22
Пән бойынша бағдарламасының (SYLLABUS) титул парағы Нысан ПМУ ҰС Н 7.18.4/19 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы MF-HIM 5203 Материалдарды физика – химиялық зерттеу әдістері ПӘНІ БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)

MF-HIM 5203 Материалдарды физика – химиялық ...psu.kz/arm/upload/umk_pdf/173798.pdf · 2015-12-16 · массасы, кг/м3, г/см3 ... скипидар

  • Upload
    others

  • View
    40

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Пән бойыншабағдарламасының

(SYLLABUS) титул парағы

НысанПМУ ҰС Н 7.18.4/19

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттаукафедрасы

MF-HIM 5203 Материалдарды физика – химиялық зерттеу әдістері

ПӘНІ БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)

Павлодар, 2013Пән бойынша

бағдарламасын(Syllabus) бекіту

парағы

НысанПМУ ҰС Н 7.18.4/19

БЕКІТЕМІН Сәулет-құрылыс факультетінің

деканы _________ Күдерин

М.Қ. 20___ ж.

«___»_________

Құрастырушы: т.ғ.к., доцент Б.Ч. Кудрышова __________

Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттаукафедрасы

6М073000 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларынөндіру» мамандығының магистранттарына арналған

MF-HIM 5203 Материалдарды физика – химиялық зерттеу әдістеріПӘНІ БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Бағдарлама 20___ ж. «____»__________ бекітілген жұмыс оқубағдарламасының негізінде әзірленген.

20___ ж. «___»___________ кафедра отырысында ұсынылған. Хаттама № _____

Кафедра меңгерушісі _____________ В.Т. Станевич«___»_________20___ ж.

Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесіменқұпталған

20___ ж. «___»_____________ хаттама №_____.

ОӘК төрайымы _______________ Г.А. Жукенова«___»___________20___ ж.

1. Оқу пәнінің төлқұжаты Материалдарды физика – химиялық зерттеу әдістері пәніКредит саны және оқу мерзіміБарлығы – 4 кредитКурс: 1Семестр: 1Барлық аудиториялық сағат саны – 60 сағат Дәріс – 30 сағатПрактикалық сабақ – 30 сағат МӨЖ – 120 сағатсоның ішінде МОӨЖ – 30 сағатЖалпы еңбек сыйымдылығы – 180 сағатБақылау түрі:Қорытынды бақылау түрі: емтихан – 1 семестр.

Пререквизиттер Осы пәнді меңгеру үшін қажетті пәндерді, меңгеру тізімі жұмыс оқу жоспарыбойынша. Берілген пән бірінші жыл үшін стандарттқа сәйкес қарастырылғанпәндермен қатар оқылады, физика, химия, құрылыс материалдары бойыншабілім қажет. ПостреквизиттерМамандықтын оқу жоспарымен қарастырылған барлық пәндерді оқу кезінде,пәнді оқу кезінде алынған білім, зейін мен дағды білім алуға жауапты қарауғамүмкіндік береді. Материалдар туралы объективті берілгендерді алу үшінаспаптар және қазіргі заманғы әдістерқолдануын білу.

2 Оқытушы туралы мәлімет және байланысуақпараттары:

Кудрышова Баян Чакеновна «Құрылыс материалдарынөндіру және стандарттау» кафедрасының т.ғ.к., доценті. «Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау»

кафедрасы С.Торайғыров атындағы ПМУ Д-302корпусында орналасқан, тел. 8(7182)67-36-59 (12-33қосымша), e-mail [email protected].

Сабақтарды өткізу орны мен уақыты – аудиториялықсабақтар, межелік бақылау және емтихандық сессиябекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

3 Нысан, мақсат пен міндетПән нысаны: «Материалдарды физика – химиялық зерттеу әдістері» пәні «Құрылыс

материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығыбойынша магистранттарды оқыту жоспарының арнайы мамандық үшінтаңдау бойынша компонентіне жатады.

Пәннің мақсаты

«Материалдарды физика-химиялық зерттеу әдістері» пәнінің мақсаты –материалдар қасиеттерінің нақты көрсеткіштерін алу әдістеріменмагистранттарды таныстыру және әр түрлі аспаптардың метрологиялыққамтамасыз етілуін қолданып олардың құрылымдық сипаттамаларды зерттеу. Пәннің міндеттері

Мамандар дайындағанда келесі талаптар қойылады:Білім стандартының талабына сәйкес пәнді оқып меңгеудің

нәтижесінде магистрантар білу керек: - құрылымды анықтайтын ішкі байланыс күштер туралы;- бастапқы материалдар (байланыстырғыш, инертті материалдар,

қоспалар) туралы. Осы материалдар негізінде конгломераттық материалдаржобаланады;

- құрылыс материалдар туралы. Берілген пәнді оқу нәтижесінде магистранттар білу керек: Істей білу керек:- бастапқы материалдардың сапасын анықтаудың қазіргі

әдістемелерін қолдану. Конгломераттық жүйелердің құрамын әр түрліәдістемелер бойынша анықтау;

- қасиеттердің талап етілетін көрсеткіштермен материалдыңқалыптау процесін және қоспалардың қасиеттерін анықтай отырып, бетонқоспасына әсер ету құралдармен және әдістермен баға беру.

Тәжірибелік дағдыландыру:- қиратушы және қиратпайтын бақылау әдістерін қолданып

бетонның беріктігін анықтау;- қазіргі әдістерді қолданып өндірістің барлық кезеңдерінде жүйеде

болатын макро және микропроцестерді оқу;- зерттелетін қасиеттер бойынша нақты мәліметтерді анықтау

кезінде математикалық статистика әдістерін қолдану.Бұл магистранттарды ақпаратты өздігінен жинақтауға, құрылыс

материалдарын алу процесіндегі бақылау әдістер мен құралдары және дайынөнімдердің сапасы туралы өзінің ой-өрісін кеңейтуге және тоолықтыруғаитермелейді.

4 Білім, іскерлік, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар Осы пәнді игеру нәтижесінде магистранттар:- әр түрлі материалдарды физика – химиялық зерттеу әдістері және

ғылыми зерттеу негіздері бойынша түсінігі болу керек;- физика – химиялық зерттеудің жалпы және жеке әдістерін білу керек. білу керек:- бастапқы материалдардың сапасын анықтаудың қазіргі

әдістемелерін қолдану. Конгломераттық жүйелердің құрамын әртүрліәдістемелер бойынша анықтау;

- табиғи-климаттық, экологиялық, экономикалық факторлардыңәсерін;

- қасиеттердің талап етілетін көрсеткіштермен материалдың қалыптаупроцесін және қоспалардың қасиеттерін анықтай отырып, бетон қоспасынаәсер ету құралдармен және әдістермен баға беру.

орындай алуы керек:- бастапқы материалдардың сапасын анықтаудың қазіргі

әдістемелерін қолдану. Конгломераттық жүйелердің құрамын әртүрліәдістемелер бойынша анықтау;

- қасиеттердің талап етілетін көрсеткіштермен материалдыңқалыптау процесін және қоспалардың қасиеттерін анықтай отырып,қоспасына әсер ету құралдармен және әдістермен баға беру.

тәжірибелік дағдылану:- құрылыс материалдар мен бұйымдар өндірісіндегі

технологиясындағы физика-химиялық зерттеу қызметті ұйымдастырунегіздері;

- әртүрлі құрылыс материалдар мен бұйымдардың қасиеттерінбағалау әдістемесі.

білікті болу керек:- әртүрлі материалдар мен бұйымдарын өндірісінде жұмсалатын

материалдардың физикалық және химиялық қасиеттерін және олардыңталаптарына сәйкестігін; дайындау әдістерін, тасымалдау және шикізатматериалдары мен алынған өнемді сақтаудың экономикалық жағдайдарын;бетон мен темірбетон және конструкцияларды өндіру технологиясынабайланысты әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды меңгеруі қажет;

- физика – химиялық зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық есептерді дайындау, зерттеу тақырыбы бойынша ақпараттыжүйелеуде, талдауда және жинақтауда. 5. Пәнді оқытудың пәндік жоспары

Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу

№р/с

Тақырыптардың атауы

Аудитория-лық

сабақтар

МӨЖ

дәріс тәж. бар-лығы

МОӨЖ

1 2 3 4 5 6

1

Кіріспе. Әр түрлі материалдарды физика– химиялық зерттеу әдістері. Қолдану жағдайына байланысты бұйымдардың классификациясы

2 2 10 2

2Құырылымдық сипаттамаларды және құрылыс материалдрың негізгі қасиеттерін анықтау

4 4 10 3

3 «Сулы ерітінді – су» шекарасында беттік 4 4 10 3

керілу дәрежесінің шамасына беттік белсенді заттардың әсер етуін анықтау және байланыстырғыш заттардың қасиеттерін анықтау әдістері мен метрологялық негіздері

4

Бетондарға және басқа құрылыс материалдарына арналған толтырғыштар туралы мәліметтерді алу әдістері. Ерітінді және бетон қоспаларының қасиеттерін анықтаудың реологиялық әдістері

4 4 10 4

5

Конгломераттық жүйелердің құрамын жобалау әдістері. Бос деформациялардың шамасын өлшеу. Бетон қасиеттерінің, ұсақ материалдардың механикалық және құрылымдық көрсеткіштерін анықтау

4 4 20 6

6

Термиялық талдау. Материалдар қасиеттерінің жылутехникалық көрсеткіштері және материалдың құрылымымен олардың байланысы.

4 4 20 4

7

Құрылыс материалдардың және конструкциялардың механикалық қасиеттерін қиратпайтын әдістермен бақылау және анықтау

4 4 20 4

8Құрылыс материалдардың кеуекті құрылымын және бетін зерттеу әдістері

4 4 20 4

Барлығы: 180, (4кредит)30 30 120 30

6. Дәріс сабақтарының мазмұны1 Тақырып Кіріспе. Әр түрлі материалдардың физика-химиялық

зерттеу әдістері. Қолдану жағдайына байланысты бұйымдардыңклассификациясы

Жоспар 1 Әр түрлі материалдардың физика – химиялық зерттеу әдістері.2 Қолдану жағдайына байланысты бұйымдардың классификациясы

1 Физикалық қасиеттер.а) Нағыз тығыздық (ρ) – абсолютті тығыз қалпындағы материалдардың

бірлік көлеміндегі масса, г/см3, кг/м3

б) Орташа тығыздық – табиғи қалпындағы материалдың кеуегі,жарығы, қуысы қосылып есептелінген бір өлшем көлеміндегі материалдыңмассасы, кг/м3, г/см3

Орташа тығыздықты дұрыс немесе дұрыс емес пішінді материал үлгісіарқылы анықтайды (куб, призма немесе материалдың түйіршік, кесексынығы).

в) Сусымалы материалдың салулық тығыздығы (ρс) – салынғанқалпындағы материалдың массаның оның көлеміне қатынасы, кг/м3

Материалдың кеуектігі (К) – оның көлемінің кеуекпен толтырылғандәрежесі, пайызбен %:

Кеуектер деп сумен немесе ауамен толтырылған ұя тәрізді майдақуыстар торын айтады. (мрамор, базальт К=0,2-0,8%; керамзит, газдыбетон,минералдық мақта К=60-98%.

а) Ашық кеуектілік – су сіңіретін кеуектер (қуыстар) көлемдерініңқосындысының материалдардың жалпы көлеміне қатынасы (Ка)

б) Жабық кеуектер – (закрытая пористость характеризует объемзакрытых пор в объеме материала)

Материалдардың химиялық қасиеттеріМатериалдың химиялық қасиеті оның айналадағы заттармен химиялық

әрекеттесу қабілетін немесе оны қоршап тұрған ортадағы заттар инерттіболған жағдайда, өзінің қасиетін және структурасын сақтай алу қабілетінсипаттайды.

Ерігіштік – заттардың белгілі бір ортада молекулалық және иондықдисперсиялар құру қабілеті. Минералдық заттар үшін – су, бензин, спирт,скипидар және т.б. заттардың ерігіштік өлшемі ретінде олардың қаныққанерітіндідегі граммлитрмен өлшенетін концентрациясы.

Адгезия – бір материалдың басқа материал бетіне жабысу қасиеті. Екітүрлі материалдың адгезиясы олардың табиғатына, түйіршіктерінің пішінінежәне бетінің қалпына, бір-біріне тиісу жағдайына және т.б. факторларғабайланысты болады.

Сорбция – екі фазаның аралық жиегінде заттың концентрациясыныңөзгеруін сипаттайды.

Адсорбция – көмірдің және басқа өатты немесе сұйық заттардың өзбеттеріне буды, газды және еріген заттарды ұстау қабілетін айтады.

Ұсынылатын әдебиет: [1-7].2 Тақырып Құрылымдық сипаттамаларды және құрылыс

материалдардың негізгі қасиеттерін анықтауЖоспар 1 Құрылымдық сипаттамалары2 Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттеріБетонды араласпа деп қатаймаған кездегі су қосқан, бетонтану деп

бетондардың құрылымы мен қасиеттері жөніндегі қолданбалы ғылымдыайтады. Бетондардың құрамы, құрылымы мен қасиеттері арасындағыбайланысты тану материалдық, химиялық құрылымды үйлестіру менқұрылымға ықпал ететін сыртқы әсерлер арқылы белгілі бетонның сапасын

жақсартуға емес керісінше ерекше қасиеті бар принципті жаңа бетон жасауғамүмкіншілік туғызады.

Ц + Су = цемент қамыры;Ц + Су + Қ = ерітінді;Ц + Су + Қ + Т = бетон.Бетон түрлері жеңіл бетон, аса жеңіл бетон, ауыр бетон, аса ауыр бетон.Бетон құрамы ондағы толтырғыш түйіршіктерінің арасындағы

қуыстарды цементпен және таспен толтырып дәрежесіне байланысты 3 түргебөлінеді.

1) құрамда толтырғыш қуыстары арасында цемент қамыры, алқатайғаннан соң, цемент тасы көп.

2) Құрамда керісінше цемент аз. Яғни толтырғыш түйіршіктері бәрібірдей цемент тасымен қоршалынбайды. Бұл жағдайда бетон берікболмайды. Өйткені ол күш түскенде толтырғыш түйіршіктерінің цементтасымен қоршалынбайды, яғни біріктірілмеген жерінен оңай-ақ қирайды.Бетонның ең тиімді құрылымы цемент тасы толтырғыш түйіршіктен жұқақабатпен жауып, өзара тең аз ғана алшақтатқанда түзіледі.

Осы жағдайда, яғни тек үшінші құрылымда бетонның қажетті беріктігіцементті ең аз салыстырмалы мөлшерде қосқанда қамтамасыз етіледі. Бетонқұрамындағы ең қымбат бөлімінің цементтің шығынын қысқарту мақсатыментолтырғыштар арасындағы қуыстарды азайту қажет. Ол үшінтолтырғыштардың ірі түйіршіктері арасындағы қуыстарға, оған қарағандамайда түйіршіктерді орналастыру қажет. Бұл жағдайда бетон тығызқұрылымды болып беріктігі артады. Қасиеттеріне сай бетондардыңқолданылатын орындары ұтымды таңдауда, оларды құрылыста пайдаланудыңтиімділігін арттырады.

Ұсынылатын әдебиет: [1,2].3 Тақырып «Сулы ерітінді – су» шекарасында беттік керілу

дәрежесінің шамасына беттік белсенді заттардың әсер етуін анықтау жәнебайланыстырғыш заттардың қасиеттерін анықтау әдістері мен метрологиялықнегіздері

Жоспар 1 «Сулы ерітінді – су» шекарасында беттік керілу дәрежесінің

шамасына беттік белсенді заттардың әсер етуін анықтау2 Байланыстырғыш заттардың қасиеттерін анықтау әдістері мен

метрологиялық негіздеріЦементті еріту кезінде қосылған бірнеше органикалық заттар, оның

негізгі қасиеттері уақыт ұстамдылығъмен қатаюы ұзақ уақыт бойы бұзғаннемесе беріктілігін төмендеткен. Мұндай әсерді көбінесе құрамында спиртібар карбонил немесе карбонил тобындағы органикалық қосылыстаркөрсетеді. Ребиндер Д.А. және онын қызметкерлерінің зерттеулеріорганикалық материалдарға қатысты заттарды түбегейлі өзгертті. Олартеория және тәжірибе жүзінде бұл қосылыстар жеткілікті дәрежеде судаеритіндігін дәлелдеді, қатты заттың бетінде адсорбциялық қабық пайдаболады, бұл цементтің қатаюымен қасиетіне әсерін тигізеді.

Адсорбция процесінде пайда болатын беттік кұбылыстың негізі жәнеадсорбциялық қабықтың қасиеті мынада. Процесс кезінде екі түйісетін фазақатысады, бұл беттік бөлу қасиетіне үлкен әсерін тигізеді. Бір фазадан екіншіфазаны бөліп тұратын дененің беттік қабатындағы молекула саны дененіңжалпы көлеміндегі молекула санымен салыстырғанда өте аз мөлшерде,сондықтан мұндай жағдайда беттік құбылыс үлкен кызмет атқарады, Дененіңбеттік қабығында дисперсиялық бөлшек еседі. Беттік қабаттағы дисперсиядәрежесінің өсуі ішкіге қарағанда манызы үлкен.

Бұнымен мынаны түсіндіреді. Беттік құбылыстың кең дәрежедеколлоидты- дисперсиялық жүйеде пайда болуы, оның ерекше қасиетінбереді.

Бір фаза жүйесінің екінші фазадан бөліп тұратын беттік бөлім депаталады және онда үлкен беттік энергия қоры бар екі фазанын ішкі бөліміндефизико-химиялық қасиетгерінен ерешелінеді. Беттегі энергиянын пайдаболуын мынаумен түсіндіреді. Ішкі фазанын әр молекуласы қоршалған,сондықтан мұндай молекулада күш өрісі қаныққан. Ал беттегі молекуладакүш өрісінің бөлігі фазадан тыс болады, сонын салдарынан ол қанықпағанболады, бұл молекулалардын бір-бірімен байланысы ассиметриялы болыпкеледі.

Екінші термодинамиканың заңынан белгілі, әртүрлі туындыизотермиялық процесс бос энергияның төмеңдеуіне әкеліп соқтырады.Сондықтан, беттік кернеудін төмендеуіне байланысгы болатын немесе беттікбос энергиядағы процесс өздігінен туындайды. Мұндай процестергеадсорбция жатады. Мысалы, екі фазалық жүйеге «су- ауа» зат енгізсе, ауаменшекараластағы беттік кернеуі аз сумен салыстырғанда, онда судың беттікқабығына қосылған жоғарғы концентрациялы заттың салдарынан, ауаменшекаралас беттік кернеу азаяды. Бұл процесс оңды адсорбция деп аталады.Сонымен қатар теріс адсорбция да белгілі, ерітіндінің беттік қабығындаконцентрацияны төмендетеді.

Молекулалардың табиғаты мұндай жағдайда жұғуға жақсы бейім келеді.Дененің гидрофилмен гидрофобтардын бөлінуіне байланысты суменжұғуына немесе жұқпауына. байланысты болады. Гидрофилдерге негізіненсульфитті-спиртті бардалар, гидрофобтарға-мылонафт; асидол-мылонафт,олеин қышқылы және т.б. жатады. Цементке арнаулы қосылатынорганикалық заттар кейбір құрылыстық техникалық қасиеттерді жақсартады.Осы көрсетілген беттік активті заттарды (БАЗ) пайдалану арқылы жаңацементтің түрін- пластафицирленген және гидрофобты алуға болады.

Ұсынылатын әдебиет: [3-5].4 Тақырып Бетондарға және басқа құрылыс материалдарына арналған

толтырғыштар туралы мәліметтерді алу әдістері. Ерітінді және бетонқоспаларының қасиеттерін анықтаудың реологиялық әдістері

Жоспар 1 Бетондарға және басқа құрылыс материалдарына арналған

толтырғыштар туралы мәліметтерді алу әдістері

2 Ерітінді және бетон қоспаларының қасиеттерін анықтаудыңреологиялық әдістері

Бетонға ұсақ және ірі толықтырғыштар пайдалылады. Ірітолықтырғыштардың түйіршіктерінің мөлшері 5 мм жоғары, ал ұсақтолықтырғыштардың түйіршіктерінің мөлшері 0,14-тен 5 мм дейін болыпкеледі.

Толықтырғыштар бетонның 80 % дейін көлемін алады және де бетонныңқасиетіне, өзіндік құнына айтарлықтай әсерін тигізеді. Бетонғатолықтырғыштарды қосу, бетонның құрамындағы ең қымбат жәнежетіспейтін цементтің шығынын азайтады. Сонымен қатар толықтырғыштарбетонның техникалық қасиетін жақсартады. Толықтырғыштар бетонныңшөгуін төмендетіп, ұзақ тұратын материал алуға жағдай жасайды, өйткеніцемент тасы қатайғанда 1 - 2 мм/м шөгеді. Шөгу деформациясының біркелкіболмауынан майда жарылыстар болуы мүмкін. Сондықтан толықтырғыштарбетонның шөгуін цемент тасына қарағанда бірнеше рет қысқартады.

Бетонға керек толықтырғыштарды дұрыс тандай білу, бетонтехнологиясының негізгі тапсырмасы. Бетонға керек толықтырғыштарға,бетонның ерекішелік қасиеттерін ескере отыра, талаптар қойылады.Бетонның қасиетіне толықтырғыштардың түйіршіктік кұрамы, беріктілігіжәне таза болуы айтарлықтай әсерін тигізеді.

Ірі толықтырғыштар. Ірі толықтырғыштарды тексеру үшін әр келгенпартиядан 500 т (350 м3) әр жерінен 10-15 жеке нүктеден алып араластырыпорташа сынаққа үлгі алады. Ашық қоймадан сынаққа үлгі алу үшін әрнүктеден әр түрлі жоғарылықтан төменге қарай алады. Бақылауға алынатынсынақ үлгінің салмағы, тәжірибеге алынатын үлгінің салмағынан көп болукерек. Алынған жеке үлгілер мұкият араластырылып, квартования тәсіліменазайтылып немесе арнаулы бөлгіш арқылы орташа салмақтың мөлшерінедейін, тәжірибе жүргізуге керек аз салмақтан екі есе асып түсетіндей болукерек. Тәжірибені жүргізер алдында үлгіні (20±5)°С бөлметемпературасында, тәжірибеге керек ірі толықтырғыштардың жәнеқондырғылардың, аспабтардың, судың температураларында айырмашылықболмау мақсатында ұстайды. Тәжірибеге керек салмақ мөлшерін 0,1 %дейінгі дәлдікпен анықтап алып, (110±5)°С температурада кептірушкафында тұрақты салмағына дейін кептіреді. Бір тұтас бетон және темірбетон өнімдерін дайындау үшін тек қана ірілігі 20 мм дейінгі ірітолықтырғыштар пайдалынады. Ірі толықтырғыштардың әр фракциясытүйіршіктік құрамымен сипаттаналуы керек.

Ұсынылатын әдебиет: [ 3-7].5 Тақырып Конгломераттық жүйелердің құрамын жобалау әдістері.

Бос деформациялардың шамасын өлшеу. Бетон қасиеттерінің, ұсақматериалдардың механикалық және құрылымдық көрсеткіштерін анықтау

Жоспар 1 Конгломераттық жүйелердің құрамын жобалау әдістері2 Бос деформациялардың шамасын өлшеу

3 Бетон қасиеттерінің, ұсақ материалдардың механикалық жәнеқұрылымдық көрсеткіштерін анықтау

Бетонның құрамын анықтауға материалдарды тандау және 1 м3 кететіншығынды есептеу болып табылады. Есептелген бетон қоспасының берілгенжайлымдылығы қажет беріктілікті және бетонның басқа қасиеттерінқамтамасыз етеді.

Бетонның құрамын есептеу-тәжірибелік тәсілімен табады Біріншікезенде судың цементке қатынасын табады. Сосын формула, кесте немесеграфик бойынша тексеруге алынатын құрамды тауып, тәжірибеліктексерудің нәтижесінде бетонның тиімді құрамын белгілейді. Өндірістікжағдайда бетонның құрамындағы материалдардың ылғалдылығы есепкеалынады.

Судың цементке қатынасын анықтау. Бұл шаманы бетонның қажетберіктілігіне байланысты, алдын-ала тәжірибе жүргізу арқылы немесешамамен формула бойынша анықтайды.

Тез қатаятын және химиялық қоспа қосылған бетондар, сонымен қатарбайланыстырғыштардың маркасы бетонның маркасына жақын бетондарүшін, судың цементке қатынасын, сол зауытта пайдалынатынматериалдардың қасиеттерін ескере отыра және қалыптау тәсіліменжылумен өңдеуі бойынша таңдайды.

Сол зауытта өніммен бір жағдайда қалыпқа салынған жәнебуландырылған 3 кубиктің және қалыпты жағдайда 28 тәулік қатайған қалған3 кубиктің нәтижелері бойынша, бетонның берікгілігінің С/Ц қатынасынабайланыстылығының графигін тұрғызады. Алынған байланыстылық солзауытта пайдалынған цементпен толықтырғыштардың бетонның қандайдаболмасын маркасына судың цементке қатынасын анықтау үшін қажетболады.

Ұсынылатын әдебиет: [5-7].6 Тақырып Термиялық талдау. Материалдар қасиеттерінің

жылутехникалық көрсеткіштері және материалдың құрылымы мен олардыңбайланысы.

Жоспар 1 Термиялық талдау2 Материалдар қасиеттерінің жылутехникалық көрсеткіштері және

материалдың құрылымы мен олардың байланысы.Жылу өткізгіштігі – материалдың өзінің қалыңдығы арқылы жылу

жіберу қабілеті. Жылу өткізгіштік қасиет бүкіл жылу қоршаушы материалдармен бұйымдар тобы үшін де, үйлердің қабырғасын көтеруге және төбесінжабуға жұмсалатын бұйымдар мен конструкциялар үшін де негізгікөрсеткіштердің бірі.

Жоғары температурада бетонның қатаюы. Темір бетон құрамаларынөндіргеңде бетонның қатаюын тездету үшін әр түрлі тәсілдер пайдаланады:механикалық - цементтің меншіктік беттігін арттыру немесе бетон немесебетон қоспасын активтілеңдіру; химиялық - қатаюды тездететін қоспаларқосу (СаСІ2, ННК және т.б.); жылу арқылы - буландыру және электрмен

қыздыру. Жылумен қатайту тәсілі бетонның қатаю уақытын 10-20 есеқысқартуға мүмкіншілік жасайды. Бұл тәсіл темір бетон құрамаларыншығаратын зауыттарда кеңінен тараған.

Қыздыру химиялық реакцияны тездетеді, яғни бетонның температурасынкөтеру цементпен судың байланысуын активтілеңдіреді және бетонныңқатаюын тездетеді. Мұндай жағдайда әр түрлі температурада қатаятынцемент гидратациясының фазалық құрамы іс жүзінде бірдей. Қыздырғандағыбетонның берікгілігінің өсуі қалыпты жағдайда қатайғанмен бірдей болуымүмкін, логарифмдік байланыстылықпен өрнектелінеді, бірақта өзініңкоэффициентімен

R = A (lgt – lgt0)мұндағы А - буландырғандағы сол цементті сипатгайтын шама, МПа; t -изотермиялық ұстау кезеңі t1 кіретін жылумен өндеу уақыты және үлгілердіңтемпературасы 60°С асатын қыздырумен салқындату уақытының бөлімі, с;орташа t = t1 + 3; t0 - қатаю кезеңінің индукциялық кезеңі, с

Төменгі температурада бетонның қатаюы. Төменгі температурадабетонның беріктілігі қалыпты жағдайға қарағанда баяу өседі. Бетонныңтемпературасы 0°С-тан төмен болғанда қатаю тоқталады, егерде бетонғааязға карсы судың қатаюын төмендететін химиялық қоспа қосылмаса,беріктіліктің үдемелі өсуі ортаның температурасына байланысты болады.Температураның өсуі бетонның қатаюын тездетеді, әсіресе ылғал ортада.

Қыста құйылған бетон қалыптан шығарылу үшін жеткілікті беріктілікалу керек. Бастапқы кезеңдегі бетонның үсіп кетуі ерігеннен кейін жәнеодан әрі қатаю процесі кезінде де қалыпты жағдайда қатаятын бетонменсалыстырғанда айтарлықтай беріктілігі төмен болады Мұны былайтүсіндіруге болады жаңа дайындалған бетон сумен қаныққан, яғни үсігендеұлғаяды және де толықтырғыштармен әлсіз цемент тасының беттеріменбайланысты үседі. Бетонның беріктілігі қалыптыға жақын болған сайын, олкештеу үсінеді. Сонымен қатар, ерте үсетін болса темір бетондағы шегенменбетонның байланысы айтарлықтай төмендейді.

Ұсынылатын әдебиет: [3,5,7].7 Тақырып Құрылыс материалдардың және конструкциялардың

механикалық қасиеттерін қиратпайтын әдістермен бақылау және анықтауЖоспар 1 Құрылыс материалдардың және конструкциялардың механикалық

қасиеттері2 Механикалық қасиеттерді қиратпайтын әдістермен бақылау және

анықтауҚиратусыз айқындау үшін механикалық және электронно-акустикалық

тәсілдері қолданады. Механикалық тәсілдерде бұйымдар бетіне белгілі түрдемеханикалық күш әсерін тигізеді, мысалы шариктік балғамен, гидравликалықпресс пружинасының қысымымен және т.б., ал мықтылығын осымеханикалық күш әсеріне кедергілік қабілеті бойынша жориды.

Электрондық-акустикалық аспаппен (УК-14 ПМ) бұйымдар беріктігінжәне беріктілігін анықтау әмбебап тәсілі болып табылады. Бұл тәсілді

қолдана материалды бүкіл қалыңдығы бойынша зерттеп, ондағы ішкіақауларын айқындауға болады. Бұл тәсілдің мәнісі – бетондағыультрадыбыстық импульстың тарау жылдамдығын өлшеуде. Электрондықультрадыбыстық аспап дыбыстан асқан тербеліс жиілігін қоздырады жәнеимпульстің өту уақытын микросекундпен өлшейді.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 3-7 б.].8 Тақырып Құрылыс материалдардың кеуекті құрылымын және бетін

зерттеу әдістеріЖоспар 1 Құрылыс материалдардың құрылымы2 Құрылыс материалдардың кеуекті құрылымын және бетін зерттеу

әдістеріСаңылаулы толтырғыштардағы жеңіл бетондар. Жеңіл бетон дайындау

үшін материалдар: жеңіл бетон үішін тез қатаятын және қарапайымпортландцемент сондай-ақ қожды портландцементқолданылады.Бейорганикалық саңылаулы толтырғыштар түрінің көптігімен ерекшеленеді,оларды табиғи және жасанды деп бөледі. Олар арнайы дайындалған жәнеөндірістің қосалқы өнімдері деп бөлінеді (отын қожы мен күлі, металдыққождар және басқалар):

1) Керамзитті шағылтасты, көбіктенетін саз балшықты, грануланыкүйдіру жолымен алынған өнім, ол жеңіл және берік толтырғыш, төгілмелітығыздығы 250-800 кг/м3 керамзит грануласының сынығы, көпіршіктің қатыпқалған құрылымына ұқсайды. Ол саңлаулы толтырғыштың негізгі түрі.

2) Керамзитті құм (түйіршігі 5 мм-ге дейін) керамзит шағыл тасынөндіру кзінде алады, сондай-ақ қайнау қабаты тәсіліме ауалы күйдегрануланы күйдіру арқылы да жасайды. Сонымен бірге оны 40 мм-денжоғары керамзит тасын ұсақтау арқылы да дайындауға болады.

3) Қожды пемза. Металургия қождары тез арада салқындату арқылыоның көпіршіктенуіне алып келетін процесс нәтижесінде жасайды. Қождыпемзаның бөлшектерін ұсақтайды және илейді. Қожды пемза өндірісіметалургия дамыған аудандарда көп өндіріледі. Мұнда қожды пемзаның өзқұны керамзитке қарағанда арзан.

4) Түйіршектелген металлургиялық қож.Саңылаулы түйіршіктердің өлшемі 5–7 мм, кейде 10 мм дейінгі болатын

ірі құм түрінде болады. Көбіктелген перлит. Шыны тәрізді вулканды жыныстардың су мөлшері

көп, перлит обсидиандарда күйдіру жолымен дайындалады. 950–1200 оС-та суұшып, перлит көлемі 10–20 есе көбейеді.Көбіктенген перлитті жеңіл бетонжәне жылуоқшаулағыш бұйымдар өндірісі үшін қолданады.

Көбіктелген вермикулит. Ол саңылаулы көбіктелген материал. Оны суқұрамды слюда жынысын күйдіру арқылы алады. Бұл толтырғыштыжылуоқшаулағыш жеңіл бетондар дайындау үшін қолданады.

Отынды қалдықтар(отынды қож және күл). Бүлар антрацит, тастыкөмір және оның түрлері, сондай-ақ басқа қатты отындарды жағу кезіндеалынатын қосалқы өнім. Күл негізінде күлді шағылтас жасайды. Отынды

қождар – көмір құрамындағы бейорганикалық қосылыстардың(саз балшық)пісу және көбіктенуі нәтижесінде қазандықтарда алынатын саңылаулыбөлшекті материал. Қожда біршама ұсақталады, еленеді және қосалқыматериалдардан ажыратылады.

Аглопорит. Агломерациялық машина торында саз балшық құрамындашикізат (8-10 % отын қосады) шикізатты күйдіру арқылы алады. Ол үшінжергілікті шикізат қолданады. Саз балшықты және лессты жыныстар,сондай-ақ құм, шағыл тас, қиыршық тас түрінде шығарылады.

Шунгизит. Оны шунгизитті сланс жыныстарды күйдіру арқылыжасайды. Саңылаулы толтырғыштар нығыз толтырғыштар сияқты тас 5 – 40мм және құм 5 мм төмен болып ірілігі бойынша бөлінеді. Саңылаулы құмды2 фракцияға 1,2 мм дейін (ұсақ құм) және 1,2 – 5 мм ірі құм болып елейді.Саңылаулы қиыршық тас (шағыл тас) мын фракцияларға бөлінеді: 5 – 10; 10– 20; 20 – 40 мм.

Құрғақ күйіндегі төгілмелі тығыздығы бойынша саңылаулытолтырғыштар мына маркаларға бөлінелі (кг/м3): 100, 150, 200, 250, 300, 350,400, 500, 600 ... 1200-ге дейін, бірақ 1100 жоқ.

Саңылайлы толтырғыштың беріктігі стандартты әдіспен болаттыцилиндрде түйіршіктерді сығу арқылы анықтайды.

Бұл бетондар тығыздығына, т.б. қасиеттеріне сәйкес қолданылуынабайланысты үш түрлі: 1) бір текше метрінің орташа тығыздығы 1400-1800 кгүлкен күштерге кедергі көрсете алатын конструктивтік бетон; 2) тығыздығы500-1400 кг/м3 конструктивтік –жылу өткізбейтін бетон; 3) тығыздығы 500кг/м3 дейін жылу өткізбейтін бетон болып бөлінеді.

Жеңіл (кеуек) толтырғыштардың табиғи түріне ұсатылған пемзалар,туфтар, т.б. жанар таудың атқылауы (атылуы) арқылы тез суыну әсеріненпайда болған, құрылымы аморфты кеуек заттар жатады; жасанды түрі –керамзит, аглопорит, шлакты пемза, отын шлактары, вермикулит, перлит, т.б.Соңғы екеуі ерекше жеңіл болғандықтан, жылу өткізбейтін бетонбұйымдарын өндіру үшін пайдаланылады. Мөлшері 0,14-5 мм уақ жеңілтолтырғыштардың бір текше метрінің орташа тығыздығы – 1200 кг-нан, алмөлшері 5-40 мм ірі (малта тас түрлі) жеңіл толтырғыштарды бір текшеметрінің орташа тығыздығы 1000 кг-нан аспауы керек. Мысалы, малта тастүрлі керамзиттің тығыздығы 250-800 кг/м3 аралығында, ал вермикулит пенперлит тығыздығының төменгі шегі 100 кг/м3. Құрғақ күйінде үйілген жеңілтолтырғыштар орташа тығыздығы бойынша 15 маркаға бөлінеді: 100, 150,200, 250, 300, 350, 400, 500, 600, 700, 800, 900, 1000, 1100 және 1200.

Ұсынылатын әдебиет: [1-5].7 Практикалық сабақтардың мазмұны –30 сағатПрактикалық сабақтар 1,21 Тақырып Әр түрлі материалдарды физика-химиялық зерттеу

әдістері. Қолдану жағдайына байланысты бұйымдардың классификациясы Жоспар1 Материалдардың құрамын анықтау2 Әр түрлі материалдардың физика-химиялық қасиеттерін анықтау

Тапсырмалар:1 Әртүрлі материалдардың негізгі химиялық және минералогиялық

құрамын білу2 Физика-химиялық қасиеттерін анықтауда қолданылатын аспаптардың

жұмыс істеу принципін білуПрактикалық сабақтар 3-62 Тақырып Құрылымдық сипаттамаларды және құрылыс

материалдардың негізгі қасиеттерін анықтауЖоспар 1 Әртүрлі материалдардың құрамы бойынша сипатталуы2 Құрылыс материалдардың негізгі қасиеттерін анықтауда әртүрлі

әдістерді меңгеруТапсырмалар:1 Физика-химиялық қасиеттерін анықтай білуПрактикалық сабақтар 7-103 Тақырып «Сулы ерітінді – су» шекарасында беттік керілу

дәрежесінің шамасына беттік белсенді заттардың әсер етуін анықтау жәнебайланыстырғыш заттардың қасиеттерін анықтау әдістері мен метрологиялықнегіздері

Жоспар 1 Керамикалық материалдарды дайындау кезінде «Сулы ерітінді – су»

жүйесінің заңдары2 Бетон және темірбетон материалдарды дайындау кезінде

«Сулы ерітінді – су» жүйесінің заңдарыТапсырмалар 1 Негізгі материалдар мен қоспалардың жайылу, байланысу

принциптерін және жүйелерін білу және түсінуПрактикалық сабақтар 11-144 Тақырып Бетондарға және басқа құрылыс материалдарына арналған

толтырғыштар туралы мәліметтерді алу әдістері. Ерітінді және бетонқоспаларының қасиеттерін анықтаудың реологиялық әдістері

Жоспар 1 Бетонға қажетті майда толтырғыштар.2 Бетонға қажетті ірі және кеуекті толтырғыштар.Тапсырмалар 1 Толтырғыштың сеуіп салғандағы тығыздығын, кеуектілігін,

ылғалдылығын анықтау әдістері мен аспаптарын білуПрактикалық сабақтар 15-185 Тақырып Конгломераттық жүйелердің құрамын жобалау әдістері.

Бос деформациялардың шамасын өлшеу. Бетон қасиеттерінің, ұсақматериалдардың механикалық және құрылымдық көрсеткіштерін анықтау

Жоспар 1 Әртүрлі конгломератты жүйелерді жобалауТапсырмалар

1 Конгломераттық жүйелердің құрылымдық көрсеткішініңмеханикалық қасиеттерге әсері

Практикалық сабақтар 19-226 Тақырып Термиялық талдау. Материалдар қасиеттерінің

жылутехникалық көрсеткіштері және материалдың құрылымы мен олардыңбайланысы.

Жоспар 1 Әртүрлі конгломератты жүйелердің жылутехникалық көрсеткіштеріТапсырмалар 1 Конгломераттық жүйелердің құрылымдық көрсеткішінің

жылутехникалық қасиеттерге әсеріПрактикалық сабақтар 23-267 Тақырып Құрылыс материалдардың және конструкциялардың

механикалық қасиеттерін қиратпайтын әдістермен бақылау және анықтауЖоспар 1 Әртүрлі конгломератты жүйелердің механикалық көрсеткіштеріТапсырмалар 1 Конгломераттық жүйелердің құрылымдық көрсеткішінің

механикалық қасиеттерге әсеріПрактикалық сабақтар 27-308 Тақырып Құрылыс материалдардың кеуекті құрылымын және бетін

зерттеу әдістеріЖоспар 1 Құрылыс материалдардың кеуекті құрылымын зерттеуТапсырмалар 1 Құрылыс материалдардың кеуекті құрылымын анықтау әдістері

8 Өздік жұмысының тапсырмаларыТақырып 1 Әр түрлі материалдарды физика-химиялық зерттеу

әдістері. Қолдану жағдайына байланысты бұйымдардың классификациясы1 Келесі сұрақтарды дайындау:1 Әрлеу материалдарын физика-химиялық зерттеу әдістері.2 Гидрооқшаулағыш материалдарын физика-химиялық зерттеу әдістері.2 Сұрақтарға жауап беруТақырып 2 Құрылымдық сипаттамаларды және құрылыс

материалдардың негізгі қасиеттерін анықтау1 Келесі сұрақтарды дайындау:1 Әрлеу және гидрооқшаулағыш материалдарының қасиеттері менсипаттамалары2 Сұрақтарға жауап беруТақырып 3 «Сулы ерітінді – су» шекарасында беттік керілу

дәрежесінің шамасына беттік белсенді заттардың әсер етуін анықтау жәнебайланыстырғыш заттардың қасиеттерін анықтау әдістері мен метрологиялықнегіздері

1 Келесі сұрақтарды дайындау:

1 Органикалық шикізаттар негізіндегі өндеу материалдарыныңқасиеттерін анықтау 2 Сұрақтарға жауап беруТақырып 4 Бетондарға және басқа құрылыс материалдарына арналған

толтырғыштар туралы мәліметтерді алу әдістері. Ерітінді және бетонқоспаларының қасиеттерін анықтаудың реологиялық әдістері

1 Келесі сұрақтарды дайындау:1 Толтығыштар өндірісінің ерекшеліктері2 Сұрақтарға жауап беруТақырып 5 Конгломераттық жүйелердің құрамын жобалау әдістері.

Бос деформациялардың шамасын өлшеу. Бетон қасиеттерінің, ұсақматериалдардың механикалық және құрылымдық көрсеткіштерін анықтау

1 Келесі сұрақтарды дайындау:1 Асбестцемент, полимербетон т.б. материалдардың құрылымдықкөрсеткіштерінің ерекшеліктері2 Сұрақтарға жауап беруТақырып 6 Термиялық талдау. Материалдар қасиеттерінің

жылутехникалық көрсеткіштері және материалдың құрылымы мен олардыңбайланысы.

1 Келесі сұрақтарды дайындау:1 Көпқабатты материалдардың жылутехникалық көрсеткішініңерекшеліктері2 Сұрақтарға жауап беруТақырып 7 Құрылыс материалдардың және конструкциялардың

механикалық қасиеттерін қиратпайтын әдістермен бақылау және анықтау1 Келесі сұрақтарды дайындау:1 Ультрадыбыс әдісімен материалдардың қасиеттерін анықтау2 Сұрақтарға жауап беруТақырып 8 Құрылыс материалдардың кеуекті құрылымын және бетін

зерттеу әдістері1 Келесі сұрақтарды дайындау:1 Жылуоқшаулағыш материалдардың кеуекті құрылымын қиратпайтынәдіспен анықтау 2 Сұрақтарға жауап беру

10 МОӨЖ бойынша кеңес беру графигі (МОӨЖ 25% МӨЖ-данқұрастырылады)

МӨЖ орындалу мерзімі сабақ кестесіне сәйкес өзгеруі мүмкін.Жаңа оқу семестр бойынша МОӨЖ кестесіне сәйкес

№ Сабақтын түрлері дүйсенбі сейсенбі сәрсенбі бейсенбі жұма сенбі1 Дәріс бойынша

сұрақтарға кеңес беру

14:45-16:40

2 Тәжірибе сабақтарбойынша сұрақтарғакеңес беру

14:45-15:35

16:55-18:50

3 СӨЖ бойыншасұрақтарға кеңесберу

12:35-13:45

11. Оқушылардың білімінің тексеріс кестесіПрактика және дәріс сабағына қатысуы (семинарлық, зертханалық,

жеке, студиялық сабақтар) 0-100 балмен бағаланады.Сабақ кестесіне сәйкес тапсырмалардың орындалуын тексеру.12. Магистранттардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесіСеместрдің ортасында және соңында 100 балдық шкаламен пәннің

оқылған модулі бойынша ағымдағы үлгерімнің (АҮ) бағасы анықталады.Ағымдағы үлгерімнің бағасы келесі балдардың жиынтығынан тұрады:

- сабақтарға дайындық, топта белсенді жұмыс жасау, бақылаушараларға қатысу;

- өздік және зертханалық жұмыстарды уақытында, сапалы орындаужәне қорғау;

- курстық жұмыстың/жобаның бөлімдерін уақытында, сапалыорындау;

- сабаққа қатысу және басқа.

Межелік бақылаудың (МБ) бағасы да 100 балдық шкала бойыншаанықталады.

АҮ және МБ бағаларының қорытындысы негізінде пән бойыншамагистранттың рейтингі (Р1 және Р2) анықталады:

Р1(2) = АҮ1(2)*0,7 + МБ1(2)*0,3. Семестрде пән бойынша магистранттың жіберу рейтингінің бағасы тең: ЖР= (Р1+Р2)/2 Әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік

емтихан болса да) студенттердің оқу жетістіктері қорытынды бағамен (Қ)анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақнемесе курстық жұмыс (жоба)) салмақтық үлестер негізінде есептеледі(СҮжр және СҮқб):

Қ = ЖР*СҮжр + ҚБ*СҮқб Жіберу рейтингтің және қорытынды бақылаудың салмақтық үлестері

0,6 және 0,4 сәйкес тең болады. Пән бойынша жіберу рейтингі де, емтихан бағасы да оң бағаланған

жағдайда ғана қорытынды баға есептеледі. Дәлелсіз себеппен қорытындыбақылауға келмеген жағдайда, «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңеріледі.Пәннен емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күніайтылады, егер емтихан жазбаша түрде түстен кейін жүргізілсе, онда келесікүні айтылады.

Оқу жетістіктері, яғни білім, магистранттардың «Материалдардыфизика – химиялық зерттеу әдістері» пәні бойынша дағдылары балды-рейтингті жүйесі бойынша бағаланады:

Балменесептегендегіқорытынды баға(Қ)

Балдың цифрлықбаламасы (Ц)

Әріптік жүйедегібаға (Ә)

Дәстүрлі жүйедегібаға (Д)

95-100 4,0 A Өте жақсы

90-94 3,67 A-

85-89 3,33 B+

80-84 3,0 B Жақсы

75-79 2,67 B-

70-74 2,33 C+

65-69 2,0 C Қанағаттанарлық

60-64 1,67 C-

55-59 1,33 D+

50-54 1,0 D

0-49 0 F Қанағаттанарлықсыз

13 Оқытушының талаптары, саясаты мен тәртібі«Материалдарды физика – химиялық зерттеу әдістері» пәнін оқу

кезінде мына ережелерді ұстануды сұраймын:1 Сабаққа кешікпеу.2 Себепсіз сабақты босатпау, ауырып қалған жағдайда анықтама әкелу.3 Магистранттың міндетіне сабақтың барлық түріне қатысу кіреді.4 Оқу үрдісінің күнтізбелік кесте бойынша барлық бақылау түрлерін

тапсыру.5 Босатқан тәжірибелік сабақтарды оқытушының айтқан уақытында

өтеу. 6 Кафедраның аудиториялық қорына шығын келтірмеу.7 Жоғарғы оқу орнының талаптарын бұлжытпай орындау.8 Курстастарыңа және оқытушыға сабырлық, ашықтық және игілікпен

қарау.9 Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілулі болуы тиіс.

10 Оқытушы сабақ түсіндіріп жатқанда дауыстап сөйлеуге болмайды.Екінші ескертуден кейін магистрант аудиториядан шығарылады. Сабақбарысында сабақтан тыс тақырыптар рұқсат етілмейді.

Тапсырманы маңызды себеппен кешігіп тапсырса, айыптық санкцияларболмайды.

Егер сіз белгілі бір маңызды себептермен бақылау шаралардыбосатсаңыз, сізге оны оқытушының айтқан уақытында (МБ мен ҚБ деканның

рұқсатымен ) қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Тапсырмаған жағдайда сіз«0» балл аласыз.

Жұмысты уақытында тапсыру керек. Барлық тапсырмалар ең кешдегенде емтихан сессия басталуға 3 күн қалғанға дейін тапсырылу қажет.

Барлық тапсырмалар мен ЕГЖ-ді тапсырмаған магистранттар,емтиханға жіберілмейді.

Өткен сабақтағы материалды қайталау мен өңдеу әрбір сабақта болуыміндетті. Магистранттың материалды қаншалықты түсінгені тестілеу менжазбаша түрде тексеріледі. Тестілеу алдын-ала ескертусіз жүргізілуі мүмкін.

Сіздердің міндеттеріңіз сабаққа дайындалып келу. Бар әдебиеттіқолданыңыз және оны кітапханадан алыңыз.

Басқаның жұмысын көшіру мен әдебиет материалдарды өңдеусізқолдануға тыйым салынады.

Дәріс конспектілерін жүргізу міндетті. Дәріс бойыншаконспект 8-ші және 15-ші апталарда тексеріледі.

14 Әдебиет тізімі Негізгі

1) Аскаров Е.С. Стандартизация, метрология и сертификация. Учеб.пособие – Алматы,2005 – 276 с.

2) Акмалаев К.А. Құрылыс алаңында бетонды тексеруге арналған: Оқуқұралы. – Алматы: 2007. – 147 б.

3) Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары менбұйымдары.: Тараз: Сеним, -2007, 1 том-576-бет. 2 том -472-бет.

4) Горбунов Г.И. Основы строительного материаловедения. Учеб.пособие – М.: АСВ, - 2002 – 167 с.

5) Мчедлов-Петросян О.П. Химия неорганических строительныхматериалов. - М.: Стройиздат, 1988 – 304 с.

6) Попов К.Н., Каддо М.Б., Кульков О.В. Оценка качествастроительных материалов. (Физико-механические испытания строительныхматериалов). – М.: Издательство Ассоциация строительных вузов, 2001 –238с.

7) Хигерович М.И., Меркин А.П. Физико-химические и физическиеметоды исследования строительных материалов. -М.: «Высшая школа»,1968 –191 с.

Қосымша8) Акмалаев К.А. Бетонтану негіздері. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ,

2012. – 241 б.9) Жақыпбеков Ш.Қ., Ибраимбаева Г.Б. Әрлеу материалдарының

технологиясы. Оқу құралы. – Алматы: ҚазБСҚА, 2012. – 188 б.10) Акмалаев К.А. Цемент және одан жасалынатын құрылыс

материалдары: Оқу құралы. – Алматы: ҚазККА, 2007. – 174 б.11) Аскаров Е.С. О научной работе. Руководство для аспирантов,

соискателей и магистрантов. - Алматы, 2002. - 186 с.

12) Баженов Ю.М., Вознесенский В.А. Перспективы примененияматематических методов в технологии сборного железобетона. - М.:Стройиздат, 1974 – 200 с.

13) Горчаков Г.И., Баженов Ю.М. Строительные материалы - М.:Стройиздат, 1986. – 556 с.

14) Горчаков Г.И., Мурадов Э.Г. Основы стандартизации и контролякачества продукции - М.: Высшая школа, 1977. -335 с.

15) Домокеев А.Г. Строительные материалы М.: Высшая школа,1989. - 495 с.

16) Закин Я.Х., Рашидов Н.Р. Основы научного исследования. -Ташкент, 1981. - 207 с.

17) Основы научных исследований. Под редакцией Крутова, ПоповаВ.В. -М.: «Высшая школа», 1989. – 400 с.