12
˅Dzǹ ˅ǶǧǰȂ 86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] 2-бетте :::$67$1$$.6+$0<.= Ě ÒÆÊÒÆμ 1 ÒģÔ¼Ñ ÇÜÌ 6 +$0<.= ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü ÒïìóġòóĄëâáóüò íò ÓáĦ áóôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì +5°..+7° +4°.. +7° ¼ÇË×IJ¼Ç¼Ç×IJ ÍÁɽ³Ç³Æ   ʤˬ˞˘೦ ˭˘˶˳˭ ˘˥ˮ˞˘ ˈ˘ˬ೪˘˲˘ˬ೪ ˪˲˭˟ˬ˟˲ ˙˘˳ ˘˳˳˘˭˙ˬ˟˳ˮ˞˘ ˭˘˭˘ˮ˞˘ˮ˞˲ˬ೦˘ˮ ˪˲˭˟ˮ˧೮ ˙˘˳˵ ೪ˢ˘˵ ʹ ˃˧˲˪˟˶ ೪ˢ˘˵ ˪˟೮˧ˮ˟ˮ ೪˘˲˘ˬ˘˞ ˘ˣ˘೪ ˟ˬ˧ ˺˘ˬ೪˘˲˘ˬ೪ ˙˲˯ˮ೮ ˢ˘ˬ˘˶ˮ ˘ˬ೦˘ˮˮ˘ˮ ˪˟˥˧ˮ ˑʶˁʿʽͲ೪˘ˬ˘˾೦ˮ೮ ೪˲ˬ˳ˮ ˙˘˳˵˘˥˞ ʥˬ ˵˶˲˘ˬ ʽ˲˵˘ˬ೪ ˪˯˭˭˶ˮˤ˪˘˻ˤˬ˘˲ ೪ˣ˭˟˵˧ ˘ˬ˘೮ˮ˞˘ ˵˪˟ˮ ˙˲ˤ˹ˤˮ˛˵˟ ʤ˳˵˘ˮ˘ ˑʶˁʿʽ ʹ ϮϬϭϳ ˬ˵˵೪ ˪˯˭˱˘ˮˤ˳ˮ೮ ˙˘˳೪˘˲˭˘ ˵˲˘೦˘˳ ˃˘ˬ೦˘˵ ʫ˲˭˟˛ˤ˟˚ ˭ഉˬ˧˭˞˟˞˧ ǎƲdžǁLJǁDž ǎƲLJǀǁǍǏ Сәрсенбі, 2 сәуір күні сағат 10.00-11.00 аралығында Астана қаласындағы №6 емхананың бас дәрігері Лариса Викторовна БУХАНОВСКАЯ бұқарамен тікелей тілдесуге шығады. Толғандырып жүрген сауалдарыңыз болса, 70-32-19 телефонына немесе astana-akshamy.kz сайтына хабарласуға болады. ɩɧʈʆɧʈʣɶ ɩɯʇɯʃʈʣɶʧʂɯʃ ɩɧɭɧʁɧʃɧɮʛ 6-7-беттерде

35 (3092) 2014-04-01

  • Upload
    -

  • View
    232

  • Download
    8

Embed Size (px)

DESCRIPTION

АСТАНА АҚЩАМЫ №35 (3092) 1 сәуір 2014

Citation preview

2-бе

тте

1

+5°..+7°+4°.. +7°

Сәрсенбі, 2 сәуір күні сағат 10.00-11.00 аралығында Астана қаласындағы №6 емхананың бас дәрігері Лариса Викторовна БУХАНОВСКАЯ бұқарамен тікелей тілдесуге шығады.Толғандырып жүрген сауалдарыңыз болса, 70-32-19 телефонына немесе astana-akshamy.kz сайтына хабарласуға болады.

6-7-

бетт

ерде

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Қытай билігі елдің бұрынғы қоғамдық қауіпсіздік министрі Чжоу Юн-кан мен оның отбасына тиесілі 14,5 млрд долларды құрайтын активтерді тәркіледі. Саясаткердің Қытай тарихындағы ең үлкен әрі атышулы жемқорлық қылмысына қатысы бар екендігі анықталып отыр. Бұл дауға оның туыстары мен серіктестері, саяси жақтастары мен бұрын өзі басшылық еткен «CNPC» мұнай-газ компаниясы қызметкерлері, барлығы 300-ден астам адамның қатысы бар.

Америка Құрама Штаттары Еуроодақ елдерінің ресейлік отынға тәуелділігін төмендету үшін Еуропаға табиғи газдың тікелей жеткізілімін жүзеге асыруға әзір деп мәлімдеді АҚШ президенті Барак Обама АҚШ-ЕО саммиті қорытындылары бойынша баспасөз мәслихатында. Сонымен бірге, ол АҚШ еуропалық елдердің эко-номикасына ауқымды тікелей инвестицияларды жүзеге асыруды жалғастыруға ниетті екендігін жеткізді.

Ресей Федерациясы Үкіметі өткен бейсенбі күнгі отырысында ТМД елдеріне мүше мемлекеттермен мерзімсіз ынтымақтастығын жалғастырып, мемлекетке ата-ана қамқорлығынсыз қалған кәмелеттік жасқа толмағандарды іздеп, қайтарылуы туралы мәселелерді қарастырды.

Оңтүстік Корея астанасында жергілікті банктердің жұмысына едәуір қиындық тудырған күдікті құрықталды. Аптаның басында кейбір банктердің төлемдерді жүзеге асыруға қабілетсіз деген өсек тарап кеткен болатын. Осы орайда екі банктің клиенттері есепшоттарынан қаржыларын қайтаруға жаппай кіріскен көрінеді. Бұл қарбалас үш күнге созылды.

9100

* * *

* * *

* * *

* * *

Елордада осыншама тұрмыстық қатқыл қалдықтар контейнері қойылған.

Тәуелсіздік сарайында Б.Бүрдісбеков-тің «Түстен тапқан бақытын» атты көркемдік көрмесі өтті.

Бейбітшілік және келісім сарайының опера залында күлкі күніне орай «Әзіл әлемі» өнер көрсетеді.

М.Горький атындағы мем-ле кеттік акаде-миялық Орыс драма театрында Х халықаралық Р.Вагапов атындағы татар әндері фести-валінің лауреаттары концерт қояды.

О қ у - ж а т т ы ғ у к е з і н д е нысанның техникалық си-п ат т а м а с ы м е н т ө т е н ш е жағдай кезінде адамдарды құтқарудың әдіс-тәсілдері пысықталды.

О с ы н д а й м а ң ы з д ы і с -ш а р а н ы ұ й ы м д а с т ы р у ғ а

белсене атсалысқаны үшін азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар инспек-торы Ж.Бекмағанбетов пен директордың шаруашылық ж ө н і н д е г і о р ы н б а с а р ы Ы.Ма хметовке басшылық атынан алғыс жарияланды.

(Басы 1-бетте)Талғат Ермегияевтің айтуын-

ша, Елбасы Жолдауында айтылған елі міздің 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын жүзеге асыру «Ас-тана ЭКСПО-2017» ұлттық компа-ниясына тікелей байланысты. «Бес жылдыққа бөлінген бұл кезеңде мем лекетіміз дамыған отыз мем-лекеттің қатарына кіруді мақсат етеді. Сонымен қатар, елдің страте-гия лық, үдемелі-индустриялық, ин-новациялық даму қарқынын жедел-детуді көздейді. Президент тап сыр-масының бізге тікелей қаты сы бар. Өйткені, «Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясының негізгі қызметі – инновациялық жоба-лар арқылы елімізге инвестиция тарту, бәсекеге қабілетті экономи-каны құруға барынша үлес қосу. «ЭКСПО-2017» көрмесі – қазақ тари хындағы ең ірі халықаралық іс-шара. Салынған әрбір ғимарат өзімізде қалады және инновациялық идея ларды ел игілігіне жарату үшін

қызмет ету керек. Ендеше, жүзден астам мемлекет қатысатын тарихи жобаны жоғары деңгейде өткізу үшін бар күш-жігерімізді жұмсайтын бола-мыз. Сәтін салса, ЭКСПО қалашы ғы-ның құрылыс жұмыстары жақында басталады» дейді Т.Ермегияев.

Шынында, ЭКСПО көрмесі өтетін аумақ Астананың жаңа технология-лар мен инновациялар қолданатын бірегей бөлшегіне айналатын бола-ды. Оның кешендерін тұрғызу мен көрмені өткізу шаралары респу -бликалық бюджет есебінен қаржы-ландырылмақ. Бұған қоса, инвес-тиция тарту жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

– ЭКСПО қалашығы тек электр энергиясы мен дәстүрлі қуат көз де-рінің ғана емес, жаңартылатын энер-гия көздері есебінен де қамтамасыз етілетін алғашқы нысандардың бірі болуы тиіс. Қалашықта «Smart Grid» жүйесі қолданысқа енгізілетін бо-лады. «Smart Grid» – қалашық ау мағында сумен жабдықтау және электр қуатымен қамтамасыз ету желілерін бақылай алатын «ақылды жүйе». Бұл жүйе ЭКСПО аумағында орналасатын инфрақұрылымды, оның ішінде қауіпсіздік желісін де толық бақылай алады, - дейді «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық ком паниясының басқарма төрағасы.

Белгілі болғандай, көрмеге дейін және көрмені өткізу кезінде елор-дада жиырма мыңдай жұмыс орны ашылады. Ал, «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін өткізудің мөлшерлі құны екі аптадан кейін белгілі болмақ.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Шымкент қаласында өткен олимпиадаға Астана қала сы-ның білім мекемелерінен 37 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша елор да-лық өрендер жалпы командалық есепте І орын алды. 27 оқушы олимпиада жүлдегері атанды. Екеуі бірінші, сегізі екінші және он бірі үшінші орын алды. Соны-мен қатар, 6 оқушыға грамоталар табысталды.

3www.astana-akshamy.kz

[email protected]

Бетт

і дай

ынд

аған

: Таң

атар

ТӨ

ЛЕУ

ҒАЛ

ИЕВ

. Дер

ек к

өзде

рі: w

ww

.ast

ana.

kz, w

ww.

info

rm.k

z, w

ww.

baq.

kz

Деректерге жүгінер болсақ, күлкі күнін той-лау алғаш Франциядан бастау алған. Ежелгі римдіктер «ақымақтар мерекесін»17 ақпанда атап өткен болса, наурыздың 31-інде «қалжыңдау салты» Шығыс Үндістанда етек алған екен. Ал, Ресейдің Петербор қаласының тұрғындары бір күні әдетте өрт шыққанда қағылатын дабыл даусынан оянады. Әбігерге түскен халық өрт ошағын көре алмайды. Сөйтсе, бұл әзілкештердің ойыны екен. Оқиға 1 сәуір күні болған. Осы кез-ден бастап бұл ойын халық қолдауына ие болып, күлкі күніне айналады. Күлкі күнінің аталуы мен ерекшелігіне келер болсақ, Франция, Англия, Америкада бұл – ақымақтар күні, Испанияда – дөкірлер, Үндістанда – тоқылдақ, Жапонияда – қуыршақтар, Шотландияда «тепкі күні» деп аталады екен. Бұл күні әркім таныстарының арқасына сездірмей «мені теп» деген жазу іледі де, оны сырттай күлкіге айналдырады. Аты айтып тұрғандай, бұл күнгі қалжыңға ешкім ренжімейді. Бір қызығы бұл мейрам көптеген елде тойланғанымен, еш жерде ресми мереке ретінде тіркеліп, демалыс жарияланбаған екен.

Әзіл-қалжыңға қашанда теріс қарамайтын қазақ халқы да «Күлкі күнін» ескерусіз қалдырмаған. Қыстың қыспағын, ерте көктемнің алай-дүлей мінезін қалжыңмен жуып-шайғысы келген халық бір-бірінің көңілін қалжыңмен көтеруге тыры-сады. Біздіңше, қазіргі заманда біреуді күлдіру үшін де аса зор қиял қабілет, ерекше талант керек шығар… Күлмесхандар арамызда көбейіп бара жатқан заманда күлдіре білудің өзі – өнер!

Сізде бұл күні үлкен-кіші, жас-кәріні бір алдап қоюды ұмытпаңыз.

– Қаламызда қанша ардагер бар?– Астана қаласында алпыс үштен асқан

ер кісілер мен елу сегізден асқан әйел адам-дар, яғни, зейнеткерлер саны – 59 мың. Соның 260-ы соғыс ардагері. Өкінішке қарай, ай сайын олардың қатары азайып келеді. Сонымен бірге, елордада 4300-ге жуық тыл ардагері бар.

Жалпы, бас қаланың үш ауданында жеке-жеке ардагерлер кеңесі жұмыс істейді. Барлық зейнеткерлер қаладағы мекеме-лер мен аудандарға бөлінген. Қалалық мәслихаттың депутаттары, басқа да ме-кемелер мерекелерде қарттарды елеусіз қалдырмайды. Бұл бағытта шамамыз кел генше көмектесіп жатырмыз. Мәселен, Қарт тар күні, Наурыз мерекесі секілді басқа да мейрамдар кезінде оларға тиісті құрмет көрсетіліп, қайырымдылық шара-лары ұйымдастырылып тұрады.

Бүгінгі таңда қаламыздағы барлық соғыс ардагерлері тұрғын үймен қам-тамасыз етілді. Қазақстанның басқа қа-лаларынан келіп, ағайын туыстарының үйіне тіркеліп, осы қаладан зейнетақы алып жүрген жандар есепке тұрғаннан

кейін әрі кетсе бір айдың ішінде баспанаға қол жеткізіп жүр. Бұл – біздің қала бас-шыларының, әсіресе Астана әкімінің үлкен жетістігі.

– Қазіргі кезде ардагерлерге қандай жеңілдіктер қарастырылған?

– Біздің қалада тұратын соғыс арда-герлері жергілікті бюджет қаражаты есе-бінен коммуналдық төлемдерден түгел босатылған. Олар пәтеріне, үйдің тұрған жеріне салық төлемейді. Елордадағы соғыс ардагерлері мен зейнеткерлер қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Сонымен бірге, олардың қаладағы орталық клиникалық госпитальде емделуге мүмкіндіктері бар. Қазір ол республикалық деңгейдегі кли-ника болғандықтан, онда сырттан келіп емделушілер қатары көбейіп кетті. Ал, қалған зейнеткерлеріміз Астанадағы №10 емханаға барып, ем-дом алады.

Тіс емдеу, жөндеу, шаштаразға, моншаға бару мәселелері де соғыс ардагерлері үшін тегін ұйымдастырылған. Өз беттерімен жүріп-тұруға қабілетті кейбір санаттағы ардагерлеріміз санаторий, курорттарға ақысыз барып жүр.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы бө-лінетін әлеуметтік көмекшілер жал ғыз-ілікті қарттардың үйлеріне барып, тамақ істеп, үйлерін жинап беруге жәрдемдеседі. Қысқасы, бүгінгі таңда елордада соғыс ардагерлерінің мәселесі жүз пайыз шешілді деп айтуға болады.

– Жеңістің жетпіс жылдығы жақын-дап қалды. Дайындық қалай?

– Мерейтойға дайындық жұмыстары басталып та кетті. Жыл сайын қала әкімдігі Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне көмек ретінде 150 мың теңге бөліп тұрады екен. Биыл да сол үрдіс жалғастырылады. Бұл, әрине республикамыздың басқа қалаларына қарағанда неғұрлым көбірек. Сонымен бірге, мерейтой қарсаңында қала мыздағы ірі компаниялармен келісіп, «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, игі шаралар атқармақпыз. Ардагерлерге кө-мек тесуден ешкім де бас тартып жатқан жоқ. Дегенмен, біздің басты мақсатымыз – мерекеде соғысқа қатысқан бір адам да назардан тыс қалдырмау.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Академия жетекшісі моңғол бай-тағының түркілер үшін өте маңызды екеніне, аталған кеңістікте ғұндар мен түркілер өздерінің далалық им-перияларын құрғанына тоқталды. Сол себепті бүгінде түркінің сүбелі жәдігерлері Моңғолияның салқар да ласында жатыр. Бабаларымыз ерлік пен өрлікке толы жырларын осындағы Орхон бойында жазды. Сондықтан, түп-түркінің тарихы, мәдениеті мен өркениетін түгендеуге көшкен Түркі академиясы үшін киіз туырлықты моңғол елімен байланысты нығайту өте қажет. Тараптар академия мен елшілік арасында әріптестік орнату, мәдени, рухани мұраларды бірге зерт-теу, тізе қоса отырып археологиялық және этнографиялық экспедиция

құру жайын талқылады. Көне түркі дәуірлеріне, ғұндарға қатысты ортақ ескерткіштерді зерттеу мен ортақ мәдени һәм тарихи шежірелерді зерделеу де сөз болды. Бұндай кез-десу лердің нәтижесінде талай құ-пия ны қойнына бүгіп жатқан бай-таққа ғалымдарымыздың барып-қайтуы мәселесі де жеңілдері сөзсіз. Моңғолия ұлттық ғылым академиясы мен Түркі академиясы арасында бай-ланыс орнату да терең талқыланды. Жас ғалымдардың өзара тәжірибе алмасу жайы да ұмыт қалмады. Тарап-тар алдағы уақытта ынтымақтастық меморандумын бекіту жағын қолға алған дұрыс деп тарасты.

Өз тілшімізден

«Жайықтың ақ шағаласы» атты әдеби-сазды сұхбат кеші 3 сәуір күні сағат 17.00-де Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (бас ғимарат, Тұңғыш Президент атындағы 208 ауди-тория) өтеді. Оқу орны жанындағы «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігі ұйымдастыратын жыр кешінде ақын шығармашылығынан сыр тартып, оқырмандарының сауалдарына жауап береді. Ша-раны бірлестік жетекшісі, белгілі әнші Кенжеғали Мыржықбай жүргізеді.

Келемін деушілерге есік ашық.

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Е.Ерденбекұлы алдымен бай-қау дың өтуіне белсене атсалысқан мекеме-кәсіпорын басшылары-на Астана қаласы әкімінің Алғыс хатын табыстады. Бұл құрметке бөленгендердің қата рында Есіл, Сарыарқа, Алматы аудандарының әкімдіктері, Ден сау лық сақтау, Білім, Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармалары, Ста-тистика департаменті, Еуразия гуманитарлық институты, Гума-ни тарлық колледж және «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінің ұжымы бар.

Жеті сала бойынша өткен до-дада жиырма төрт жергілікті мемлекеттік орган мен аумақтық мекеме, он төрт құрылымдық меке-ме, отыз денсаулық сақтау мекемесі, отыз бір мәдениет және спорт мекемесі, қырық төрт жоғары, орта және арнаулы оқу орындары, сегіз көлік, байланыс, халыққа қызмет көрсету орталықтары бақ сынасты.

Байқау қазылары шара бары-сында мейрамның ұлттық, ізгілік, қайырымдылық сипаттарына зор мән бергенін айту қажет. Әсі ре се, ұжым қызметкерлерінің толық атсалысуына, мерекенің пәл са-палық мазмұнын барынша ашуға, мәселен, қазақы киімдердің жара-

Жобаның бірі – «Алаш фило-софиясы» атауын алған. Оның ХХ ғасыр басындағы ұлттың болашағы үшін күреске түскен «Алаш» партиясымен байланысы бар ма? Бар екен. Кеңес төрайымы Айгүл Сәдуақасованың айту-ынша, жобаның негізіне партия қайраткерлерінің қазақ халқын ұйыстырушы идеясы алынған. Бұл жоба бойынша шетелде тұрып жатқан қандастарымызбен жұмыс жүргізілген.

«Шетелдің 25 елінде қазір Қазақстаннан өткен ғасырдың 20-30-шы жылдары өзге жұртқа қоныс аударып кеткен адам-дар дың үшінші-төртінші ұрпақ-тары тұрып жатыр. Соларға

«Қазақстанды қалай елестетесіз? Қ а з а қ с т а н ж ү р е к т е р і ң і з д е қандай әсер тудырады?» деген сұрақтарды қойдық. Сонда олар: «Біз Алаш идеясымен өстік. Қазақ жерінде болмасақ та, ата-ларымыз, әке-шешелеріміз бізге Алаш туралы үнемі айтып оты-ратын. Сол арқылы біз қазақтың кім екенін түсіндік» деп жауап берді. «Сөнбесін от алауы» деген ой осы жобадан шықты. Соңғы шығарған кітабымызды тура осылай атадық. Ондағы идея-мыз: қазақтың ішіндегі от кейде лаулап жанады, кейде бәсеңдейді. Ішіміздегі отымыз ешқашанда

сөнбесін дегенді айтқымыз кел-ген. Соның негізінде деректі фильм де түсірдік. Сол фильмде Франция, Германия, Түр кия елдерінде тұрып жатқан қазақ-тар мен әңгімелерімізді жазып алдық. Екі жылдан кейін, «Алаш» партиясының көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына орай жобамызды аяқтап, тұсауын кесеміз деп ой-лаймын» деді бұл жөнінде Айгүл Кәкімбекққызы.

Аталмыш жоба туралы Қазақ-стан халқы ассамблеясының ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі Айдар Әбуов те өз пікірін қоса кетті. Оның ой-ынша, «Алаш» партиясының

тарихы әлі толық зерттелмеген. «Алда әлі атқарар жұмыстар көп. Тарихшылардың І конгрессінде бұл мәселе көтерілген. Қазірде Алашты зерттеуді қолға алдық. Әлихан Бөкейханов туралы кітапты да дайындап жатырмыз» деді ол.

Кеңес хатшысы Наталья Ка-лашникова тарихымызға қатысты тағы екі халықаралық жоба жөнінде мәлімет берді. Оның біріншісі – саяси қуғын-сүргін жылдары туралы болса, екіншісі – Ұлы Жібек жолына арналған.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

сым дылығына, ойындар мен салт-дәстүрлердің дұрыс орындалу шебер лі гіне, безендірілу деңгейіне жіті назар салды.

Сайыс кезінде белсенділік таныт-қан «Астана орманы» ЖШС салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, ұлттық ойында-рымызды әсерлі көрсетсе, Балалар психоневрологиялық-медициналық әлеуметтік мекемесі денсаулығы на-шар жеткіншектердің өмірге деген қызығушылығын арттыра білді.

Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі тағдыр тәлкегіне түсіп, жанарларын мұң шалған қариялардың езулерне күлкі ұялатып, шат-шадыман күйге бөледі. Статистика департаментінің байырғы дәстүрлерімізді жаңғырта көрсетуі көпшілік көңілінен шықты. Шараны ұйымдастырушылардың байқаудың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан №1 аурухана, №2, 9 емханалар, №2 балалар ауруханасы, Дермотология және венералогия қатынас ауруларын алдын-ала ем-деу орталығы, Тәуелсіздік сарайы, Жастар сарайы және Ішкі саясат басқармалары ұжымдарына риза-шы лық тары бөлек.

Сайыстың нәтижесінде Қазақ экономика, қаржы және халық ара-лық сауда университеті, М.Тыныш-баев атындағы көлік және коммуни-ка циялар академиясының Ақмола колледжі, №1 аурухана, Әділет депар таменті, «Сапаржай-Астана» ЖШС, Тәуелсіздік сарайы меке ме-лері бірінші орыннан көрінді.

Салтанатты жиын соңында Ер-бол Тілешов сөз сөйлеп, Наурыз мейрамының қазақ халқы үшін зор маңызға ие екенін атап өтті. «Бес ғасырдан аса тарихы бар Ұлыстың ұлы күні қай заманда да салмағын жоғалтпақ емес. Ұлттық мерекені әрбір ұжым қал-қадірінше атап өтуге тиіс. Десе де, осынау той бары сында салт-дәстүріміз бен мәде ние тімізді, әдеп-ғұрпымыз бен ырым-жоралғыларымызды әлі де айыра алмайтын, ұғына ал-майтын замандастарымыздың бар екені өкінішті. Мәселен, ұлттық сипаттағы мерекеде өзгенің биін әспеттеп, әнін әуелетудің қажеті қанша?! Тіпті, қарапайым тұсаукесер рәсімін дұрыс орындай алмағандар кездесті шара кезінде. Ана тілімізге де мән беру керек еді.

Әрине, Наурыздың төл дәс түр-ле рінің жетілдіретін тұс тары әлі де баршылық. Соларға аса мән беріп, қазақ мәдениетін айшықтайтын той думанына жұмыла атсалысқанымыз дұрыс» деді басқарма басшысы.

Асхат РАЙҚҰЛ

5www.astana-akshamy.kz

Алма:

– Денсаулығыңызға алаңдауыңыз құптарлық. Дәрігерге неғұрлым ертерек көрініп, емді ертерек қабылдасаңыз, ауруды да тезірек жеңуге болатынын естен шығармаңыз. Уақыт созбай, алдымен учаскелік терапевт дәрігеріне көрініңіз және дәрігеріңіз қажет деп санаса, міндетті түрде флюорографиялық тексеруден өтіңіз.

Майра:

– Егер сіз №2 қалалық емха-наның аумағында тұратын бол-саңыз, біздің тіркеу бөлімімізге жеке куәлігіңізбен келіп, өтініш білдіресіз. Біздің емханаға тір-ке л ге н н е н ке й і н у час ке л і к терапевтің тексеруінен өтіп, гинеколог-дәрігерге жүктілігіңіз бойынша есепке тұруға мүм-кіндігіңіз бар.

– Ол үшін сіз жеке куәлігіңіздің көшірмесін ұсына отырып, емхана бас дәрігерінің атына осы емханаға бекітілуге өтініш жазуыңыз қажет.

Қайролла:

– Бұл екпе ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2012 жылғы 22 қазандағы «Адамның папилломавирустық инфекциясын енгізу туралы» №529 бұйрығы негізінде Астана қаласы бо-йынша наурыз айынан бастап егіле бастады. Ол үшін алдымен №2 қалалық аурухананың базасында арнайы ашылған каби-нетте дәрігердің толық тексеруінен өтесіздер. Дәрігер рұқсат еткеннен кейін ғана екпе жүргізіледі. Ол 11-12 жастағы қыз балалар арасында жатыр мойны обырының алдын алу және оның туындау қаупін төмендету мақсатында жасалады.

Адамның папилломавирустық инфекциясы – бұл папил-ломавирустық инфекция тудыратын созылмалы жұқпалы ауру. Астана қаласында адамның папилломавирустық инфек-циясы вакцинасының 2 негізгі типі қолданылуда. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының бағдарламасы бойынша Гардасил және Церварикс ұсынылады.

Сұлушаш:

– М е к е н ж а й ы ң ы з д ы айтыңызшы.

– Ондай жағдайда, әрине, дәрігерді үйге шақыр туы-ң ы з ға б ол а д ы . Себ еб і , Бейбітшілік көшесіндегі №72 ү й ем х анамызд ың Ә.Мол дағ ұлова көшесі , №33 үйде орналасқан бала-лар бөлімшесіне қарайды. Сондықтан баланың дене қызуы көтеріліп, ауырған жағдайда 39-72-88, 57-83-32, 57-83-48 телефон-дары арқылы хабарласып, дәрігерді үйге шақыртуға болады. Содан кейін учас-келік дәрігер келіп, бала-ны толығымен тексеріп, ем тағайындайды.

Алтын:

– Нақты медициналық ұ й ы м н ы ң а у м а ғ ы н д а тұратындар бекітілген тұр-ғындар регистрі базасын-да тіркелуі тиіс. Бұл тегін медициналық көмек алуға кепілдік беретінін естен шығармаңыз.

Сайлау:

– ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №726, №786 бұйрықтарының қосымшасына сәйкес, диспансерлік есепте тұрған науқастарға тегін босаты-латын дәрілік препараттардың тізіміне өзгерістер енгізілді. Осыған орай, «конкор» препараты «бипролға», «лариста» препараты «кондесарға» ауыстырылды. Препараттардың саудадағы атауы өзгертілгенімен, әсер ету механизмі ұқсас.

Сонымен қатар, бұл дәрілер енді тұрғындардың әлеуметтік-қамтылған қосымша санатына да – зейнеткерлерге, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, жүкті әйелдер мен 18 жасқа дейінгі балаларға және т.б. беріледі. Бұл санаттағылардың дәрілік препараттар тізімі кеңейтілген.

Болатбек:

– Дұрыс. Өйткені, у час кел і к дәр і гер алдымен науқасты тексеріп, оларға са-раптама жү ргізіп, қажет болған жағ-дайда арнайы маман-дарға жолдайды.

Раушан:

– Алдымен ол кісі өзінің учаскелік дәрігеріне тексерілуі керек. Содан соң, егер ешқандай қарсы көрсеткіштері болмаса, қасында алып бара-тын адам болса, ондай жағдайда демалыс үйінде немесе санаториялық-курорттық ем алуына болады.

Балерке:

– Тұрғындардың арнайы жас мөлшеріне байланысты аурудың алдын алу үшін скринингтен өтуі керек. Осы арқылы арнайы жас мөлшеріне байланысты қандағы қант құрамын, холестерин мөлшерін, көз қысымы, қан қысымын анықтау және сүт безінің обыры, жатыр мойнының обыры, тікішек обыры, простатанды анықтау, асқазан-өңеш жолдарының обыры, қан құрамындағы В және С вирустық гепатиттері маркерін анықтау жүргізіледі. Скринингтік тексерілу барысында анықталған науқастар диспансерлік есепке алынып, арнайы қан қысымы және қан құрамында қант анықталған жағдайға байланысты тегін дәрілік препараттар жазылады.

Айсұлтан:

– Учаскелік дәрігеріңізге келіп, қайтадан барлық талдауларды тапсырып, талдаулар нәтижесімен кардиолог дәрігеріне барыңыз. Егер кардиолог дәрігерінің шешімімен мүгедектік белгілері болған жағдайда сіздің мәселеңіз арнайы комиссияның талқылауына жолданады.

Айгүл:

– ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы №1472 «Тұрғындарға стационар алмастырушы көмек көрсетуді бекіту туралы» бұйрығы негізінде учаскелік терапевт дәрігеріне тексерілу арқылы барлық тал-дауларды тапсырасыз. Сырқат екеніңіз анықталса, күндізгі стационарда жатып емделуге және де үй жағдайында тегін медициналық көмек алуға құқығыңыз бар.

Смағұлова:

– Әрине, болады. Тек алғашқы жедел көмекке ғана жүгіне аласыз, ал жоспарлы түрдегі емді өзіңіздің еліңізде аласыз.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

БАСПАСӨЗББ

Баспасөздің басты миссия-сы - шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету. Әлгі тезистің өзі ғана ақиқат бола алмайтыны

бесенеден белгілі, сондықтан да ақиқат антитезис арқылы синтезге жету бары-сында анықталады. Сол синтезге апа-ратын сүрлеудің барлық бағыттарында журналистер жүреді. Біз бұл жерде оппозициялық басылымдарды айтып отырғанымызды оқырман біліп отырған болар. Шынында да әлгі синтезге жетуде ол газеттерге қысым жасап керегi жоқ. Шыға берсiн. Олар шулауға iлiк таба алмай отырған кейбір сәттерде әкiмшiлiк ресурстар оларды жабуға тырысады. Бұл – билiктiң өзiне зиян. Оқырманның қазір көзі қарақты, көңілі ояу. Ақ-қараны айыра білетін адам үшін ақиқатты өзі анықтағаны қоғам үшін әлдеқайда пай-далы дер едік. Сондықтан да антитезис ауадай қажет. Және де демократиялық қоғамда олар бізден сұрамайды да. Олай болса, жалпы журналистика өзінің басты миссиясын толық орындап отыр деп батыл айта алатынымыз хақ. Әрине, астын сызып айта кетер бір мәселе, ақиқатты бір басылым жалғыз өзі айтып отырмаған шығар, бірақ барлық басы-лымдарды бажайлау арқылы ақиқатты табу қиын емес. Ақиқатқа ұжымдық жолмен жетудің де өз артықшылығы бар. Мұнда объективті пікірге оқырманның өзі жететіні – ерекше құбылыс. Қазіргі қазақ журналистикасының жалпы кар-тинасын осылай сипаттауға болар еді.

Д е с е к т е , қ а з і р г і қ а з а қ журналистикасының хал-ахуалы туралы салған жерден айтып кету – қиынның қиыны. Әрине, бұл қазақ журналистика-сы әлі қалыптаспады дегенді білдірмесе керек. Керісінше, ұлттық журналистика өзінің көп палитралы кемел шағына қонғанына біраз уақыт болды. Дәл қазір оны бір арнаға түсіп үлгерген үлкен механизмге теңеуге болар еді. Дегенмен, уақыт талабы қашан да қатал. Сондықтан да болар, әлгі механизм қашан да унификацияны талап етіп отыратыны – заңдылық.

Журналистер арасында әзіл әңгіме бар: «Күн шықпаса да, «Егемен» шығады». Осы сөздің астарында журналистиканың өмірдің өзіндей қажетті қажеттілік екені анық байқалады. Қандай жағдай болғанда да, бұқаралық ақпарат құралдары өз жұмысын тоқтатпайтындығы көп нәрседен хабар береді. Сондықтан да ол өміріміз қандай болса, солай бейімделіп отыратыны да – айқын құбылыс. Әлгінде ғана айтқан унификация деп отырғанымыздың мәнісі осында жатыр. Анығы сол, бүгінгі картинаны көз алдымызға алып келу шегініссіз мүмкін емес. Логикалық тұрғыдан да. Бүгінгі әңгімеміздің мақсаты тұрғысынан да.

Айтары жоқ, соңғы отыз жылда қазақ журналистикасы бір арнаға баяғыда түсіп үлгерген басқа өркениетті елдердің баспасөзіне қарағанда талай тотанақты басынан өткерді. Сексенінші жылдардың ортасында басталған «пікірлердің әр алуандығы» деп аталатын горбачевщина бір құбылысты әртүрлі бағалауға әкеп тіреп қойды. Қатып қалған жалғыз ғана пікірге құрылатын коммунистік журналис-тиканы неше түрлі бағыттағы медиа-холдингтер ауыстырғалы қай заман?! Бүгінгі таңда Қазақстанның ақпарат кеңістігінде үкіметтік, партиялық, олигархиялық, оппозициялық, салалық, жекеменшіктік және тағы басқа баспасөз құралдары бейбіт қатар өмір сүре баста-ды. Мемлекет мүддесін алдыңғы планда қорғайтын ресми газеттер реестрінің сақталып қалуы билік позициясын әлсіреуден алып қалғаны бұқаралық ақпарат құралдарының шын мәнінде

төртінші билік екенін айқындай түсті. Мұның өзі тәуелсіздік туын тұғырға

қондырған кезде, әсіресе, ұлттық құндылықтарымызды түгендеуге мүмкіндік бергені сөзсіз. Баспасөз ұлтты ұйыстырды. Ұлт құдіреті бірлікте екенін баспасөз дәлелдеді. Қоғамды алмағайып өларада алдағы күнге сенімділікпен қарауды үйретті. Тоқсаныншы жылдары қазақ журналистикасы тарихымыздағы талай ақтаңдақтарды ашты. Ұлтымыздың өшкені жанып, жоғалғаны табылуы-на қазіргі қазақ журналистикасының сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Әсіресе, осы жылдары қазақ публицистикасы өзінің шарықтау шегіне жетті десек, қате айтпаймыз. Алашордашыларды тарих сахнасына қайта шығарудан бастап социалистік қоғамдағы репрессия құрбандары туралы ащы шындықтарға дейін қазақ басылымдары жарыса жазған тұс осы болды. Мемлекеттік саясаттың ұлттық басымдыққа ие бо-луына да қазақ газеттерінің игі ықпалы болғанын қазір ұмытуға болмайды. Бір қуанарлығы, жас мемлекеттің басындағы барлық мәселелердің халықтық тұрғыдан жазылуына тек үкіметтік ғана емес, барлық қазақ тіліндегі алуан түрлі позициядағы газет-тер де мұрындық болды. Тоқсаныншы

жылдардағы қазақ газеттерінің ұлттық тақырыптарды корпоративтік рухта ауызбіршілікпен жаза білгендігі тек қана халықтың еңсесін көтеріп қойған жоқ, сонымен бірге алға жылжуымыздың бағдаршамындай болғаны рас.

Жалпы, біз өз ұлтымыздың басынан өткен сан қилы зауалды жақсы білеміз. Дей тұра, дербес мемлекеттікке қол жеткізе алмай зарлаған үш ғасырлық кіріптарлық көп құндылықтарымыздан айырылуымызға әкелгенін біле тұра, қазіргі тәуелсіздігіміздің критерийін әркім өзінше бағалаған кез де болғаны шындық. Бұл, әсіресе, оппозициялық ба-сылым беттерінен анық көрінді. Енді кез келген адамды да, кез келген құбылысты да қаралағысы келсе — қаралай сала-тын, ақтағысы келсе — ақтай салатын

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

БЕРЕНСӨЗІМЕН БАҒАЛАНАДЫ

«сары баспасөз» сахнаға шықты. Диалектикалық материализм тілімен кестелесек, антогонистік емес қарама-қайшылықтар дегеніміз осы шығар, бәлкім?! Қысқасы, қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары баяғы біз отыра қалып, ит терісін басына қаптайтын буржуазиялық баспасөзге айналғаны ақиқат. Ат төбеліндей азғантай ғана топтың мүддесін қорғайтын осындай баспасөзді қалай атауға болады?

Сондықтан да азат мемлекеттігімізді, ш е к а р а л ы қ т ұ т а с т ы ғ ы м ы з д ы , әлеуметтік бірлігімізді сақтау мен н ы ғ а й т у д ы ң , э к о н о м и к а л ы қ іргетасымызды бекітудің зіл батпан салмағы атқарушы биліктің иығына түсіп тұрғанын тек мемлекетшіл баспасөз ғана халыққа дұрыс түсіндіре алды. Мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам институттарының өзара қарым-қатынасы елдің үкіметтік БАҚ (жалпыұлттық газеттер мен жергілікті басқару органдарының басылымда-ры) арқылы жүзеге асатынын ескер-сек, олардың көп қырлы қызметіне тұтас қоғамның түсіністікпен оң ықпал етуіне жол ашылғанын топшылау қиын емес. Осы газеттер беттерінде халық өз ұсыныстарын нақты айту арқылы мемлекеттік басқару ісіне араласуын

қамтамасыз ете білетіні айтпаса да түсінікті.

Қазақ журналистикасының осы кезең ішінде тағы бір бағындырған белесі деп нарықтық экономика канондарын халыққа түсіндіру болды. Бұл өтпелі кезеңде оқырманның нарықтық эконо-мика туралы таным-түсінігін кеңейтуге деген талаптан туындады. Аталмыш тақырыпты да қазақ журналистері біршама меңгерді. Біздің қоғамда бұл тақырыпты орыстілді журналистер терең қаузайды деген пікір қалыптасқан. Бұған өз басым қарсымын. Экономика тақырыбын орыстілділердің үңгiп, зерт-теп жатқаны да шамалы. Сосын мына бір мәселеге назар аудару керек. Қазақстанда экономикалық талдау материалдардың бәрi тиісті құрылымдарда мемлекеттік тілде емес, ресми тiлде жазылады. Бұл орыс журналистеріне “дайын асқа – тік қасық” деген принциппен жұмыс істеуге мүмкіндік бередi. Олар өз кезегінде ма-териалды тек газеттiң стилiне бiршама келтiрiп, басылым бетiне жариялайды. Көбінше техникалық жұмыс атқарады. Ешқандай креатив жоқ. Ал, бiздің жұмысымыздың тотанағы бастан аса-ды. Қазақ журналистерi орыс тiлiндегi экономикалық сараптамалардың табиғатын әуелi түсiнiп алуы үшін уақытын кетіреді, бұл – бiр барьер. Содан соң қазақшаға аудару қажет, бұл – екiншi барьер. Үшiншiден, оны қазақтың менталитетiне ыңғайлап, қазақ оқырманы түсiнетiндей деңгейде жазып шығу керек. Сондықтан да эко-номика тақырыбында жазатын қазақ журналистерінің жұмысын лайықты дәрежеде бағалайтын кез әлдеқашан келді.

Күндіз де, түнде де ұлт болашағы үшін ұйықтамайтын журналистердің

бөлек бір буыны бар. Ол буын — жиырмасыншы ғасырдың төртінші ширегіндегі өтпелі кезеңде журналист болып нан тапқан біздің буын. Олар айырмашылығы жер мен көктей екі түрлі журналистиканы жалғап тұрған алтын көпірдей көрінеді маған. Пақырлардың пешенесіне «тауларды аласартпай, даланы жаңғырту» миссиясы жазы-лыпты. Олар кеше ғана социализмнің сойылын соғып, сыбызғысын тартса, бүгін капитализмнің қамытынан қашып құтылмайтынына көз жеткізіп, күйін күйттеуде. Бұл құбылысты сатқындық категориясына өз басым жатқыза ал-маймын. Адам қоғамнан қалай тыс өмір сүре алмаса, журналист те сол қоғамның құлдығынан қалай қашып құтылар еді?!

Баяғыда қаламын тістеп отырмаса, ша-быты келмейтін сол жайсаңдар компью-тер деген кереметтің құлағын шертуді үйренуге мәжбүр болды. Бұрын «жа-сампаз совет адамының» жан дүниесін зерттеген олар енді қалталы қазақтардың мүддесін қорғауды үйрене бастады. Жоспарлы экономиканың жа уыр болған цифрлары мен проценттеріне шайтан аяғын сындырып жатқанда да сыр бермейтін социалистік баспасөз жауынгерлері қазір макроэкономис-тер мен менеджерлерді сүріндіретін

құйтырқы сұрақтар қойып, сұхбаттаса беретін болды. Бір журналистиканы табиғаты бөлек басқа бір журналистикаға айналдырып жіберген осы буынды алтын көпірге теңеп отырғаным да сондықтан.

«Көне» журналистиканың кейбір канондарын саналы түрде сақтап қалған қазақ баспасөзі қазір өзінің техни-касы мен технологиясын жаңартып үлгергенімен адами фактор мен мемлекетшілдіктен ауытқи қойған жоқ. Олай дейтінім, арзан ақпарат үшін аяғынан таусылып, күн ұзаққа жүргенде жүз жол жазбайтын «диктофонный журналистерге» қарағанда Адам туралы толғайтын және Ұлт болашағын ойлай-тын туындыгерлер әлі де баршылық.

Мен, ең алдымен, осыған қуанамын.Алайда, мұның бәрі енді бір жиырма

жылдан кейін тарих қойнауына кіріп, ұмытыла бастауы да мүмкін-ау. Қазір болып жатқан құбылыс көз алдыңнан тасалана берген сайын көңілден де кете бастайтыны - диалектикалық заңдылық. Біз қаласақ та, қаламасақ та журналистиканың табиғатын гуманита-риядан технократицизмге бұру басталды. Бұл «соғыста» енді бәрібір солар жеңіске жетпей қоймайды. Урбанизацияның қатал заңы сентиментализмді осы-лай таптай бермек. Қазақ мерзімді баспасөзінің бүгінгі таңдағы бағыт-бағдары туралы соңғы кездері жиі айтыла бастады. «Нұр медиа» холдингіне қарасты біраз газеттердің порталдық нұсқаларға көшірілуі бұл әңгімені онан сайын ушықтыра түскені рас. Әлемде бұл үрдістің көптен белең алғаны тағы белгілі. «Вашингтон пост» газетін қазір сатып алушылар өте аз. Есесіне оның сайттық нұсқасын күніне 5 миллион адам оқиды. WWW - нағыз әлемдік шырмауық екенін түсінетін кез әлдеқашан келді! Әлемдік заманауи жаңалыққа ілесетін уақытымыз туды! Бірақ, біздің буынның оқырманы тасқа басылған қағазды қолына ұстап отырмаса көңілі көншімейді! Дәл осы жерде есіме «Москва слезам не верит» фильмі түсіп отыр. Есіңізде ме, опера-тор жігіттің айтқаны? Олай болса, кез келген өнер құрып кетеді дегенге өз басым сене бермеймін. Газет те қанша жерден кәсіп дегеніңмен өнерге жатады. Өнердің элементтері онда толып жатыр. Сондықтан да газет құрып кетеді деген әңгімеге әзірше мотивация көріп тұрған жоқпын. Дегенмен, ойланатын мәселе баршылық.

Тарих үшін жиырма жыл деген не, тәйірі! Болмашы ғана сәт. Сол бір өзіңе аса қымбат та, қазыналы сәтті ұстап тұру мүмкін емес. Баспасөз баррикадасының басқа басындағылар бізге жақындап келіп қалды. Екі бірдей формацияның қ ұ қ а й ы н к ө р г е н а л т ы н к ө п і р журналистикасының өкілі ретінде қазақ журналистикасының соңғы жиырма жылдағы тігінділері осы кезеңнің барлық қарама-қайшылығын көз алдымызға әкелетініне сенгім келеді. Әрине, біз бұл мақалада Тәуелсіздік алғалы бергі ұлттық баспасөздің тарихына шолу жасауды алдымызға міндет етіп қоюдан аулақпыз. Бұл журналистика тарихы-мен айналысатын ғалымдарымыздың айтар әңгімесі болса керек. Мен бүгін қазақ баспасөзіндегі негізгі проблемаға кеңірек тоқталғанды жөн көрдім. Қазақ газеттерінің таралымы неге аз? Қазақ газеттерінің неге беделі төмен? Осы

сұрақтар мені ерекше мазалайтынын жасыра алмаймын. Маған студенттер «Қазақ басылымдарының арасында жікшілдік бар ма?» деген сұрақты жиі қояды. Қазақ басылымдарының таралы-мы аз болып отырғанда, қоғамдық пікірге ықпал етіп отыр деп айту қиын. Белгілі бір деңгейде әсері болуы мүмкін. Алайда, ауыз толтырып айтатындай ықпалы жоқ. Ықпалы болмағаннан кейін жікшілдік қайдан болсын. Ал тікелей отандық журналистикада топтық мүдделердің төңірегіне топтасқан басылымдар бар екені анық. Бұл — белгілі бір қаржылық топтардың, медиа-магнаттардың, жеке бақуатты тұлғалардың мүддесіне қызмет ететін бұқаралық ақпарат құралдары. Олардың арасында белгілі бір мүдделерге қатысты қарама-қайшылық туындап, бір-бірімен астыртын күрес жүргізіп жататыны – бесенеден белгілі жәйт. Ендеше, жікшілдікті осы төңіректен іздеген дұрыс.

Осыдан жиырма жылдан астам бұрын “Арай”-“Заря” деген журналда бас редактор болып отырған кезде Әшiрбек Көпiшев ағамыз теледидар-дан берген сұхбатында “Газет-журнал дегенiмiз – тауар” деп айтып қалды. Сол кезде «тауары несi, газет дегенiмiз руха-ни азық қой» деп айтқандар жыртылып айырылды. Адам психологиясы - өте қиын құбылыс. Тың ойды тітіркеніп қабылдайды. Ал, қазір нарық заманының канондарына біршама бағынып қалған халық газеттiң тауар екенiне көзi жетiп отыр. Ендігі жерде баспасөздің төңiрегiнде жүрген бәріміз де осы тауа-рымызды қалай өткiзудi ойластырып, соның жолдарын қарастыруымыз ке-рек. Осы жағына әлi де енжар екенімізді мойындауға тура келеді. Бiздiң елiмiзде газет рыногы қалыптасқан жоқ. Оның өзi – бiрте-бiрте логикалық жолмен жүретiн нәрсе. Экономикалық жағдай жақсарғаннан кейiн де орыстілді га-зеттерге қызығушылық басым. Қазақ газеттерiнiң рыногке батыл кiре ал-май жатқанының нақты объективтi себебi қазақ оқырмандарының аздығынан көрінеді. Ауылдағылардың ақшасы жоқ, шаһардағылардың қазақ баспасөзiне қызығушылығы шамалы. Қала қазақтарының көбi өзiнiң менталитеттерiне жақын орыс газеттерiн алуға бейiм тұрады. Қазақ газеттерiн автомат тiреп тұрып алды-ра алмайсың. Дегенмен, қазақ тiлiне бет бұрып жатқан қала қазақтары да бiршама. Ендi бiр 10 жылдан кейiн қазақ газеттерінiң таралымы көбейедi деп ойлаймын. Мысалы, апталық газеттер 20 мың дана тираж алса,

ол газеттiң болашағы жаман емес. Таралымы аз газеттердiң, шы-нын айту керек, еңбегi зая кетiп жатыр. Жергiлiктi әкiмдiктердегi баспасөзбен айналысатын адамдар әлi стереотиптен шыға алмай отыр. Баспасөзге жазылу бұрынғыша ескі дағдымен, әкімшілдік-әміршілдік әдіспен жүзеге асырылады. Мони-торинг жүргiзіліп, оқырмандарға ешқандай бағыт-бағдар беріп жатқан ешкім көрінбейді. Облыстық және аудандық газеттерге жаздырсақ, жарап жатыр деп ойлайды. Сөйтіп, халықтың көзiн ашатын басқа да са-уа тты газеттер таратылмай қала бередi. Сондықтан республикалық газеттерге жергiлiктi жерлерде мониторинг жас-ап, қоғамдық таратушыларға бағыт-бағдар берген жөн. Мысалы, мектеп-терде, кәсiпорындарда республикалық газеттердiң әрқайсысымен жеке таныс-тырып, ұстанымын, бағытын көрсетiп отырса дейсің. Алайда, бұл жұмыстарды газет өзі жүргізбесе, оны атқаруға ешкім де мүдделі емес. “Біреудің жоғын біреу түйеге мініп жүріп іздейдінің” кебі. Мен “облысымыздың халқы пікір алуандығын қалыптастырсын, әр түрлі газет оқысын” деген әкім-қараны естіген емеспін. Мұның бәрі нондалып қалған нәрсе екеніне көзім жеткен соң айтып отырмын. Олар жаңа газеттерді қолдамақ тұрмақ, сенің газетіңе жазылғалы тұрған адамның өзіне тоқпақтап жүріп өзінің облыстық газетін өткізіп тынады. Ал, бір газеттен артық жазылуды қарапайым халықтың қалтасы көтермейді. Қазақ газеттерін Қазақстанда рыногке шығару машақатын француздар өліп жейтін шаянды өзбектің базарына шығарып, “алың, алың” деумен бірдей. Жабайы түсіндірсек, осылай. Қысқасы, өзбектердің шаянды сатып алғысы келмейтіні сияқты қазақтардың да өз тіліндегі газетті оқуға құлқы бол-май отыр. Сырнайлататын ештеңе жоқ, төтесінен тартсақ, осы әңгіме жетпіс пайыз шындыққа саяды. Бұдан кейін Қазақстанда газет рыногы қалыптасты деп кесіп айту қиын. Сондықтан да әр га-зет менеджмент пен маркетингті мықтап қолға алуы қажет.

Қорыта айтқанда, бізге газет ісінде үлкен реформа керек! Жоғарыда айтқан ұйымдастыру мәселелерінен де маңызды проблема – газет контентін жоғары дәрежеге көтеру. Басылымдарымыздың мазмұнын байытпай «ел қазір газет оқымайды» деген байбаламымыз да негізсіз болар еді. Ең алдымен, жылтыр сөзді құрту керек. Қазір ой керек! Қысқа сөздің қауызына әп-әдемі қондыра сала-тын ойды меңзеп тұрмын! Ой болғанда да ешқайда бұра тартпайтын ортадағы ойды айтамын. Баспасөз қашан да жылтыр сөзімен емес, беренсөзімен бағаланады. Белгілі бір мәселені бүге-шігесіне дейін түпкілікті зерттеу материалдарға құрылған бір номердегі үш айқара беттен тұратын «Айқара» деген жеке газетімді өз серіктестеріммен бірігіп шығару арқылы қазіргі заманауи газеттің бет-бейнесі қандай болуы керектігіне өз қал-қадірімізше барлау жасап көрген едік. 2008 жылы 23 номері ғана шыққан осы басылымды жұрт жаман қабылдаған жоқ. Сол газеттің концепци-ясын қазіргі мерзімді баспасөзге ұсынар едім. Шын мәнінде қазіргі заманғы газетте жаңалық жариялап берекет таппайсың. Газет структурасы біздің заманымызда танымдық-сараптамалық мақалаларға құрылуы керек. Сонда ғана біз газеттерді қорғап қала аламыз. Сонда ғана біз басқалармен бейбіт қатар өмір сүру құқына ие боламыз!

Шархан ҚАЗЫҒҰЛ

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Ертеңгілік жұмысқа келер-де итерісіп, жармасып автобусқа мінеміз. Екі-үш

аялдама өткенше жең жыртылып, жаға қисайғанына қарамай, бір ғана мақсатты ойлайсың. Есіктен құлап қалмауың керек. Сол есігі құрғыр жабылғанша, сосын ашылған кез-де жазатайым жағдайда ұшырап қалмасам дейсің. Шамасы бесінші аялдамаға жеткенше жаның шыда-са болды. Онда автобустағылардың

пиғылды әрекеттер жасауына қатыс ты алдын алу жұмыс та рына көңіл бөлінуде.

Айта кеткен жөн, «Голубой парус» жеке білім беру мекемесі ди рек то ры ның бастамасымен жай сыз от ба сы дан шыққан үш бала тегін оқуға кірісті. Нәтижесінде, екі ба ла ның шешесі ішімдік ішуді қойып, өз-өзде рі не келіп жұмысқа орна лас қан. Ал, балалардың оқуға ын тасы артып, мектептен тыс шара лар ға белсене қатысуда.

Сондықтан, бала тәрбиесіне кел ген де, қоғам болып белсенділік таныт қа нымыз абзал.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

К е ш к і л і к ж ұ м ы с т а н ж а й шығамыз. Мұнда басқаша жағдай. Автобуста адам аз болады. Бірақ, одан да таң ғы автобустағыдай иін тіресіп тұр ғаны жақсы ма деп ойлаймыз. Таңғы автобусқа кіру қиын болса, мұнда ең қиыны кірген соң. Анау да, мынау да орын береді. Танып жатқандары шамалы. Жасы үлкен деп сыйлағандары шығар. Сонда өзіңнің елуді еңсергеніңді сезесің.

-

өте өзекті. Себебі, ата-ана баласы туғанда оның құжатын АХАЖ ор ган да рына уақытылы тір ке-мей ді екен. Осылайша, комис-сия шеші мі мен балалар мектепке

тартылып, 12 жастағы жас өс пі-рім туу туралы куәлік алды. Айта кету керек, Бала лар дың құқық та-рын қор ғау бас қар масы құрыл ға-лы бері, яғни, жар ты жыл ішінде маман дар 5 бала ның құжат алу-ына көмек тес кен, тағы 3 балаға құжат рәсім де луде. Осы жағдай бойын ша жайсыз отбасылар мен олар дың балаларымен, «тәуекел тобын да ғы лар мен» алдын алу жұмыстарын күшей тіп, балалардың мектепке себепсіз келмеуіне жол бермеуге шара лар қолдануда. Со-нымен қатар, ата-аналар немесе олардың заңды өкіл дерінің бала тәрбиелеуден жалтаруы, балаларды қаңғыбастыққа итер ме леу, теріс

Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқыларын қорғау жөніндегі комиссия – тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган. Оның құра мына мемлекеттік және құқық қор ғау органдарының, Зорлық пен зом бы лық тың салдарынан өмірдің қиын жағ дайына тап болғандарға арнал ған дағдарыс орталығының, «Әді лет» кәсіподақ ұйымының және Ме ди ци налық-әлеуметтік сау ық ты ру ор та лығының өкілдері кіреді.

Астана қаласы әкімінің қаулы-сы мен жыл басында Кәмелетке тол ма ған дардың ісі және олардың құқы ла рын қорғау жөніндегі комиссияның міндеті Балалардың құқықтарын қорғау басқармасына берілді. Осы уақыт ішінде 4 рет ко-миссия отырысы өтіп, 36 материал қаралды. Айта кету керек, комиссия өткен отырыстың тапсырмала-ры бойынша есеп беруді дағдыға айналдырған. Талдау көр сет кендей, қаралатын мәсе ле лердің басым бөлігі – ата-ана құқы ғын шектеу немесе айыру, бала лар ды арнайы білім мекемелеріне жіберу, ата-ана-ларды ішімдік ішу мен есірткіден бас тартқызу үшін күш теп емдеуге жіберу сияқты болып келеді.

Мәселен, қаңтар мен наурыз ай-ла рын да 10 адам ата-ана құқынан айырылды. Тағы бес ата-ананың құқы на шектеу қойылса, алтауы күштеп емдеуге жіберілді.

Алаңдататын тағы бір жайт, кәме-лет ке толмағандардың қоғамдық жер лерде әкімшілік құқық бұзуы белең алып тұр. Өкінішке қарай, жасөспірімдер өз қателіктерін дер ке зін де түсінбейді. Өзінен үл кен дердің жетегінде кетіп, қате-лік терге жол береді. Осыдан келіп оң-солын таны ма ғандар қылмысты болып шыға келеді.

Кешкілік және түнгі уақытта кіре бе рістерде, аулада, саябақта, көңіл көтеру, ойын-сауық орын-дарында тәртіп бұзатын, ұрлық-қарлық жасаймын деп ұсталып қалып жатқан жасөспірімдер де бар. Мәселен, комис сия ның төрт оты ры сын дағы алты материал бөгде адам ның затын ұрлау дерегі бой ын ша қаралды.

Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқыларын қор ғау жөнін дегі комиссия 2014 жылғы кешенді жоспар жасауда кәме лет ке тол ма ған дардың қайтадан қыл мыс-қа баруының алдын алу мақсатында жас өс пі рім дерді ведомствоаралық

«бақытты». Бір жағының бір саны артық болса – кездесу. Әй, күні бойы кіммен кездеспейсің. Екі сан артық болса – дастархан. Расында, ондай билет ұстаған күні аяқ асты-нан қонаққа барып қаламыз.

Сонымен, кезекті билетті алдық. Бұл жолы бақытымызды іздеуге үлгермедік. Жайшылықтағы көк бояулы емес, мынау қызыл түсті билет екен. Бастапқыда наурыздың құрметіне мерекелік билет пе деп едік. Жоқ, сыры басқаша бо-лып шықты. Бұл 20 теңгелік бала-лар билеті екен. Солай жазылып тұр. «20 теңге» деген құны да көрсетіліп тұр. Осы автобусқа кіргенде бірер жас орын ұсынып, кондуктордың өзі және бір бос орынды көрсетіп жасымыздың үлкен екенін қайта-қайта сездіріп еді. Енді беріп тұрғаны – баланың билеті. Кереғарлықты қараңыз.

Ойымызға ауылда айтылатын сөздің бірі түскені: «Аттың жемін жеп, тайдың ойынын ойнайды». Соған ұқсас жағдай екен. Несі бар, «қарт» деп құрметтегеннен гөрі «бала» деп алдарқатқаны жаны -мызға жақын сияқты. Аман болың-дар, Астананың кондукторлары!

Қайнар ОЛЖАЙ

Күнделікті бір бағыттағы авто бус-тар ға мінгендіктен шоферлері бол-маса да кондукторлары көз таныс. Бәрінің киімдері ұқсас болғанмен, мінездері әрқилы. Әдеттерін де білеміз. Біреуі анда-мында билет бермейді. Автобусқа кіргізгеніне риза болып тұра бересің. Енді біреуі кейде түсер кезде билетіңді қайта алып қалады. Жеткізгендеріне ри за сың. Бір әйел кондуктор өте тәртіпті. Аялдаманың атын айқайлап айтып тұра тын тағы біреуі бар. Негізі аял да малардың аты авто-

шамамен жартысы түседі. Анау-мынау емес, «Министрліктер үйі» аталатын жер. Ала таң атқан соң жұмысқа қоғамдық көлікпен жететін жұрттың көпшілігі осы алып аттың тағасы сияқты доғалана салынған әйдік ғимараттың ішіндегі қарапайым қызметкерлер шығар деп топшыл айсың. Одан әрі үш аялдамада манағы қисайған жағаны түзеп, шыққан есті қайта кіргізіп, адам санатына енесің. Ертеңгіліктегі қоғамдық көліктің көз үйренген көрінісі – осы.

бус ішінде радио жазба арқылы автоматты түр де ха бар ланады. Әрі қазақша. Айналып тұра тын радио-жазба «Келесі аял дама Бейбітшілік пен келісім сарайы» десе, мы-нау қосамжарлана «Пи ра мида» деп жар салады. Ресми хабар лама «Келесі аялдама Ұлттық ака де-миялық кітапхана» десе, мынау «Керуен» дейді. Жүргіншілерге соңғы, екінші нұсқасы түсінікті. Әлгі көп ші лік тің асфальтталған тротуардан гөрі төте соқпақты ұнататыны сияқты.

Хош, сол баяғы автобустамыз. Алақандағы 60 теңгемізді алған кондуктор билетін берді. Сту-дент кезден және бір әдетіміз: билеттің нөміріне қараймыз. Екі жағындағы сандары тең болса «бақытты билет» саналады. Ол кездегі Алматыдағы билеттер алты санды болатын. Енді Астанада бес санды екен. Ортадағысын бейтарап қалдырамыз да, ана жақтағы екі сан мен мына жақтағы екі санның қосындыларын теңдестіріп көреміз. Бірдей болса, Қайнекең бүгін

дең гейде әлеуметтік қолдау мәсе-ле сін көтерді. Атап айтсақ, ата-аналардың жауапсыздығынан 8 бен 12 жас ара лы ғындағы балалар ды мектепке орна лас тырмау мәселесі

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

(Жалғасы. Басы газетіміздің №33 (3090) санында)

Т.А.Ж Кезекке қою күні Санаты

Кез

ек

нөмі

рі

405406

407

408

410411412

413414

415416417418

420421

422423424425426

427428

430

431

432433434

435436

437

438

440441

442443444445446

447

448

450451452

453454455456457458

460461462463464465466467

468

470471

472

473474475476477

478

480481482483484485486487488

500501502503504

505506507508

510511

512

513514515516517518

520521522523

524525526527528

530531532533534535536537538

540

541542543544

545546547548

550551552

553554555556557558

560

561562563564565566567568

570571572

573574

575576577578

580

581

582583

584585586587588

600601602603

604605606607608

610

611612613614615

616617618

620621622

623

624625626627628

630631632633

634635

636637638

640

641

642

643

644645646647648

650

651652653654655656657658

660661662663

664665

666667668

670671672673

674675676677678

680681

682683684685

686687

688

700701702703

704705706707708

710711

712

713714715716717718

720721722

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

-

-

[email protected]

-

Бүгінде ана тілінде сөйлемейтін орыс, ағылшын, француз, жапон азаматын көрмейсіз. Ал, өз тілінде сөйлегісі келмейтін, сөйлей алмай-тын қазақ толып жүр. Неге? Әрине, әлемдік ағымнан қалмауымыз керек, шет тілдерді білгеніміз пайдалы. Алайда, ата-бабаның киелі рухы мен күші ана тілімізде емес пе?! Ендеше, неге әлі күнге дейін басқа ұлттарды есептемегенде, әр қазақ өз тілінде сөйлемейді? Елбасы Нұрсұлтан На-зарбаев «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін, қазақ тілі – рухани негізіміз» деді ғой.

Осы түйінді мәселеге байланысты Қазақ гуманитарлық заң универ-си те тін дегі Саяси дискуссиялар клубы арнайы сауалдама жүргізді. Мұнда барлығы мың респондент қам тыл ды. Оларға қазақ және орыс тіл де рінде бес сұрақ қойылды. «Сіз қазақ тілін білесіз бе?» деген сауалға қаты су шы лардың 72,8 пайызы «иә» десе, 27, 2 пайызы «жоқ» депті. Бұл көрсеткіш көпшілігіміздің қазақ тілін білетіндігімізді айқындайды. Екінші сұрақ: «Қазақ тілін қаншалықты дең гей де білесіз?». «Көбінесе орыс тілінде сөйлеймін» деген жауап нұс-қа сын сұралғандардың 33,9 пайызы белгілесе, 25,7 пайызы «Қазақ тілінде ойлаймын, жазамын, сөйлеймін» нұсқасын таңдапты. Сауалдама қорытындысынан қатысушылардың үштен бірі ғана қазақ тілді телеарна-ларды көретіні анықталды. Ал, 54 пайызы өз тілінің мемлекеттік те,

ресми де тіл болуын қолдаса, 45,7 пайызы бұған қарсы.

Сауалдама қорытындысынан түй-ге німіз, елімізде қазақ тілінде сөй лей білетін адамдар жеткілікті, бірақ көпшілігі орыс тілінде сөй ле ген ді қалайды. Біздіңше, әрбір үлкен-ді-кішілі ұжымда қазақ тілін оқыту курстарын кеңейте түсу қажет. Батыс елдері мен АҚШ-та қонақ та ры на тегін тіл оқытатын арнайы ор та-лық тар жұмыс істейді. Дегенмен, әрқайсымыз мемлекеттен, өзгеден жәрдем күтпей, ана тілін жетік меңгеруге күш-жігер салуымыз қажет.

Елбасы бір сөзінде: «Ел мен үшін не істей алады?» деп сұрамаңыз, «ел үшін өзім не істей аламын?» деп сұраңыз» деген еді. Ендеше, әр қазақ стан дық, алдымен өзіміз, қазақ жас тары осы сұрақты өзімізге қойып, жауа бын тауып, тегіс қазақ тілінде сөй леуіміз қажет. Мәселен, Қазақ гуманитарлық заң университеті Президент Н.Назарбаевтың «Қазақ-стан ның болашағы қазақ тілін де» деген сөзін ту етіп, әр айдың үшін ші аптасының сәрсенбі күнін «Ана тілі күні» деп белгілеген. Бұл күні студенттердің ана тілінде сөй леу-ле рі не айрықша мән беріледі. Игі бағыт тағы бастама келелі нәтижесін беретініне сенеміз.

Диана МАДИБЕКОВА, Қазақ гуманитарлық заң

университетінің курс студенті-

-

-

-

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

1 261 836 694 911

010 1 260 846 471 911 011 012 013 40 329 014 015 949 894 016 100 1 261 836 694 911

024 027 028 200 - -

) 1 261 836 694 911

030 031 032 (81) 034 (6 443 623) 14 269 036 037 300 14 269

050 053 ( ) 054 1268280398 (13358)

500 1 268 280 398 ) 1 261 836 694 911

I

1 010 , : 011 1 359 833 599 2 982 110 ) 111

010 5 950 000 11 (73 726 000) (3 284 060)

012 2 665 940 013 23 503 799 014 1 336 346 769 015 (17 830 812) (2 679 298) ) 020 021 022

) 100 101 ) 200 ) 300

1 2 3 4 5 6 2012 1

( )

0 -13358 0 -13358

2012 31 0

1

- / ( )

31

0 0 1 268 280

398 0 1 268 280 398

113

114

115

117

012 1 359 833 599 2 982 110

2 )

, : 013 ( ) 131 ( ) 132 ( ) 133 (5 950 000) ( ) 134 ( ) 135 (84 904 929) ( ) 136 (8 461 341) (364 562)

( ) 137 (1 572 524) (468 069)

( ) 138 (4 049 245) (1 804 500)

3

020 4 021 5 : 022

6

030 1 260 845 560

II

1 ,

: 040 5 950 000 041 042 , 043 044 045 046 - 5 950 000

2 ,

: 050 051 052

,

053 054 ( 055 056

3

060 5 950 000 III

1 ,

:

071 072 074

2 ,

: 080 081 082 ( ) 083 084

3

090

1 260 845 560 911 911 911

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КМК-ге хабарласыңыз! Мекенжайы: Астана қаласы, Брусиловский

көшесі, 17/3, Бизнес-орталық ғимаратының 2-қабаты. 104,5,14,34 автобустарымен келуге

болады. Анықтама алу телефоны: 57-88-88.

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] E-mail: info@a@a@a@aaaaaaaaaaaaaa@aaa@aaaa@aaaa@aaaaaa@a@aa@aa@@@aa@a@@@a@@@@@@@@@@@@ ststststtttttttttttsttstttststststttssssssstststsssssttsssssttsssststsstsstsstttsstssttsstsss ananananaaaanananananannanananannaannnaaaaannaa a-a-aaaaa-aaaaaa-aaaaaaa-aaaaaa-a-aaa-a-aa-a-a-a-------akakaaaaaaaaaaaaaaaaaaaaaaaakaaaaaaaaaaaaakaakaakshamy.kz

Зарина Майамиде өткен WTA турнирінің іріктеуінен өтіп және жарыстың екінші кезеңіне дейін жеткен болатын. Осы жетістігінің арқасында ол 105-орыннан 91-орынға бір-ақ көтерілді.

Ал, басқа қазақстандық әйел теннисшілердің арасында Ярос-

лава Шведова 58-ден 55-орынға жоғарыласа, Галина Воскобоева атал-мыш рейтингте бір саты төмендеп, қазір 64 орында тұр. Алғашқы үштікте Серена Уильямс (АҚШ), Ли На (Қытай), Агнешка Радванска (Поль-ша) секілді мықтылар орналасқан.

Алғашқы оқу-жаттығу жиындары 20-25 сәуір күндері Астана маңындағы Мичурин базасында өтеді. Осыдан кейін Италия мен Францияға келесі жиындарға аттанатын негізгі құрам жасақталатын болады.

Құрама команданың жолдастық кездесулерінің күнтізбесі:

29 сәуір, Тренто қаласы. Италия – Қазақстан30 сәуір, Азиаго қаласы. Италия – Қазақстан3 мамыр, Руан қаласы. Франция – Қазақстан4 мамыр, Париж қаласы. Франция – Қазақстан 7 мамырда құрама әлем чемпионатының

элиталық дивизионында өнер көрсету үшін Минскіге аттанады.

Елдос негізгі кезеңде чех Павел Петриков, украиналық Денис Величенко, моңғол Гандболд Мунхтурды ұтса, жартылай фи-налда Әзірбайжан өкілі Илгар Мушкиевті таза жеңді. Дегенмен, ақтық сында ресейлік Беслан Мудрановқа иппон әдісімен (таза жеңіс) ұтылып қалып, күмісті қанағат етіп қайтты.

Шаршы алаңға алдымен Теміртас Жүсіпов пен немістер сапындағы румыниялық легио-нер Овиди Берсеану көтерілді. Кездесу қорытындысы бойын-ша, Теміртас өз қарсыласын қалпақпен ұрып алғандай бол-ды. Ол Овидиден айтарлықтай қарсылық көрмеді.

Кейін рингке «арландар» қатарынан Мейірболат То-итов (56 келі) пен Асқат Уәлиханов (64 келі) шығып, Жүсіповтің жолын одан әрі жалғастыра алмады. Екеуі б і р д е й о с ы м а у с ы м д а ғ ы а л ғ а ш қ ы ж е ң і л і с т е р і н е ұ ш ы р а д ы . М е й і р б о л а т ирландиялық Майкл Конлан-нан айласын асыра алмаса, Асқат Артем Харутюняннан таза ұтылды. Осылайша үш кездесудің қорытындысымен германиялықтар 2:1 есебімен алға шыққан болатын.

Кезек 75 және 91 келіге ж е т к е н д е ү й д е о т ы р ы п тақымымызды қысқанымыз жасырын емес. Бүкіләлемдік бокс сериясындағы ең үздік боксшылардың бірі санала-тын Деревянченко намысты қолдан бермей, Денис Ра-дованмен арадағы жеңісті «арландардың» есебіне жаз-дырды. Жалпы есеп қайта теңескен уақытта 91 келі салмақтағы Василий Левит те шегінер жер жоқ екенін жақсы түсініп, командасына жеңіс сыйлады. Бұл жолы ол Артур Манды сан соқтырып кетті.

Қ о с к о м а н д а н ы ң арасындағы қарымта кездесу 5 сәуір күні Алматыда өтетін болды. Ол кезде боксшылар 52, 60, 69, 81 және +91 келі салмақтарда жұдырықтасады деп күтілуде.

Алматыда өтетін жекпе-

ж е к т і ң қ а р с а ң ы н д а қ о с команданың бас бапкерлері қарымта кездесуге шығатын боксшылардың аты-жөндерін жариялады. Сергей Кор-чинский бұл жолы Мирас Жақыпов, Самат Бәшенов, Мейірім Нұрсұлтанов, Да-набек Сужанов және Рус-лан Мырсатаев секілді күрзі жұдырықты жігіттерімізді шар-шы алаңға шығармақшы. Егер қос кездесудің қорытындысы бойынша есеп тең аяқталар болса, 52 келідегі боксшылар қосымша кездесу арқылы жар-тылай финалға өтетін коман-даны анықтамақшы. Сондай күн туа қалса, «арландардың» намысы Ілияс Сүлейменовтің қолына өтеді. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабар таратып отыр.

Дайындаған: Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ