осы жерде жай тапқан. Енді осы жерді бізден алып, Ресейге бергелі отырсыздар. Мұнымен ешбір қазақ келіспейді. Ойланыңыздар, жолдас тар! Мен осы мәселені кө те рудің өзіне жан-тәніммен қарсымын!» деп, үзілді-кесілді қарсы шықты. Сыртқа шыққан соң Д.Қонаев Жұмабекке: «Жүрек жұтқан батыр сың-ау, жүрегің арыстанның жүрегі-ау, тегі» депті.

Осылайша жалпы көлемі 600 мың шақырымды, яғни, ел аума-ғының бестен бір бөлігін құрайтын, республиканың тауарлық асты-ғының 89 пайызын өндіретін Тың өлкесі өзгенің иелігіне ке-тіп қалмай, Ж.Тәшеновтің қай-сарлығы мен қайраткерлігінің ар қасында өзімізде қалды.

Жұмабек Ахметұлы бұрынғы КСР Министрлер Кеңесі төрағасы қызметінен босатылып, Шым-кент облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасарлығына төмендетілді. Бейнелеп айтқанда,

билік оны облыста оқшаулап ұстап, әрбір қадамын бақылауға алды.

Ел мен жердің тұтас тығына қауіп төнгенде ел басқарғандардың еш қай сысы Жұмабек Тәшенов сияқты қайрат көрсетіп, қара бас тарын «құрбандыққа» шала алмады. Сондықтан да Жұмабек Ахметұлының есімі, халқы үшін жасаған ерлігі халық жадында мәң-гі сақталуға тиіс.

Астана қаласында Тәшеновке берілген көше бар. Соны көрген сайын «Неге бейбіт күнде ерлік көр сетіп, ел намысын, жер тұтас-тығын озбырлықтан қорғай білген қайраткер атын үлкен кө ше лердің біріне бермеске?» деген ой ма-залайды бізді. Биыл ол кісінің туғанына 100 жыл толады, осыған орай салынып жатқан шағын ау-дандар мен тұр ғын алаптардағы ұзын, кең көшеге, сондай-ақ сол маңдағы мек тепке Жұмекең атын берсе деген тілегіміз бар.

Астана қаласы Тельман кентінің ардагерлері мен

зейнеткерлері атынан: Байбол Нәкенұлы, Тұрсын

Шөкібаев, Кәрім Мусин, Ерғали Боранбаев, Алпысбай

Қазиев, Әмен Қаңтарбаев және тағы басқалар

Ол бір кітапты алып, маған ұсынды. Қарағандылық қаламгер Төлеубай Ермекбаевтың «Тұлпар-тағдыр» атты кітабы екен. Қолыма тиген кітаптың мазмұнынан қазақтың ардагерлері Бейімбет Майлин, Асқар Тоқпанов, Жайық Бектұров, Саттар Ерубаев, т.б. туралы мақалалардың барын көріп, бір қуансам, жалындап өткен жа-зушымен тетелес өскен Фарида апайды көргеніме екінші қуандым. Факеңнің өзі айтуы бойынша жас аралықтары 8-9 жас. Ағасы ту-ралы көп мәліметтер білетіндігі байқалады. Саттар бала кезінен кітапқа қатты құмартыпты. Қолына түскен газеттерді жинап алып, әжесіне қолдан кітап жасатқызатын болыпты. Оған бала Саттар есі қалмай қуанады екен. Кітапшаларын дорбаға салып, тіпті, ұйықтағанда жастығының астына басып жататын болған.

Түркістандағы Саттардың әкесі Асқардың салғызған үйінде кейін Атай деген ақсақал тұрыпты. Көкірегі ояу қария мұнда Саттар тұрғанын біліп, соның жанынан өзіне үй салып алып, о дүниелік боларының алдында балалары-на «Мына Саттардың үйінің бір кірпішін де құлатпай күтіп ұстаңдар, ол халқына Саттардай талантты ұлды берген Асқар ақсақалдан қалған бір

белгі ғой» деп өсиет қалдырыпты. Бұл әңгімені Фарида апай айтқанына он жылдан асты. Бүгін сол үй қандай жағдайда екен? Сол үйде мұражай ашса, қандай керемет болар еді.

Алғыр Саттар ауыл молдасының солқылдаған көк шыбығына көне алмай, бастауыш мектепке кетіп, одан кейін жетіжылдық орыс мектебін бітіріп шығады. 1930 жылы Саттардың белсенді комсомол мүшесі зейінді жас екені ескеріліп, Қазақстан Оқу комиссариатының арнайы жол да масымен Ленин-град уни вер ситетіне оқуға түседі. Осы бе делді оқу ордасын 20 жасқа қараған шағында қызыл дипломмен бітіріп шығады. Өрімдей жас кезінде Ресейдің үлкен уни верситетінің аспирантура сына түседі. Аспиран-турада бір жыл оқығаннан кейін Оқу комиссариатының шақыруымен, оның үстіне денсаулығы сыр бере бастаған соң Алматыға оралады. Мұнда жастар газетінде істеп жү ріп өзінің қарымды журналист екенін танытады. Онымен қоса жоғары оқу орындарында дәріс береді. Сол кез-де Қазақстан жазушылар одағының бірінші съезін дайындап өткізуге белсене қатысады. Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданады. Осы қысқа ғұмырында көптеген новеллалар, очерктер, өлеңдер, фельетондар жазып үлгереді. Оның

атақты шығармасы – «Менің құрдастарым»жастардың сүйіп оқитын романына айналды. Сондай-ақ, В.Маяковский, К.Чуковский, И. Эренбург, жапон жазушысы Ф. Сейкици, т.б. шығармаларды қазақшаға аударды. 1966 жылы С.Ерубаев Ленин комсомолының, ал 1968 жылы Н.Островский атындағы сыйлықтардың иегері болды.

Ол кісінің аз уақытта халқы үшін атқарған істері ұшан-теңіз. Оны бір мақаланың көлемінде айтып шығу мүмкін емес. Саттар ағамыз «Менің құрдастарым» романының «Мәңгілік өмір туралы жыр» атты увертюрасында былай деген екен:

Менің қаным миллионныңтамырында ағады,

Бір жүрегім миллионның жүрегі боп соғады

Ендеше мен мәңгі жасап, өшпеймін де өлмеймін

Еш уақытта жоғалмаймын, тозбаймын да сөнбеймін!

Осы шумақтарының өзі ол кісінің кім екендігін көрсетіп тұр. Оның өнегелі өмірін, шығармаларын насихаттау жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге игі әсерін тигізері сөзсіз.

Еркін ДӘУЕШҰЛЫ, ардагер- ұстаз

Page 10: 4 (3209) 2015-01-15

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Міне, осы кезеңнен қазақ халқының тыныс-тіршілігі, өмірлік ұстанымы Ислам дінінің құндылықтарына негізделе бастады.

Қ а з а қ х а л қ ы н ы ң Х а қ д і н д і қарусыз қабылдап, болмысына негіздеуінің басты себебі – түркі та-нымына және салт-санасына Ислам құндылықтарының үйлесімдік табу-ында еді. Бұл тұрғыда қарапайым ғана күнделікті тіршілігімізде кездесетін сәлемдесу, үйден шығарда оң аяқпен шығу, науқастың көңілін сұрай бару, туған-туыс арасындағы қарым-қатынас, ата-анаға құрмет көрсету, көрші ақысы сынды көптеген жайт-тарды тізбектеп атауға болады.

Салт-дәстүр тәрбиелік құрал ретінде ұрпақтан-ұрпаққа отбасылық институт арқылы беріліп отырды. Дәстүр мен дін біте қайнасқан десек, қателеспейміз. Оған мысал көп. Мәселен, беташар мен келіннің сәлем салуы. Азан шақырып ат қою мен сүндет той, тасаттық беру, т.б.

Беташар жайлы айтсақ, шариғатта «Некені жария етіңдер. Неке-де дағара соғыңдар» (Барабанға ұқсас музыкалық аспап), «Некеде халал мен харамның арасын бөліп тұрушы дағара және дауыс» деген хадистер бар. Осы мағыналас ха-дистер қазақтың беташарына негіз болған. Бұл дәстүр бойынша дом-бырамен жаңа түскен келінге на-сихат айтылып, қайын жұртының әрқайсысының атын атап, түсін түстеп сәлем бергізеді. Бір сөзбен айтқанда, пайғамбар хадисіне амал етіп, екі жастың некелескенін ағайын-туысқа жар салып жеткізеді.

Ал, енді, келіннің сәлем салу дәстүріне келсек. Бұл салт-дәстүрге дін ұстанып, бірақ жат ағымның сөзіне құлақ асқан кейбір жастар Алла тағалаға серік қосу деп шошына қарайды. Бұл – құрмет пен құлшылық арасын ажырата алмағандық. Келіннің бас июін сәжде жасау-мен теңестіру жөнсіз. Яқұб (ғ.с.) пайғамбар жоғалған ұлы Жүсіпті (ғ.с.) Мысыр еліне іздеп келіп, қауышқан сәті Құранда былайша баяндалады: «Әке-шешесін таққа көтерді. Барлығы оған сәждеге жығылды» («Юсуп» сүресі, 100-аят). Яғни, барлығы Жүсіпке (ғ.с.) құрмет етіп, бас иді. Олай болса, Яқұб (ғ.с.) пайғамбар да Жаратушыға серік қосқаны ма?

Е к і н ш і д е н , б ұ л и г і д ә с т ү р пайғамбар хадисіне сай келеді. Мұсылманшылықта әйел баласы

бөгде ер кісімен қол беріп аманда-са алмайды. Айша (р.а.) анамыз: «Алла елшісі (с.ғ.с.) еш уақытта бөтен әйелдің қолын ұстамаған» дейді. Иә, дінімізде ар тазалығы биік бағаланады. Келіннің бас иіп сәлем салуы – осы хадистердің дәстүрмен сабақтасқан көрінісі.

Араб халқының Исламға дейінгі кейбір дәстүрлері дін келген соң да жалғасын тапты. Мәселен, дүниеге сәби келгенде ата-анасының Жаратушыға шүкіршілік ретінде құрбан шалуы. Мұны, ақиқа деп атайды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) атасы Әбдімүтәліб немересінің атынан ақиқа шалғандығы та-р и х к і т а п т а р ы н д а ж а з ы л ғ а н . Арабтың бұл дәстүрі дінге керағар болмағандықтан, мұсылманшылық келген соң да жалғасын тапты. Демек, діннің басты қағидаттарына қайшы келмейтін жергілікті дәстүрлерге шариғат тыйым салмайды.

Салт-дәстүрдің маңыздылығына

қатысты мына бір деректі келтіре кетсек. Имам Шафиғи мәзһабқа қатысты еңбегін бірінші Ирақта жа-зады. Бірақ, Мысыр еліне келген соң, жергілікті халықтың қажеттілігіне сай, сол елдің салт-дәстүрлерімен санаса отырып, еңбегін қайта жазып шығады. Тіпті, осыдан кейін ол кісінің еңбегіне ескі мәзһаб кітабы және жаңа мәзһаб кітабы деген атаулар да берілген (Абдулуаһһаб Халлаф, «Фиқһ негіздері» кітабы).

Дәстүрдің туындау мақсаты мен оның тәрбиелік және басқа да мәні көпшілікке белгісіз болғандықтан с ы н ғ а ұ ш ы р а у ы з а ң д ы л ы қ . Сондықтан дәстүрлерді шартты түрде үшке бөлуге болады.

Бірінші. Діннен туған дәстүрлер. Қазақ көптеген діни амалдарды дәстүр еткен. Соның арқасында, дінге тыйым етілген заманда дәстүр арқылы дінін сақтай білген. Мәселен, көрісу салты. Бұл қыс маусымынан шыққан уақытта арадағы үзілген қарым-қатынасты жалғау үшін орындалатын дәстүр. Бұл дініміздің туыстық қарым-қатынасты берік ұстау қағидасына сай келеді. Сондай-ақ, азан шақырып ат қою, сүндет той, тасаттық беру, неке қию, жетім-жесірге қамқор болу, т.б.

Екінші . Дінге қайшы емес дәстүрлер. Мәселен, сырға салу, шілдехана, тоқымқағар секілді. Пайғамбар заманында Ислам дініне дейін араб халқының арасында орын-далып келген салт-дәстүрлердің Исламға қайшы келмейтіндерін әрі

қарай жалғастыруға үндеді. Сол себепті, салт-дәстүрдің шығу тарихы мен орындалу мақсатына мұқият зер салған жөн.

Үшінші. Дінге жат дәстүрлер. Бүгінде жастар арасында неше түрлі негізсіз мерекелер тойланып, үрдіске айналып жүр. Бұған той-жиынды өткізу барысында ысырапшылыққа жол беру, мазар мәдениетінің әрқилылығын қосыңыз.

«Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген қағиданы ұстанған қазақ кешірім сұрап келгендерді, ердің құны болса да кешірген. Өз кезегінде әз пайғамбарымыз: «Кісі жазықты болса да, жазықсыз болса да алды-на кешірім сұрап келген мұсылман бауырының кінәсін кешсін. Егер олай етпесе (ақыретте) менің қ а с ы м а к е л е а л м а й д ы » д е п ескертеді.

Кісі ақысы ше? «Біреудің ақысын жеме», «Ешкімнің ала жібін ат-тама», «Аманатқа қиянат жаса-ма» деген қазақтың қағидаттарына қаншалықты мән беріп жүрміз? Пайғамбар өсиетінде: «Кімде-кім мұсылман бауырының өзіне неме-се бір затына жасаған қиянаты бар болса, динарлар мен дирхам-дар табылмайтын күн (ақырет күні) келмей тұрып, одан кешірім сұрасын. Әйтпесе, егер жақсы ама-лы бар болса, жасаған қиянатының мөлшерінде оның са уабынан алы-нып жәбірленген адамға беріледі. Егер жақсы амалы жоқ болса,

жәбірленушінің күнәлары оның мой-нына жүктеледі» деген (Хадисті Имам Бұхари риуаят еткен).

Сондай-ақ, мұсылман баласына тән қасиеттер – уәдеде тұру, қарызын уақытылы қайтару, аманатқа қиянат етпеу. Бұл да біздің өмір салтымыз-да айрықша орны бар қасиеттер. «Сіздердің ең қайырлыларың – қарызын төлеген адам» деген пайғамбарымыздың үндеуін өмірлік қағидаға айналдырған халқымыз «Қарыз, қарызды беру – парыз», – деген. Ал, бүгінгі таңда қарыз алған адам емес, керісінше берген адам өзі қуыстанып, сұрауға ұялып жүреді. Өзі берер деп күтеді. Бірақ, оған алған адам асықсын ба?! Тіпті, реті келіп жатса, қайтармай қалуға тырысады. Бірақ, бұл да кісі ақысы емес пе? Қарызды қайтармай, Құдайдың құзырына қалай бармақпыз. Сонда біз ақшамен есептесе алмайтын ақырет күнінде сауабымызбен есеп-тесуге дайынбыз ба? Бұл да бізге ортақ дерт.

Дәстүр – дін мен ұлт тұтастығын қамтамасыз ететін құрал. Ұлт бол-мысын оның руханиятымен байлап тұрған дәстүрді жіті зерттеу кезек күттірмес мәселеге айналды. Бұл тақырып жастардың ұлтжандылық және рухани тәрбиесіне оң ықпалын тигізетіні сөзсіз. Ол үшін дәстүрді Ислам, тарих, мәдениет, этнография және әлеумет тұрғысынан зерттеу қажеттілігі туындап отыр. Себебі, кейбір дәстүрлер ұмытылып, ал бағзылары бағыты бұрмаланып дұрыс қолданылмай келеді.

Бұл тұрғыда Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет 2014 жылды «Дін мен дәстүр жылы» деп жариялап, сондай-ақ, «Дін мен

Дәстүр» атты кітабы өз уақытында ел игілігіне ұсынылған құнды еңбек болды. Бүгінгі таңда зиялы қауым тарапынан қызу қолдауға ие болған аталмыш еңбек – дін мен дәстүрдің сабақтастығына сызат түсіргісі келетін алып-қашпа пікірлер мен қарама-қайшы көзқарастарға ғылыми тұрғыда тойтарыс берді.

Әу бастан-ақ, қазақтың ақидасы да айқын еді. Өткендеріміз діни жоралғылар мен құлшылықтарын Ханафи мәзһабы мен Матуриди ақидасына сай орындап, өмірлік ұстанымына айналдыра білген. Бүгінде көпшіліктің көңіліне к ү д і к ұ я л а т ы п , с е н і м і м і з д і сергелдеңге салғысы келетіндер бар. Тіршілігіміздегі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды ширкке шығарып, бидғатқа балайтындар бар. Жаратқанға жисм (дене) беріп, өз қиялдарымен суреттеуге тырыса-тындар да бар.

Қазақтың Құдайға деген сенімін Мәшһүр Жүсіп бабамыз былайша жырлайды:

Сипаты сегіз болған, бірі – кәләм,Сөйлейді құдыретімен Алла тағалам.Сөйлеуі біздей тілмен, жақпен емес,Тіл, жаққа мұқтаж емес секілді адам.Алды-арты, асты-үсті, оң-солы жоқ,Ауыз, мұрын, аяқ, бас, көз, қолы жоқ.Еш нәрсе ұқсамайды, Ол еш нәрсеге,Кітаптың айтқанынан ойлама көп.(Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, көп

томдық шығармалар жинағы, Алма-ты – 2003 ж.)

«Кітаптың айтқанынан ойла-ма көп» деп Құрандағы ақидаға қатысты Алланың аятын меңзеп тұр емес пе?!

Біз Алла тағаланың сипаттарын сол күйінде қабылдаймыз. Бұл бүгінгі діндарлардың дабылы емес, сондай-ақ, ашқан жаңалығы да емес. Біздің бабаларымыз, әһлі-сүнна уәл жамағаттың сеніміне сай дінін насихаттаған.

И м а м Т а х а у и а қ и д а с ы н д а : «Алла шекаралардан, шектер-ден, тіректерден, мүшелерден, қ ұ р а л д а р д а н а с қ а қ . О н ы жаратылған нәрселерге тән алты тарап қамтымайды» делінген. Мұны Мәшһүр Жүсіп бабамыз қазаққа түсінікті тілде жырлады. Ол кездері халық ауыз әдебиеті арқылы қазақтың қаншама жыр-толғаулары мен дастандары ауыздан-ауызға жатталып тарағандығын жақсы білесіздер. Міне, соны жақсы ұғынған Мәшһүр Жүсіп бабамыз мұсылманның ақидасын қазаққа түсінікті етіп, жанына жақын етіп, өлең шумақтарымен жеткізуге ты-рысты. Бұл да дәстүрдің пайдасы емес пе?!

Б і з – а қ и д а с ы а н ы қ , мұсылманшылығы мығым, дінді дәстүріне айналдыра білген елдің ұрпағымыз. Сондықтан болмысы-мызбен біте қайнасып жатқан ата дінімізді ардақтай білейік. Ислам дінімен сабақтасып жатқан салт-дәстүрімізді насихаттай білейік. Өйткені, оның артында – дәстүрлі Ислам дінінің насихаты жатыр. Ал, енді салт-дәстүрімізге жорық жариялағандар қазақты ата дінінен алшақтатуға тырысып жатқанын ұмытпағаны жөн.

Төлеби ОСПАН,«Нұр Астана» орталық

мешітінің наиб имамы

yvisi

on.kz

Page 11: 4 (3209) 2015-01-15

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

244-060 244-061

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

11.12.2014

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Респуб-ликасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Астана қаласының әлеуметтік маңызды қатынастарының тізбесін бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 маусымдағы № 27/4-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 19 маусымда 728 нөмір-мен тіркелген, 2012 жылғы 21 маусымда № 68 «Астана ақшамы» және № 73 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Ас та на қаласының әлеуметтік маңызды қаты настарының тізбесінде:

8-тармақ алынып тасталсын.2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен

кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа ен-гізіледі.

Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы З. Шибкенов Астана қаласы мәслихатының хатшысы С. Есілов

1. Қала аумағын ашу бойынша жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 2 бірлік). Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланы-сты 64 063-тен 86 485 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Қала аумағын ашу бойынша жұмыстарды жүргізуге рұқсат үзіндісінің көшірмелерін және келісім құжаттарының сәйкестігін тексереді. Бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік шараларды қолдану үшін тиісті құжаттарды дайындайды, өзі жетекшілік ететін шекарадағы учаскелерді қолданыстағы заңдарға сәйкес зерттеуді ұйымдастырады. Берілген рұқсатқа сәйкес, жұмыс жүргізу бойынша анықталған бұзушылықтарға жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін, арыздарын, өтініштерін уақтылы қарайды. Бұзушылықтарға қатысты әкімшілік шара қолдану үшін тиісті органдарға материалдар ұсынады. Тиісті қалалық қызметтерге қазу бойынша ақпаратты дайындау. Жоғары тұрған органдардың және басшылықтың тапсырмаларын уақтылы орындайды.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім: Техникалық ғылымдар және технология, қызмет көрсету.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес об-лыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда техникалық ғылымдар және технология, қызмет көрсету саласындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

2. Бақылау және құжатайналым бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік), (негізгі қызметшінің бала күту демалысында болу кезеңіне). Лауазымдық еңбекақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 64 063-тен 86 485 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Іс жүргізу бойынша Нұсқаулық талаптарына сәйкес іс құжаттарын жүргізеді. Құжаттарды таратуды және жеткізуді, сақтауды, есепке алуды, тіркеуді, алдын-ала қарауды, бірінші кезекті дайын-дауды жүзеге асырады. Келіп түскеннен бастап, шығыс хат-хабарларды тіркеуді, сонымен қатар хат-хабарларды сапалы сканерлеуді жүзеге асырады. Номенклатура бойынша шығыс хат-хабарларды тіркейді. Құжаттардың біркелкі реттелуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңына сәйкес құжаттардың орындалу уақыты бойынша бақылауды жүзеге асырады. Құндылықтарды сараптауды және сақтауды жүзеге асырады, мемлекеттік сақтауға берілетін құжаттарды сараптау-ды жүзеге асырады. Құжаттарды басқару және құжаттандыру бойынша нормативтік-әдістемелік және іс жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты дайындайды. Іс номенклатурасының сақталуын және оны пайдалануды қамтамасыз етеді, іс номенклатура-сын дайындайды. Істерді мұрағатқа дайындау және өткізуде

Басқарманың құрылымдық бөлімшелеріне түсіндіру көмегін көрсетеді. Астана қаласының әкімдігіне азаматтардың жаз-баша өтініштерімен жұмыс жүргізу бойынша есепті уақтылы дайындайды. Мұрағат жұмысы жөнінде есепті тапсыру үшін деректерді дайындайды.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім: Білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технология.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технология саласындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

3. Персоналды басқару қызметінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық еңбекақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 64 063-тен 86 485 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Аудармаларды редак-циялау, терминдерді бірыңғайлау, аударма тақырыбы бойынша түсініктер мен анықтамаларды жетілдіру. Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасымен өзара әрекетті жүзеге асыру, мемлекеттік тілді енгізу бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде есептер дайындау.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім: Білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, техникалық ғылымдар және технология саласындағы жоғары білім.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, техникалық ғылымдар және технология саласындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

4. Пайдалануға берілетін объектілерді қабылдауды бақылау және қала құрылысы кадастры бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық еңбекақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 64 063 -тен 86 485 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Келіп түскен сұрақтарға жауап дайындау сонымен қатар, орынға барумен жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін, арыздарын, жазбаша өтініштерін қарайды. Қолданыстағы ғимараттар жайларының бөлек бөліктерін қайта жоспарлау және қайта жабдықтау бойынша әлеуметтік мәдени тұрмыстық және тұрғын нысан-дарын пайдалануға беруді енгіздірілген және енгізу жөніндегі мониторингін жүргізеді. Пайдалануға берілетін нысандардың біткен құрылысын қабылдау туралы мемлекеттік және жұмысшы комиссиясы актілерін ресімдейді. Астана қаласының Алматы

ауданы бойынша тұрғын және тұрғын емес жайларды қайта жоспарлауға және қайта жабдықтауға рұқсат беруді дайындау. Статистикалық есепті дайындайды.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім: Өнер, техникалық ғылымдар және технология, қызмет көрсету.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес об-лыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда өнер, техникалық ғылымдар және технология, қызмет көрсету саласындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және кон-курс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру БАҚ-та («Вечерняя Астана» және «Астана ақшамы») соңғы жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Аста-на қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, М. Әуезов көшесі, 6, 3 қабат, 301/2 кабинет) қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшы-сымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефонда-рына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Үміткерлермен әңгімелесу «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, М. Әуезов көшесі, 6, 3 қабат, 301/2 каби-нет) әңгімелесуге шақырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі масли-хат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персо-налды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павло-дар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

D-O-4 cанаты үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Астана қалалық ардагерлер кеңесі Ұлы Отан соғысы ардагері Толысбек Смаиловтың

қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек,

әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Аста-на қаласы бойынша департаменті» – республикалық мемлекеттік мекемесі 20-14-62 сенім телефоны жұмыс істейтінін және 010000, Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 16-үй мекенжайында орналасқанын жеке және заңды тұлғалардың қаперіне салады.

Page 12: 4 (3209) 2015-01-15

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Ол з а м а н а у и б е й н е -леу өнеріне бей-жай қ а р а й а л м а й т ы н жұртшылықтың, жал-

пы, сұңғат әуесқойларының үлкен қызығушылығын тудырып отыр.

Кескіндемеші, суретші, Ресей Суретшілер одағының мүшесі, Санкт-Петербор Заманауи өнер академиясының мүшесі Латиф Қазбеков - әлемдік көркемсурет кеңістігінде өзіндік қолтаңбасы бар қылқалам шебері. Ол осы күнге дейін жиырмадан аса жеке көрмесін ұйымдастырып, бейне мен табиғат тылсымын үйлестірудің шебері ретінде танылған. Осындай нәзік иірімдерімен ерекшеленетін оның туындыларында көбінесе шығыс, орыс және батыс еуропа мәдениетінің үрдістері ұтымды ұштасып жатады. Суретші өзінің шығармашылығын балаларға арналған кітаптарға иллюстрация салудан бастап, әлем халықтарының ертегілері мен өлеңдеріне жан

бітірген еді. Сөйтіп, өскелең ұрпақтың кітапқа қызығушылық сезімін оятып, ақ пен қараның, жақсылық пен жамандықтың ара-жігін ажырата білуге тәлімдеді.

Алексей Талащук - кескіндемеші, эмальшы, Ресей Көркемөнер академиясының академигі, Халық суретшісі, профессор. Бейнелеу өнерінің әр алуан жанрына ара-ласып, белсене еңбек етіп жүрген суретшінің кескіндемелері, аква-рельмен, эмальмен өрнектеген ш ы ғ а р м а л а р ы , с о н д а й - а қ монументалдық туындылары өнер сүйер қауымға кеңінен мәлім. Көрмеде оның уақыт жағынан ұзақ жасалған – 20 жылдан аса мерзім ішінде орындаған жұмыстары қойылған. Нақты бір көркем ой айтып, мазмұны терең пікір қалыптастыру үшін суретші бейне-леу өнерінің оң жамбасқа келер бір түрін таңдап алады, алайда түстік ыңғайдағы нақыштары өз идеясын жеткізудің қызыл өзегі болып қала

береді. Олар эмальмен жасалған қолтумалары декоративті пішім иеленсе, акварель қолданылған шығармаларының сыр шырайы астасып, себезгілене сәуле шашып тұрады, ал, майлы бояу жұққан туындылары бейнелі бедерімен адамның сезім ауанын самиян самалдай желпіп, көңіл көкжиегін кеңейте түскендей көрінеді. Жиыр-масыншы ғасырдағы орыс бейнелеу өнерінің дәстүрінен бұйда үзбеген Талащук өз шығармалары арқылы ел ішіндегі мәдени уақиғаларды електен өткізе отырып, олардың ізгі арналарын қалыптастыру қарым салуға құштарлығын да аңғартады.

Айтпақшы, сезім сергітіп, көңіл көкжиегін кеңейте түсетін осынау көрме 28 қаңтарға дейін жалғасады.

Зина ШАДАЕВА, ҚР Ұлттық музейі Ақпараттық-

имидждік жұмыстар орталығының редакторы

Тұтас залдың ішіндегі тұтам жерді жалғыз ж а й л а ғ а н к а р т и -на авторы – жас

суретшінің мұндай «тосын мінезінде» үлкен мән бар. Анар өткен желтоқсан айында Парижде өткен «EUROPA ARTE» биеналлесінің ал-тын медалін тағып қайтты. Е г е р о н д а й м ә р т е б е л і байқауды өткізуге себепкер болған Халықаралық өнер комитетінің құрамына жи-вопись ағымдарын жіліктеп шағатын өнертанушылар мен тісқақты сыншылар кіретінін, олар әлемнің 100 елінен бір ғана қатысушыдан іріктеп алуға құзіреті жүргенін ескер-сек, марапаттың бағасы қандайлық екенін аңғаруға болады-ау.

Шын бейнелеу өнерінің б е д е л і н п л а к а т и з м п а й -д а л а н ы п к е т і п ж а т қ а н парықсыз заманда ізденістен ж а л ы қ п а ғ а н ж а н д а р д ы ң елеп-ескерілгені жақсы. Анар биыл Париждегі олжа-сына қоса ҚР Президентінің мемлекеттік степендиясының иегері, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты ата-ныпты.

Ендеше, шетел барып, ше-девр танылған қолтуманы неге өз халқымнан жасырып-жауып қаламын деген өнер адамының ақжүрек пейілін түсінген көрермен ақ ұлпа қарға ма-лынып, «Қысқы серуенді» тамашалап қайтатындай жөні бар. Көрме 25 қаңтарға дейін жалғасады.

Әділ АЛАШ