12
ˏǴǬǷǨǧȆǴ 86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 21 ÒÆμ 22 ÁĭÐÁÎ ÇÜÌ 6 +$0<.= ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü òïìóġòóĄëâáóüò íò ÓáĦ áóôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì -13°..-2° -25°.. -19° Мемлекет басшысы кеңес бары- сында еліміздің экономикасын дамы- ту үшін 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданғанын атап өтті. – Сыртқы қаржыландыру көздерінің біз үшін қолжетімділігі аз және бөлінетін несиелер өте қымбат. Банк жүйесіндегі ішкі ре- зервтер шектеулі, өйткені отандық банктер дағдарыстан енді-енді шыға бастады. Осыған байланы- сты, өздеріңіз білетіндей, эконо- миканы, әсіресе шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ елімізде индустрияландыруды жалғастыру мен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін Ұлттық қордан 1 триллион теңге мөлшерінде қомақты қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. ǩáǸǩǶ ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǩáǸǩǶ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩáǸǩǶ ǩáǸǩǶ ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩáǸǩǶ ǩáǸǩǶ ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩáǸǩǶ ǩáǸǩǶ ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǩáǸǩǶ ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǩáǸǩǶ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩáǸǩǶ ǩáǸǩǶ ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǩáǸǩǶ ǩáǸǩǶ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩáǸǩǶ ǩáǸǩǶ ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩáǸǩǶ ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩáǸǩǶ ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩáǸǩǶ ǩáǸǩǶ ǩáǸǩǶ ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǩáǸǩǶ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩáǸǩǶ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩáǸǩǶ ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǩáǸǩǶ ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǩáǸǩǶ ǩáǸǩǶ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩáǸǩǶ ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǩáǸǩǶ ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǩǶǩ ǻȎǴȎ dzéǶȎ ǩáǸǩǶ ǾǩǴȄáǩǹǩǴȄá ǩáǸǩǶ ǩáǸǩǶ ƼɅNJnjǀƼ ƽǁǀǁLJǍʓǃ ƽƲnjǀǁ ƽƲnj ƽƼljdž ƽƼljdžnjNJǎɅƼ ɛǔǗnjƼLjƼDžǀǗ ʶ˟˾˟ ʺ˟˭ˬ˟˪˟˵ ˙˘˳˾˳ ʻ˲˳ˬ˵˘ˮ ʻ˘ˣ˘˲˙˘˟˚ ˪ഉ˳˧˱˪˟˲ˬ˧˪˵˧ ˮ˵˘ˬ˘ˮ˞˲˶ ˢഉˮ˟ ೪˘˲ˢˬ೪ ˳˟˪˵˯˲˞ ˳˘˶೪˵˲˶ ˭ഉ˳˟ˬ˟ˬ˟˲˧ˮ˟ ˘˲ˮ˘ˬ೦˘ˮ ˪˟೮˟˳˵˟ ˟ˬ ˘ˣ˘˭˘˵˵˘˲ˮ ഉ˲˵˲ˬ˧ ˘˲˘ˮ˞˘˵˶ˬ˘˲೦˘ ˟˲˧˱ ˪˟˵˱˟˥ ˳˘˙˲ ˳˘೪˵˘˶೦˘ ˾˘೪˲˞ Ол азаматтарымыз үшін жаңа жұмыс орындарын ашуды, еңбекақыларын төлеуді қамтамасыз етеді және жалпы тұрмыс деңгейін жақсартуға мүмкіндік тудырады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті Ұлттық қордың бұған дейін 2008-2009 жылда- ры бүкіләлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде маңызды рөл атқарғанын, сол кезде бұл қордан айтарлықтай қаражат бөлінгенін айтты. – Сөйтіп, Қазақстан экономикасы қыспақтан құтылды, сол кезде бүкіл әлемде орын алғандай зейнетақының, еңбекақының төмендеуіне жол берілген жоқ. Өздеріңізге белгілі, Еуропаның көптеген елдері әлі күнге дейін еңбекақы, зейнетақы және барлық басқа да төлемдерді азай- тып, оның зардабын тартуда. Бүгінгі шешім Ұлттық қор құру жөніндегі біздің қадамымыз дұрыс болғандығын тағы да дәлелдеп отыр. Әлемдік дағдарыс әлі де жалғасып жатқанын ескерсек, мемлекеттің аяқ астынан туындайтын қиын жағдайларға арналған резервтері болуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қор есебінен қаржыландырылатын негізді, нақты жобалар бар екеніне назар аудар- ды. Мемлекет басшысының айтуынша, бөлінген қаражат негізінен өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталмақ. Экспортқа сапалы өнімдер шығару жөніндегі жобаларды іске асыру да маңызды. Осыған орай, қарыз қаражатын бөлу мәселесімен айналы- сатын тиісті комиссия құруға тапсырма берілді. ʻ˲˳ˬ˵˘ˮ ʻʤʯʤˀʥʤʫʦ ʹ ʥ˧ˣ˞˧೮ ˪˯ˮ˯˭ˤ˪˘˭ˣ ˯˥˞˘೦˞˘˥ ˢഉˮ˟ ˟˾೪˘ˮ˞˘˥ ˞˘ ˪˥˲˟˶ ˙˯ˬ೦˘ˮ ˢ˯೪ ʫˬ˞˟˛˧ ˙˧˲˞˟Ͳ˙˧˲ ˙˘ˮ˪ ˙˛˧ˮ˞˟ ˙˘ˮ˪˲˯˵೪˘ ˾˲˘˭˘˥˞ ʥ˧ˣ ϮϬϬϵ ˢˬ ʥ˃ʤ ˢഉˮ˟ ˣ˛˟ ˙˘ˮ˪˵˟˲˛˟ ೪˘˵˳˵ ˞˘ ˭ˮ˞˘˥೦˘ ˢ˯ˬ ˙˟˲˛˟ˮ ˢ˯೪˱ˣ ˳˟˙˟˙˧ ˯ˬ˘˲˞˘ ˘ˣ˘˭˘˵˵˘˲˭ˣ˞೮ ˳˘ˬ˭˞˘˲ ˙˯ˬ˞ ʥ˧ˣ ೪˘ˣ˧˲ ˞˟ ˙೦˘ˮ ˢ˯ˬ ˙˟˲˭˟˥˭˧ˣ ʥ˧ˣ ˺˘ˬ೪˵೮ ˙˘˳˭ ˪˱˾˧ˬ˧˛˧ˮ˧೮ ೪˘˲˘ˢ˘˵ ˳˘೪˵˘ˬ˘˵ˮˮ˘ ˪˟˱˧ˬ˞˧˪ ˙˟˲˟˭˧ˣ ʤˬ ˙˘ˮ˪˵˟˲ ˘˥ˮ˘ˬ˳ˮ˞˘ ˞˲˙˟ˬ˟೮ ˵˶˞˲೦˘ˮ˞˘˲ ೪˘ˣ˧˲ ˵˘Ͳ ˙ˬ˞ ˢഉˮ˟ ˢ˘˶˘˱˪˟˲˾˧ˬ˧˪˪˟ ˵˘˲Ͳ ˵ˬ˘˵ˮ ˙˯ˬ˘˞ ʥഉ˲˧˭˧ˣ ˟ˬ˧˭˧ˣ˞˟ ˵ˮ˾˵೪ ˱˟ˮ ˵˲˘೪˵ˬ೪˵೮ ˙˯ˬ೦˘ˮˮ ೪˘ˬ˘˥˭ˣ ˙ˬ ʹ ˙˘˲˾˘ ೪˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ˞೪˵˘˲˞೮ ˭˧ˮ˞˟˵˧ ʮ˯˳˱˘˲ˬ˘೦˘ˮ˭ˣ˞೮ ˙˘˲ˬ೦ˮ ˙˧ˣ ഉ˲˞˘˥˭ ˯˲ˮ˞˘˱ ˪˟ˬ˞˧˪ ɧɹʃɧʁɧɹʛʃǷ ɧˑʲ˒ˑ˩˒ ˘˲ˏ˲ˑ ʲˮˏʲǰ ǀǁNjǏǎƼǎ LjɛɅƼȽƼLJDŽ ƽǁDžljǁǍƲ ƼnjɅǗLJǗ ɅNJȽƼLjljǗɍ LjɛɍǗlj ƼDžǎǎǗɅ ǀƼǏǗǍǗ ǂǜǩɆǜǧǠǷǝǡǦ ǎʓLJǁljƽƼǁƾ: 6-7-беттерде 12-бетте 8-бетте

№21 (3079) 2014-02-22

  • Upload
    -

  • View
    220

  • Download
    3

Tags:

Embed Size (px)

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №21 (3079) 22 ақпан 2014 www.astana-akshamy.kz

Citation preview

Page 1: №21 (3079) 2014-02-22

21 22

-13°..-2°-25°.. -19°

Мемлекет басшысы кеңес бары-сында еліміздің экономикасын дамы-ту үшін 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

– С ы р т қ ы қ а р ж ы л а н д ы р у көздерінің біз үшін қолжетімділігі аз және бөлінетін несиелер өте қымбат. Банк жүйесіндегі ішкі ре-зервтер шектеулі, өйткені отандық банктер дағдарыстан енді-енді шыға бастады. Осыған байланы-сты, өздеріңіз білетіндей, эконо-миканы, әсіресе шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ елімізде индустрияландыруды жалғастыру мен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін Ұлттық қордан 1 триллион теңге мөлшерінде қомақты қаражат бөлу туралы шешім қабылданды.

Ол азаматтарымыз үшін жаңа жұмыс орындарын ашуды, еңбекақыларын төлеуді қамтамасыз етеді және жалпы тұрмыс деңгейін жақсартуға мүмкіндік тудырады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Ұлттық қордың бұған дейін 2008-2009 жылда-ры бүкіләлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде маңызды рөл атқарғанын, сол кезде бұл қордан айтарлықтай қаражат бөлінгенін айтты.

– Сөйтіп, Қазақстан экономикасы қыспақтан құтылды, сол кезде бүкіл әлемде орын алғандай зейнетақының, еңбекақының төмендеуіне жол берілген жоқ. Өздеріңізге белгілі, Еуропаның көптеген елдері әлі күнге дейін еңбекақы, зейнетақы және барлық басқа да төлемдерді азай-

тып, оның зардабын тартуда. Бүгінгі шешім Ұлттық қор құру жөніндегі біздің қадамымыз дұрыс болғандығын тағы да дәлелдеп отыр. Әлемдік дағдарыс әлі де жалғасып жатқанын ескерсек, мемлекеттің аяқ астынан туындайтын қиын жағдайларға арналған резервтері болуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қор есебінен қаржыландырылатын негізді,

нақты жобалар бар екеніне назар аудар-ды. Мемлекет басшысының айтуынша, бөлінген қаражат негізінен өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталмақ. Экспортқа сапалы өнімдер шығару жөніндегі жобаларды іске асыру да маңызды. Осыған орай, қарыз қаражатын бөлу мәселесімен айналы-сатын тиісті комиссия құруға тапсырма берілді.

:

6-7-

бетт

ерде

12-б

етте

8-бе

тте

Page 2: №21 (3079) 2014-02-22

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Еуроодаққа мүше 28 мемлекеттің сыртқы істер жөніндегі Кеңестің шұғыл отырысында Украинаға мақсатты санкция енгізу жөнінде шешім қабылданды. Санкцияда адам құқығын бұзған, шектен тыс күш қолданған тұлғалардың активтерін жабу және оларға виза беруге тыйым салу қарастырылған. Сонымен қатар, ЕО бұл елге ішкі қуғын-сүргінге қолданылуы ықтимал құрал-жабдықтар мен техниканы жеткізуді тоқтатуға уағдаласты.

Латвия евро банкноты және монетасы айналымына қосылған 18-інші мем-лекет болды. Бұған дейін Бельгия, Германия, Грекия, Испания, Франция, Ирландия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия. Австрия, Финляндия, Словения, Кипр, Мальта, Словакия, Эстония елдерінде ресми ақша ретінде еуро қолданылып келеді.

Украина астанасының орталығында болып жатқан қақтығыстарда соңғы мәліметтер бойынша 75 адам қаза болды. 571 адамға медициналық көмек көрсетілді. 363 адам ауруханаға түссе, оның ішінде 76 адам ауыр жағдайда жатыр.

500

2014 жылдың наурыз айын-да өтетін Астана қаласы мәс-лихатының кезекті сессия сының қарауына «Қаланың қоғамдық көлігі жұмысының жай-күйі мен оларды жақ сарту шаралары туралы» мәселе енгізіледі.

Сессия қарауына енгізілетін мәселе бойынша ұсыныстар мен ескертпелеріңізді Астана қаласының мәслихаты аппаратына 55-66-35, 55-66-36, 55-66-37 теле-фондары бойынша немесе htt p://www.maslihat.astana.kz интернет-ресурсының «сұрақ-жауап» ай-дарына хабарлауыңызды сұраймыз.

С. ЕСІЛОВ, Астана қаласы

мәслихатының хатшысы

2014 жылдың 26 ақпанында сағат 10.00-да қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220 кабинет) бесінші шақырылым Астана қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:1. Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы «Қазақстан

Республикасының елордасы – Астана қаласын басқару тәсімі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға байланысты жер учаскелерін немесе жылжымайтын өзге мүліктерді сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу туралы.

3. Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы туралы.

4. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы «Аста-на қаласының эвакуациялау комиссиясының құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

5. Астана қаласы мәслихатының сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру бойынша кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.

Анықтама алу үшін телефондар: 55-66-35, 55-66-36, 55-66-37С. ЕСІЛОВ,

Астана қаласы мәслихатының хатшысы

Ағымдағы жылдың екінші жартысында елор-даның сол жағалауында осынша келу шіге арналған амбулаториялық емхана ашылады.

«Астана Опера» театрында «Балет музыкасы» атты концерт өтті. Кеште театрдың жеке орындау-шылары ән шырқады.

«Алау» мұз айдынды сарайында киокушинкай-кан каратэден «ТМД кубогы» VІІ халықаралық турнирі баста-лады. Басталуы: 13.00-де.

Конгресс-холда «КТК жоғары қазақ лигасы» өнерпаз-дарының гала-концерті.Басталуы: 19.00-де.

Вице-министрдің айтуынша, елімізде нотариус тар-дың саны артқан. Бүгінде республикада үш мыңнан астам нотариус жұмыс істейді. Ал 2012 жылы олардың саны 2828 болған. Сондай-ақ, Қазақстанда 4341 адво-кат бар. «Бізде нотаруистарға қатысты төлем көлемі Үкімет қаулысымен нақтыланған. Нотариат қызметтері бойынша бірыңғай тариф бекітілген және еліміздегі барлық нотариустар осыған сәйкес жұмыс істейді», - деді ол. Нұсқаулыққа сәйкес барлық нотариустар аталған тарифтерді өздерінің нотариалды кеңселерінде көрнекті жерге іліп қоюға міндетті. Ал, адвокаттар қызметі төлемі тұтынушымен жасалған келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес адвокаттар ақысы азаматтардың пай-дасына өндірілетін соманың 10 пайызынан аспауы тиіс.

Сондай-ақ, кез келген азамат, кәсiпкерлiк субъектiсi өз ұсыныстары мен ескертулерiн Әдiлет министрлiгiне жолдай алатындығын жеткізді. «Келіп түскен барлық ескертулердi міндетті түрде қараймыз. Жеке кәсiпкерлiк саласындағы кез келген заңнамалық актi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне, оның iшiнде Ұлттық кәсiпкерлер пала-тасына бағытталады. Егер де ескертулер мемлекеттiк органдар тарапынан ескерiлмейтiн болса, олар өз әрекеттерiн қағаз жүзiнде түсiндiруі тиiс», - деді ол.

Еркежан СӘТІМБЕК

Кеше отандық арна л ардың қатары тағы біреумен толықты. Астанадағы Кәсіподақтар үйінде «Жастар» арнасының т ұсауы кесіліп, көрермендерге жол тарт-ты. Жастардың өміріне арналған еліміздегі тұңғыш телеарна тәулік бойы Орталық А зия, Еуропа,

Қытай, Ресей және Қазақстан аумағына тарайды.

Ғылым мен білімге, спорт пен салауаттылыққа үндейтін арнада балаларға лайықталған мектеп өмі-ріндегі жаңалықтар, мультфильм дер, концерттер көрсетіледі. Сонымен қатар, қазақстандық жасөс пірімдер

мен жастарды үнемі жайдарман ойын-дары, айтыс, пікірсайыс, бейнебаян-дар, концерт, сондай-ақ спорттық жарыстардан хабардар етіп отырады.

Жаңа телеарнаның «Отау» спут-никтік желісіндегі реті – 53.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Page 3: №21 (3079) 2014-02-22

3www.astana-akshamy.kz

Бетт

і дай

ынд

аған

: Ғал

ым

ҚО

ЖАБ

ЕКО

В. Д

ерек

көз

дері

: ww

w.a

stan

a.kz

, ww

w.in

form

.kz,

ww

w.ba

q.kz

– Фархат Сағындықұлы, көлік салығы не себепті өзгерді?

– Негізінен, өзгерістер қозғалт-қышының жалпы көлемі 3 мың текше сантиметрден артық көлік құралдарына қатысты жасалған болатын. Салық мөлшері Қазақстанға 2013 жылдың 31 желтоқсанынан бастап әкелінген және Қазақстанда жасалған көліктерге ғана өзгерді. Оған дейін әкелінген көліктер бұрынғы көрсеткіш бойынша төлене береді.

– Салық мөлшері қанша теңге болып белгіленді?

– Бұрын қозғалтқышының көлемі

3-4 мың текше сантиметрге тең келетін көлік иелері біріңғай салық мөлшері бойынша 15 АЕК-тен төлеп келген. Қазір салық төлемі бірнеше түрге бөлінді: қозғалтқышының көлемі 3-3,2 мың тек-ше сантиметрге тең келетін көліктер 35 АЕК, 3,2-3,5 мың – 46 АЕК, 3,5-4 мың-66 АЕК көлемінде салық төлейтін болады. Сонымен қатар, қозғалтқышының көлемі 4 мың текше сантиметрден асатын көліктердің де салығы өзгерді. 4-5 мың текше сантиметрге тең келетін көліктер –130, ал 5 мыңнан асса 200 АЕК төлейді.

– Азаматтардың көбі салық төлеуден жалтару үшін қымбат «Джиптерін»

зейнеттегі әке-шешесінің атына тіркеп қоятыны белгілі. Оларға қандай жеңілдіктер бар?

– Биыл тіркелген немесе қайта тір-келген көлемі 4 мың текше сантиметрден артық көлік құралдары үшін жеңілдіктер қолданылмайды. Бұған дейін соғыс ардагерлері мен көп балалы аналар осын-дай жеңілдіктерді пайдаланып келген. Олар бір көлік құралына салық төлеуден босатылған болатын. Ал, қазір ондайға жол берілмейді.

– Рахмет!

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Биыл көктемде еріген қар суларын өткізуге дайындық жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Астана Тазалық» мекемесі қала аумағында үш аудан бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі комиссия құрып, тәулік бойы кезекшілік жүргізетін орынжай бөлді.

Бұдан басқа, шұғыл жағдай орын алса дабыл жүйесі қосылады. Елорда тұрғындары су тасқынына қарсы комиссияға мына телефондар бойынша ха-барласа алады: Алматы ауданы бойынша 48-43-37, Есіл ауданы бойынша 48-43-26, Сарыарқа ауданы бойынша 48-43-92. Ал төтенше жағдай туындаса 49-99-08 телефонына хабарласуға болады. Орталық диспетчерлік қызметіне 54-58-19 және 38-57-09 телефондары арқылы байланысқа шыға аласыз.

Енді Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар, мүгедектер, көп балалы аналар және көп балалы от-басылар, жасына қарай және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлікке шыққандар, жасына қарай және асыраушысы-нан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік төлемдер алатындар, зейнеткерлік жасқа жеткендер, мүгедектер мен 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар қалалық автобустарда жеңілдікті азаматтар санатына жататындығын растайтын зейнеткерлік куәлігін көрсетіп, тегін жол жүре алады. Зейнеткерлік куәлік-терде қосымша мөрлер талап етілмейді.

Осыған дейін азаматтардың жеңілдікті санаттарына жа-татын жолаушылар автобустарда мерзімді түрде Халықты әлеуметтік қорғау басқармасында жаңартылып отыратын куәліктер мен жол жүру билеттерін көрсетіп келген болатын. Бұдан былай тегін жол жүру үшін жеке зейнеткерлік куәліктің болғаны жеткілікті.

Филология ғылымының докторы, профес-сор Дихан Қамзабекұлының құрастыруымен шыққан басылымға көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш тұлғасы, әдебиетші, жазушы Смағұл Сәдуақасұлының өмірбаяны, көркем шығармалары, танымдық еңбектері, аудармалары, баяндамалары, ресми жазбалары қазақ және орыс тілдерінде енген.

Басқосуда сөз алған кітап авторы Д.Қамзабекұлы Смағұлдың өміріне кеңінен тоқталып, 33 жылдық ғұмырындағы орасан еңбектерін сөз етті. Ол ұзақ жылғы тынымсыз ізденісі нәтижесінде дүниеге келген кітабын басқарма директоры Балқия Советқызына табыстады.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ-ситетінің профессоры Күлзира Искакова қазіргі әдебиеттанушылар алаштануда көп еңбек етіп, құнды туындылар жарыққа шығарып жатқанын әңгімеледі. Шара барысында қатысушылар сауал-дарын ортаға тастап, ойларын айтты.

Әсел ШАЯНДИНА

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен құрылған орталық бүгінде 50 адамды қабылдай алады. Екі қа-батты орталық үйде қажетті жағдайдың бәрі жасал-ған. Орталық отбасындағы тұрмыстық зорлық-зом-былықтан зардап шеккен әйелдерге және олардың кә мелет жасына толмаған балаларына көмек көрсетеді.Психологтар мен заңгерлер жұмыс жүргізеді.

«Дағдарыс орталығына қабылдау зардап шегу-шілерден өтініш алған учаскелік полиция инспек-торының рапорты негізінде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда қабылданушылар 72 сағат осы орталықта бола алады. Ал дағдарысты жағдайға байланысты осында ұзақ мерзімде болу үшін Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан жолдама беріледі. Мұндай жағдайда басқарманың 21-62-17 және 21-04-92 телефондарына хабарласуға болады. Сонымен қатар, орталықтың қызметі жайлы буклеттер басқа да жазба материалдарын шығарып ПИК-тер арқылы тара-тылуда. Осының бәрі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегуші адамдарға мемлекет тарапынан көмек және қолдау көрсету үшін жасалып жатқан жұмыстар» дейді орталық директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Сұлтан Жолмұхамбетов.

Page 4: №21 (3079) 2014-02-22

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

«Фолиант» баспасынан шыққан еңбекте аңыз-әпсаналар, мифтер, қара өлеңдер, лирикалық өлеңдер, өтірік өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ай-тыстар, шешендік сөздер, бата-тілектер, тыйым сөздер, яғни, басы бүтін 594 ірі шығарма қамтылған.

«Дүние дидарында фольклоры жүз томды құрайтын басқа ұлт бар шығар, бірақ фольклорын жүз томға жинап бастырып шығарған әлемдегі жалғыз ұлт – қазақ екені анық» дейді тұсаукесерде сөз алған жазушы Алдан Смайыл.

Жарықтық апам шашын жайып жүрген қыздарды көргенде «Байы өлген қатын

ұқсамай жина шашыңды, не басыңа күн туды?!» деп қатты налып отыратын. Осы сөздерінен к е й і н а п а м ы з д ы ң к ө з і н е шашымыздың жалбырап жүргенін көрсетпейтінбіз. Ол заманның қыздары да бір айтылған ескертуді қайта қайталата бермейтін, сөздің қадірі, киесі бар уақыт еді. Қазақтың ұғымында ел басына күн туған, басына қиыншылық түскен,

денсаулығы қатты нашарлаған неме-се дүниеге сәби әкелетін кезде әйел адамдар шашын жайып жібереді екен. «Шашын жи-

най алмай жүрген қыз ертең үйін қалай жи-найды? Күйеуіне қалай ие болады? Қыздың ұқыптылығы шашында» деп отыратын апам.

Бүгінде шашын жинап жүретін қыздарды сирек көретін болдық. Әсіресе, мектепте оқитын қыздар шаштарымен беттерін жау-ып алып жүреді. Сол не сән? Біздің заманда мектепте оқып жүргенімізде ұстаздарымыз шашымызды жаймақ түгілі маңдайымызға түсіріп қойғызбайтын. Ол кездің ұстаздары құрметті, тәрбиесі бөлек, сөздері мірдің оғындай құнды, оқушыларын айтқызбай-ақ мысы басып тұратын еді. Қазір қыздардың шашына ие болмағаны сияқты жайылып кеттік...

Б а й қ а у е р е ж е с і н д е шығармалар 2014 жылдың 2 0 а қ п а н - 2 0 н а у р ы з аралығында [email protected] электрондық мекенжай бойынша қабылданатыны а й т ы л ғ а н . О ғ а н 1 6 - 2 9 жас аралығындағы ниет білдірушілер қатыса ала-ды. «Қазақ және орыс тілінде жазылған эсселер

тақырыпқа мазмұны сай әрі көркем жазылуы тиіс. Бұрын жарияланған мате-риалдар конкурс талапта-рына сай қабылданбайды. Шығарманың көлемі екі мың символдан кем болмау керек. Конкурсқа қатысқан үздік эсселер дауыс беру арқылы анықталады» дейді ұйымдастырушылар.

– Бұл апта өнер саласында жүрген жандар үшін жағымды жаңалықтарға толы болды. Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед театр бас-шыларымен кездесіп, ағымдағы мәселелерді бірге талқылады.

Өз сөзінде министр облыстық т е а т р л а р д ы ң р е п е р т у а р ы н а өзгерістер енгізу қажеттігін айтты. Сондай-ақ басқосуда орыс театр-ларында қазақ драматургтерінің туындылары аз қойылатыны,оны шешудің жолдары қарастырылды.

Өздеріңізге белгілі, осы уақытқа дейін Президенттің «Болашақ» бағдарламасы бойынша елімізде бірде-бір актер шетелде білім алмаған. Бұйыртса, алдағы уақытта біздің актерлер шетел асып, тәжірибе алмасып қайтпақшы. Яғни, Германия, Франция, Австрия елдеріне баруға мүмкіндік бар. Еуропалық театрлармен байла-ныс орнатып, өз кезегінде кәсіби шығармашылығымызды арттыруды мықтап қолға алмақшымыз.

Бетт

і дай

ынд

аған

: Гүл

мира

АЙ

МАҒ

АНБЕ

Т

– Әр жалақыңыз қолға түскен сайын оның он пайызын міндетті түрде сақтап қойыңыз. Түсінемін, ақшаңыз аз, жетпеуі мүмкін. Бірақ мұны қалай да жасау керек. Адам ертеңгі күнін ойлаған жөн. Егер аяқ астынан жұмыстан шығып қалсаңыз, жағдайыңыз қалай болады?!

Жинаған азын-аулақ ақшаңызды банкке салып, тағы да көбейте алмайсыз. Өйткені, екінші деңгейлі банктердің пайыздық мөлшерлемесі өте төмен.

Мәселен, жылдық мөлшерлемесі 6-11% бойынша ақша сақтау тиімсіз. Жарайды, салдыңыз. Бірақ, ақшаңыз банкте сақтаулы тұрғанда, баға жоғарылайды. Дүкендердегі баға банктің пайызынан да жылдам өсетіні белгілі. Немесе пәтерақы бағасы қаншаға дейін көтеріледі?! Жыл сайын барлық тауарлардың бағасы қымбаттамаса, арзандап жатқан жоқ. Сондықтан, ақшаңызды өзіңіз қорландырып үйренгеніңіз жөн. Мәселен, көрші Ресейде тұрғындардың көбі қаржысын ірілі-ұсақты компанияларға салғанды тәуір көреді. Банкке қарағанда тәуекелге бару оңай, пайыздық мөлшерлемесі де жоғары. Яғни, жылдық мөлшерлемесі 40 пайызды құрайтын кейбір компанияларға құйған ақша шын мәнінде пайда әкеледі.

– Қазақстанда қаржыны сақтаудың тек бір ғана жолы бар – пәтер сатып алу! Бағаның спекулятивті өсуі де осыған байланысты. Өкінішке қарай, елімізде ақша сақтаудың, оны көбейтудің басқа жолы дамымаған. Сондықтан, ақшасы барлар пәтерді жүздеп сатып алып, бағаны өсіріп отырады. Бұл салада өзімнің де тәжірибем бар.

– Қаржыны сақтаудың ең қарапайым жолы – депозит ашу. Ақшаңыздың көбеюі құйған қаржыңыздың көлеміне тікелей байла-нысты. Көп жинасаңыз, соғұрлым пайдасы бар. Бүгінде Қазақстанда оннан астам банк қызмет етеді. Өзіңізге қолайлы банкті таңдау үшін, әрқайсысы туралы мамандардан жеке-жеке кеңес алған тиімді. Тек жылдық мөлшерлемесіне қарап қызықпаңыз, банктің беделі мен абыройына да мән беріңіз.

– Менің ойымша, ең сенімді жолдың бірі – бағалы металға айналды-ру. Әсіресе, алтынның құны соңғы жүз жылда бағасын түсірген емес. Оның үстіне Ұлттық банкте валютаға бірегей кепілдік бола алатын да осы – алтын.

Қазір әлемде алтынның унциясы 0,1 пайызға артып, 1657,57 долларға жетті. Ал, өткен жылы 7,1 пайызға өскен болатын. 2013 жылы Түркияның өзі алтын қорын 14,5 пайызға арттырды. Аталмыш елде коммерциялық банктерге қойылатын талап өзгерген соң алтын қоры көбейіп келеді. Шүкір, біздің де жағдайымыз жаман емес.

Сонымен қатар, қомақты қаражатыңыз болса құрылыс саласына, сайт жасауға немесе ауқымды жобаларға салып, көбейтуге де болады.

Жақында sms-хабарламалар арқылы бірқатар қазақстандық банктердің қаржылық жағдайы туралы жалған және негізсіз ақпарат таратылды. Бұл өз кезегінде осы банктерде шетелдік валюта бойынша салымдары бар адамдардың тарапынан орынсыз дүрлігіс туғызды.

Осыған байланысты Ұлттық банк бұл ақпараттардың жалған, негізсіз және бiздiң еліміздің банк жүйесiн тұрақсыздандыруға бағытталған арандатушылық ақпарат екендігін мәлiмдейді.

Ұлттық банк өз тарапынан мұндай арандатушылық іс-қимылдардың алдын

алу және тосқауыл қою мақсатында тиісті құқық қорғау органдарына хабар түсірді.

Ұлттық банк барлық қазақстандық банктерде ұлттық және шетелдік валюталардың жеткілікті екендігін мәлімдейді. Ұлттық банк кез келген уақытта банктердің өтімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті көмек көрсете алады.

Заңға сәйкес жеке тұлғалардың кез кел-ген валюталық депозиттеріне мемлекет та-рапынан кепілдік берілгенін еске саламын.

Ұлттық банк Қазақстан азаматтарын мұндай арандатушылықтарға сенбеуге және парасаттылық танытуға шақырады.

Page 5: №21 (3079) 2014-02-22

5www.astana-akshamy.kz

Бұл жолғы брифингке Өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин, « Д а м у » кә с і п ке рл і к т і д а м ы т у қоры басқарма төрағасының орын-басары Қанат Сұлтанғазиев және Өңірлік даму министрлігінің комитет төрайымы Ғалия Жолдыбаева қатысып, кәсіпкерлікті қолдау жайынан хабар берді.

Олардың сөзінен қазіргі таңда кәсіп-керлер арасында ең көп сұранысқа ие «Бизнестің жол картасы – 2020» бағ дар ламасы екенін ұқтық. Оны осы күн дерге дейін бағдарлама бойынша 628 млрд теңге соммасына 3275 келі-сімшарт суб сидияланғанынан көруге болады. Шағын және орта кәсіп керлік жобалары санын ұлғайтуға бағыт-талған бұл бағдарламада негізгі басым-дық ісін жаңа бастаған кәсіпкер лерді қолдауға берілген.

Алайда, кәсіпкерлер тарапынан, әсіресе ауылдық жерлерде тұра тын-дардан мемлекеттік қолдау тетіктерінің жеткіліксіздігі жөнінде шағымдар келіп түсуде екен. Кәсіпкерлікпен айна лыс-қысы келетін ауыл тұрғын дарында бастапқы капиталдың болмауынан және кепілге қоятын мүліктің өтімсіздігінен екінші деңгейлі банктер ол жаққа баруға құлықсыз. «Бұл мәселені шешу мақ са-тында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының бесінші пакетіне

түзетулер енгізіп, бастапқы кезеңде монокалаларда кәсіпкерлер үшін шағын несиелеу тетігін енгізу көзделуде» деді Серік Жұманғарин.

Бұдан бөлек кәсіпкерліктің да-муына кедергі келтіретін заңнама нормалары бар болып шықты. Оны министрлік Ұлттық кәсіпкерлік пала-тасымен бірге заңнаманы тексеру ба-рысында анықтаған. Вице-министрдің айтуын ша, жақын күндері Парламент қарауына берілетін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заң жобасы бұл кедергілерді жоймақ.

Жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы кәсіпкерлерге Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлуге тапсырма берген болатын. Өңдеу өнді-рісімен айналысатын шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу үшін «Даму» қорына бұл қаржыдан 200 млрд теңге тимек. Бұл қаржыны «Даму» «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі арқылы алып, екінші деңгейлі банктерге орналастырады. Несиені кәсіпкерлер осы банктерден ала алады. Бұл туралы Қанат Сұлтанғазиев мәлімдеді.

Сонымен бірге, business.gov.kz бірыңғай бизнес-порталының жұмыс істеп тұрғаны, онда кәсіпкерлерді қы-зықтыратын барлық сұрақтарға тәулік бойы жауап алуға болатыны айтылды.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Page 6: №21 (3079) 2014-02-22

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жол-дауында Мәңгілік Ел идеясын жариялағаны белгілі. Алдымен осы төңіректе әңгімелесеңіз.

- М ә ң г і л і к Е л – б а р ш а қ а з а қ с т а н д ы қ т а р д ы ң ө м і р і н е , болашағына қатысты идея. Ертеңгі бағытын, жүретін жолын, өсу жолындағы мұратын анық білген е л д е р д і ң қ а н д а й ж е ң і с т е р г е жеткенін тарихтан білеміз. Біздің еліміз тәуелсіздігіне енді қол жеткізіп жатқанда алдағы 30 жылын ойласа, енді жүрісін дұрыстап, тынысын жөндеп алғанда Мәңгілік Ел мұратын алға қойды. Мәңгілік Ел деген халықтың жағдайы, Мәңгілік Ел деген елдің өрлеуі, Мәңгілік ел деген Мәңгілік жарқын өмір. Бұл мәселе және сол жолда атқарылуға тиісті іс-шаралардың бәрі де ең әуелі халқымыздың санасына терең сіңірілуі керек. Сонда әркімнің мемлекет алдындағы, өз ұлтының алдындағы жауапкершілігі де арта түседі. Елбасы Мәңгілік Ел болып қалу үшін не істеу керектігін айтып қана

,

АДАМДАРҒА - ҚАМҚОРЛЫҚ, ҚАЛАҒА - ДАМУ

қоймай, осы ұлы мұраттар жолындағы істі бастап та берді.

Отанымыздың байтағы – Аста-на қаласының кіре берісіне Ұлт көшбасшысының бастамасымен қойылған Салтанат қақпасының «Мәңгілік Ел» атануының өзі үлкен символикалық жүк арқалап тұр. Ол халқымыздың Мәңгілік мұраттарын, еліміздің Мәңгілік елордасын, қазақтың Мәңгілік ғұмырын, ұлтымыздың Мәңгілік тілін, ұрпағымыздың Мәңгілік болашағын жарқын рәміздейді.

Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асы-руда, жастарды жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде басты назар аударатын мәселелер жеткілікті: салт-дәстүрді сақтаған, жаңаша ой-лай білетін, демографияға көзқарасы дұрыс, іскер, креативті, бай-меценаттық сабақтастықпен дамыса жақсы ұрпақ тәрбиеленеді. Мұның бәрі – Мәңгілік Ел идеясының өзегі.

«Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн!» – Елба-

сы осылай деді. «Бәрекелді!» дейсің. Ел мен мемлекет мүддесін, тәуелсіздік тағдырын бәрінен де жоғары қояр болса, біз Қазақстандағы үш тұғырлы тіл саясатының талабын заманның өзі алдымызға тартып отырғандығын ұғына түскеніміз абзал. Ендігі ұрпақ үш тіл біліп жатса, олардың ендігі тағдыры сол үш тілге байланысты деген сөз. Қазақстан тарихшылар конгресі Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен «Мangi el» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналын үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілінде шығарып келеді.

Басылымның мақсаты – қазақтың және басқа да түркі тілдес Еуразия халқының тарихы мен мәдениеті және оқырманның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, Қазақстанның ұлттық тарихының негізгі жетістіктерін көпшілікке жеткізу мен насихаттау.

- Ерлан Бәтташұлы, құдайға шүкір, атақ, лауазым, ғылыми дәреже де-геннен кенде емессіз, бір басқа жетіп артылады: Астана қалалық мәслихатының депутатысыз. Еліміздің ең ірі ЖОО басқарумен қатар бір уақытта депутат болу нені білдіреді?

- Атақ, дәреже, лауазым жай ғана еңбекті бағалау емес, өмірлік тәжірибе жемісі, атқарылған жұмысыңа берілген баға. Ал, депутаттыққа сайлану – халық пен партия алдындағы жауапкершілік.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы На-зарбаев көшбасшысы болып табылатын «Нұр Отан» партиясы – еліміздің ең беделді, ең ықпалды және ең алдыңғы қатарда тұрған жетекші саяси күші. «Нұр Отан» партиясы маған сайлауға қатысуға және еліміздің даму жолын-да орасан зор мәселелерді жүзеге асыруға сенім білдіргенде, мен ерекше құлшыныспен кірісіп, мемлекетіміздің қайта құру реформаларына өз үлесімді қосуға бел будым. «Нұр Отан» партиясының маған білдірген сенімін мемлекеттің реформаларын құру мен

қайта құрудың қажеттілігін ескере отырып, өз үлесімді қосу деп түсіндім.

Депутаттық мандаттың сеніп т а п с ы р ы л ғ а н ы н а д а е к і ж ы л -дай уақыт өтіпті . Атқарылған жұмысты саралай отырып, Мемле-кет Басшысының шешім қабылдау саясатының дұрыс екендігіне тағы да көзім жетті. Әрине, конституциялық талаптардың мызғымайтындығын түсінеміз. Ал, оның барлығы тәуелсіз Қазақ елі тұрғындарының игілігі үшін жасалуда. Біз елордамыздың экономикалық және әлеуметтік жоспарларын дамытуды, қалалық бюджетті үлестіруді бақылаумен қатар, әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту мен жетілдіруге, саламат-ты өмір салтын белсенді енгізуге, қаланы көріктендіруге, аулаларды көгалдандыруға, балаларға арналған алаңдар мен спорт алаңдарын салуға тікелей үлесімізді қосудамыз.

Б і з ұ с ы н ғ а н « А д а м д а р ғ а – қамқорлық, қалаға – даму» атты ұрансөз қала тұрғындарының көкейінде жүрген маңызды мәселені айқын көрсетеді, олар үкіметтен қамқорлық, қолдау күтеді. Әлбетте, Астана қаласындағы депутаттар кор-пусы маңызды мәселелерді шешуде ең алдымен қала тұрғындарының мүддесін алға қоя отырып, шешім қабылдайды.

- Сайлаушылардың өтініштері болмай тұрмайды, олардың бәрін тыңдауға уақытты қалай табасыз?

- Азаматтарды қабылдауды әр ай сайын күнтізбелік жоспар бойынша жүзеге асырамын. Сайлау учаскелерінің белсенді азаматтары менің депутаттық жұмысыма өз септігін тигізуде. Осын-дай ынтымақтастықтың арқасында сайлаушылар аманатын орындап келемін. Халықаралық деңгейдегі «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге байланысты әрбір депутатқа көп жұмыстар жүктелген: оның ішінде аула территорияларын асфальттау, спорт алаңдарын орнату, жолдар-

ды жөндеу, жылу, сумен жабдықтау және тағы басқа мәселелер. Өткен жылы учаскелік сайлаушылар мен қала тұрғындарына әлеуметтік-қамқорлық көрсету мақсатында бірнеше спорт алаңдары, қазіргі заман талабына сай жабдықталған медициналық орталықтар ашылды, деректі фильмдер апталығы өтті, балалар үйіне қамқорлық жасалды.

Әрине, барлық мәселе бірден шешіле қоймайды, оны сайлаушыла-рымыз да жақсы түсінеді. Біз шешімін таппаған мәселелерді ұзақ мерзімді бағдарламалар қатарына енгізіп, сол арқылы қала әкімдігіне ұсынамыз. Осы ретте табысты ынтымақтастық шеңберінде мемлекеттік құрылымдық бөлімшелермен жақсы байланыс ор-найды, тығыз қарым-қатынас жолға қойылады.

Қала әкімдігімен жұмыс істеу ыңғайлы, өйткені, еліміздің бас қаласының басшылары – нағыз кәсіби мамандар. Қала әкімі әрдайым «Біз бүгін біреуге ілесетін рөлден шығып, көш бастайтын деңгейге жеттік» дейді. Рас, Астана қаласы еліміздің саяси, мәдени және білім орталығына айнал-ды. Осындағы жоғары оқу оындарында республиканың түкпір-түкпірінен мыңдаған жас білім алып жатыр. Зама-науи үлгіде жабдықталған медициналық орталықтарда барлық облыстардың азаматтары келіп емделеді. Құрылыс алаңдарында мемлекетіміздің әр өңірінен келген құрылысшылар екі қолға бір жұмыс тапты. Астананың өсу, өркендеу қарқыны мұнымен толастамақ емес. Ауқымды құрылыс нысандары қарқынды жүргізілуде. Иманғали Нұрғалиұлының алға қойған көп мақсаттарының бірі де сол – екпін мен қарқынды саябырсытпау. Оның үстіне біз, қалалық мәслихат депутат-тары, Астананың дамуын сырттай бақылап отыра алмаймыз, бірлесе жұмыс атқара береміз.

АСТАНАДА ЖҮРДЕК АВТОБУСТАР ЖҮЙТКИДІ

Осыған орай, «Астана LRT» ЖШС-нің басқарма төрағасы Талғат Ардан бұл көліктер елорданың әуежайы мен темір ж о л в о к з а л ы а р а л ы ғ ы н д а қатынайтынын және жобаның жүзеге асырылуы бас қаладағы қ о ғ а м д ы қ к ө л і к ж ү й е с і н і ң жұмысын түгелдей өзгертетінін жеткізді.

«BRT үшін жеке жол жолақтары бөлінеді, ол жолдан бөлек және жабық жолаушылар станция-ларымен жабдықталады. Жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болу үшін

жерасты жолдары да қарастырылған. Жоспар бойынша қаланың барлық қоғамдық көлігі бір жүйеге бағынатын болады. Бұл ретте бірнеше басты бағыттардан тұратын, сыйымдылығы үлкен, жылдамдығы жоғары және жиі жүретін автобустар жүреді» деді басқарма төрағасы.

Бұл жоба 2015 жылдың соңына таман жүзеге асырылады. Ал, жүрдек автобустар арнайы салынған жол-дармен жүреді. Жалпы, BRT – бұл қалалықтарға жылдам әрі жайлы қызмет көрсетуге арналған көлік жүйесі. Оның жүзеге асырылуымен

тұрғындар қалада жекеменшік ма-шинамен жүргеннен гөрі қоғамдық көлікке отырудың анағұрлым тиімді екенін түсінеді.

Кез келген қалада, әсіресе, елорда- да «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық аясында қоғамдық көлік мәселесі ерекше маңызды. Бұл ретте тұрғындардың күнделікті көңіл-күйі де, тіпті тұтастай Астананың имиджі де олардың қызметіне тікелей байла-нысты екенін ескере келе, қалалық мәслихаттың хатшысы С.Есілов атал-мыш жобаның сапалы жүзеге асы-рылуы үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыруды еске салды.

Page 7: №21 (3079) 2014-02-22

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДА ӨЗГЕРІСТЕР ҚАЖЕТ

ЕЛОРДАНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРІ

-

-

Дегенмен, бүгінгі орын алып отырған жағдайларды сараптай оты-рып, біздің қазіргі ауылшаруашылық ғылымы атышулы тұтқасы жоқ шабаданды еске түсіреді. Ескірген шабаданды лақтырып жіберуге қимайсың, ал сүйретіп жүрер болсаң, бюджетке түсер пайдасы күмән туғызады. Айта кетерлік бір жайт, ауылшаруашылық жүйесін зерт-теуде тек қаржы көлемін ұлғайту қажеттілікті өтемейді. Аграрлық ғ ы л ы м д ы ұ й ы м д а с т ы р у д ы ң өзінде өзгерістер қажет. Біз ауыл шаруашылығын зерттеу жағынан әлемнің жетекші мемлекеттерінен айтарлықтай кенжелеп қалғанымыз рас, көптеген білікті маман-дарымызды, біртұтас ғылыми бағыттарымызды жоғалттық. Енді қайтадан елімізде жаңа заманауи ғылыми мектептерді құруымыз қажет. Бұл мәселені біз тек өз күшімізбен шеше алмаймыз. Сол үшін әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен әріптестікті дамы-тып, қазіргі уақыттағы Назарбаев Университетіндегідей шетелдік

белгілі ғалымдарды талантты жас-тарымызбен бірігіп жұмыс жасауға тартуымыз керек. Бұл бізге қысқа мерзімде саланың көкейкесті міндеттерін шешу үшін жетіспейтін жеке құзыреттілігіміздің өсуіне жағдай жасайды.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қазіргі уақытта аграрлық ғылым мен жоғары білімді ұйымдастырудың о ң т а й л ы т ә с і л і з е р т т е у университеттері болып тұр. Тек осы арқылы ғана ғылыми-зерттеу үдерістерді, мамандарды даярлау мен ғылыми нәтижелерді тәжірибеге енгізуді үйлесімді шешеді. Зерттеу университеттері озат инновация-

ларды тәжірибеде қолдана алатын және саланы технологиялық модер-низациялауды іс жүзінде өзгеріске келтіретін жол көрсетуші маман-дарды даярлауға мүмкіндік береді.

Президент тапсырмасына орай, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін Назарбаев Университетінің үлгіс імен аграрлық зерттеу университетіне айналдыруға кірістік. Дегенмен, бүгіннің өзінде-ақ бұл шараларды ұйымдастыру жөнінде бірқатар кедергілер кездесуде. Ауылшаруашылық кешенін инновациялық дамыту мен агроинновациялық кластер құруға

бағытталған Елбасы Жолдауында айтылған нұсқау біздің жоспарла-рымызды айқындап, оны жүзеге асыруға сенімділік берді.

Ақылбек КҮРІШБАЕВ,С.Сейфуллин атындағы

Қазақ агротехникалық университетінің ректоры,

қалалық мәслихаттың депутаты

Халық қалаулылары алдымен елордадағы Жолаушылар тасымалдау орталығына ат басын бұрды. Мұнда депутаттар қоғамдық тасымалдаумен айналысып жүрген барлық бағыттағы автобус жүргізушілерінің жұмысы қалай қадағаланатынын көздерімен көрді.

Орталықта орналасқан мони-торлар арқылы желіде жұмыс істеп жүрген автобустарды бақылап отыруға болады екен. Олардың жұмыс кестесі, көліктердің қозғалыс интервалы мен басқа да барлық ақпарат диспетчерлердің көз ал-дында, ап-анық көрініп тұр. Осы-лайша, жүргізуші жұмысындағы кез келген тәртіп бұзушылық, атап айтсақ, кестеден қалып қою, автобус интервалының сақталмауы және т.б. орын алған жағдайда оператор-лар автобусқа қарасты автопарктің диспетчерлік бөлімімен байланыса-ды, олар тәртіп бұзған жүргізушіге тиісті шара қолданады.

А с т а н а д а ғ ы Ж о л а у ш ы л а р тасымалы орталығының дирек-торы Бақытжан Ертаев орталық мамандарының жақында Испанияда

болып, олардың іс-тәжірибесімен танысып қайтқанын тілге тиек етті. Осыған орай, орталық бас-шысы қаладағы барлық бағыттағы қоғамдық көліктердің жұмысын бір жерден бақылап отыратын бірыңғай диспетчерлік пункт ашуды жоспарлап отырғандарын жеткізді. Бұл автопарктердегі диспетчерлік пункттерді біріктіруге жол ашады.

Сонымен бірге автобустарда элек-

тронды табло орнату көзделуде. Бұл да біраз жұмысты жеңілдетері хақ. Мәселен, жүргізуші қажеттілігіне қарай таблоға бағыттың нөмірін немесе басқа қажетті ақпаратты өзі шығара алады.

Сондай-ақ, пилоттық жобаның ая-сында бас қаламыздағы он автобуста бейнебақылау камералары мен дабыл қағу нүктесі орнатылады.

«Ақылды аялдамалар» жобасына

сәйкес, таблода сол автобустың не-месе басқа бағыттағы автобустың келетін уақыты туралы ақпарат шығып тұрады. Алайда, мұндай жо-баны іске асыру құны арзан болмайын деп тұр.

Бұдан кейін депутаттар Астанадағы №1 автобус паркінде болып, мұндағы жылжымалы құрамның жағдайымен танысты. Мұндағы жүргізушілер жұмыс күнін медпункттен бастайды.

Денсаулық жағдайының қалыпты екені расталғаннан кейін барып олар автобустарын техникалық бақылаудан өткізіп, содан кейін ғана өз бағыты бойынша маршрутқа шығатын көрінеді. Ал, парк басшылары мұны мұқият қадағалап отырады. Атал-мыш мекеме басшылары қаладағы қоғамдық көліктерде электрондық билет беру жүйесін енгізуді қолдайтындықтарын жеткізді. «Бұл, сөз жоқ, жүргізушілердің ақша үшін емес, сапа үшін жұмыс істеулеріне мүмкіндік берер еді» дейді №1 авто-бус паркінің директоры С.Богатырев.

Бұдан кейін халық қалаулылары елордадағы №3, №4 автопарктерде болып, «Автотранс Хозу» ЖШС-нің экотаксилерінің және «ТAXI ZHeBe» ЖШС-нің жұмысымен танысты.

Қоғамдық көлік қызметінде шешімін күткен мәселе де аз емес екен. Солардың бірі – жүргізушілердің тұрақтамауы болса, олардың өздері жалақының аздығын алға тартты. Қаладағы барлық көлік кәсіпорындарының өкілдерін де-путаттар алда болатын тұрақты комиссияның мәжілісіне шақырды. Онда «Қаланың қоғамдық көлігінің жай-күйі мен оны жақсарту шара-лары туралы» мәселесі қаралатын болады.

Бетті дайындаған: Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Page 8: №21 (3079) 2014-02-22

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Дөңгелек үстел жиынын басқарма басшысы Ербол Тілешов ашып, жүргізіп отырды. Жазушы Сұлтан Оразалы, «Мемлекеттік тіл» республикалық қозғалысы Астана филиалының төрағасы Сайлау Батыршаұлы, саяси ғылымның докторы Әбдіжәлел Бәкір, Парла-мент Мәжілісінің депутаты Оразгүл Асанғазы, Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының директоры Бақытжан Жүнісбеков, филология ғылымының докторы Жұмағали Әбуов, ақын Серік Тұрғынбекұлы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы, алаштанушы Қайрат Сақ, «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры Алмахан Мұхаметқалиқызы және басқа да тіл жанашырлары сөз сөйлеп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Келелі ойлар айтылып, дау-талас та туған басқосуға қатысушылардың сөздерінің түйінін оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.

– Кейде қоғам саяси мәселелермен айналысып кетіп, тілдің ішкі, сыртқы өзгерістері ұмыт қалып жа-тады. Сондықтан, «диктор дұрыс сөйлемеді, газет мынау атауды қате жазыпты, қазақ сөзін бұрмалап айтуға бола ма, жарнама жазулары түсініксіз» деп ренжиміз. Менің ойымша, зиялы қауымның, тіл жанашырларының алдында тұрған мәселе – осы. Ресейліктер де бұл проблемаға қатты назар аударуда. Қолдан келмейтін шаруаны емес, осындай қисықтарымызды түзеудің, балаларымыздың, оқушылардың, жастардың сөйлеу мәдениетін жетілдірудің жолдарын жеткізсек.

– Тіл саласында айтылмаған ұсыныс

қалған жоқ-ау. «Кісі айтпаған сөз бар ма, тегіс ұғар қай құлақ?» деген даналы сөз бар. Еститін құлақ жоқ, әйтпесе, соңғы отыз жылда айтылмаған ештеңе қалмады. Дегенмен, қажет сөзді қанша айтса да қадірі кемімейді. Ең алды-мен, тіл саласында ілгерілеу жоқ десек, қиянат болады. Осыдан он бес-жиырма жыл бұрын тіл туралы бірдеңе

-

-

дей қалсаңыз, орыстар мұрнын шүйіре қарап, қандастарымыз мысқылмен тыңдайтын. Ал, бүгін қазақ тілі туралы бетпе-бет келіп айтысатын бір адам жоқ. Бірақ, бізге, тілге жасалып жатқан қағажулар аз емес.

Бүгінде Жапонияда, Қытайда, Германияда, Еуропаның біраз елінде қазақ тілі оқытылуда. Кейбір ел-дер мемлекетімізге жаны ашымаса да, Орта Азиядағы ауқымы үлкен, болашағы зор ел болғандығымыздан, тілімізді зерттеу үшін оқиды. Қазір «Мәңгілік Ел» идеясы бастау алуда. Міне, «Мәңгілік тіл» деп отыр-мыз. Алайда, мұны бұра тартушылар шығып жатыр. Мен олардың сөзін көргенсіздік деп білемін. Әрқайсымыз бір шала қазақтың тілін кәлимаға келтірсек, бұ дүниеде де, Құдай ал-дында да бақытты болар едік. Менің ұғымымда солай.

– «Мәңгілік Ел» болу үшін, ең алдымен, мәңгілік қазақ ұлты болу керек. Өкінішке қарай, 1995 жылы қабылданған Конституцияда «қазақ елі, қазақ жұрты, қазақ мемлекеті» деген сөздер жоқ. Бірақ, Мемле-

кет басшысы былтырғы Жолда-уында «Қазақ тілін толық игеріп болғанда, біз Қазақ мемлекеті бола-мыз» деді. Бүгінгі тақырыбымыз да соның жалғасы іспеттес. Сондықтан, тіл мерейінің, ел абыройының өсуі қоғамдық ұйымдардың, осындағы әрқайсысымыздың күресімізге, еңбегімізге, ісімізге байланысты.

– 1938 жылы КСРО-да «Ұлттық р е с п у б л и к а л а р д а о р ы с т і л і н міндетті оқытып, үйрету» деген қаулы қабылданды. Біздің тіліміз осы құжаттың құрбанына айналды. Сол жылдары елімізде 292 мектеп болса, оның 157-сі орыс мектебі, 10-ы аралас, 89 білім ошағы қазақ және басқа тілдерде болды. Осының өзінде басшылық орыс тілін оқытуға өршелене ден қойды, бірінші сы-ныптан бастап бағдарламаға енгізді. Тіпті, 1948-49 оқу жылында еліміздегі бес қазақ мектебінің жоғары сы-ныптары математика, физика, хи-мия, дене шынықтыру пәндерін тәжірибе ретінде орыс тілінде оқыды. Мұндағы айтайын дегенім, бізде тілге объективті көзқарас әлі қалыптаса қойған жоқ.

Елбасының 2008 жылы «Қазақ тілі үш тілдің бірі емес, негізгісі, маңыздысы болады» дегені жа-дымызда. Президенттің осы сөзі - мемлекеттің де саясаты. Осы орай-да, Парламенттің қос палатасы Ата Заңдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктетуді, қолданыс аясын кеңейтуді ойластыруы қажет. Мұның бір жолы – Конституцияның жетінші бабы, бірінші тармағына қайшы нормаларды алып тастау керек.

– Осы жиында жоғары оқу орын-

да рының белді оқытушылары отыр. Менің айтпағым, біз сол универ си тет-тердегі жастарды қазақша сөйлетіп, саналарын оятуға тиіспіз. Ол үшін орыс және қазақ топтарын біріктіріп, қазақ тілінің кереметтігін насихатта-уымыз, танытуымыз қажет. Өйткені, бізге өзімізді, ең бірінші кейінгі буын-ды қамшылайтын уақыт келді.

Қазіргі жастардың бір-бірімен өзге тілде сөйлесетіні менің қабырғама батады. Сондықтан, Тілдерді дамыту басқармасына «Тіл жанашырлары» жастар ұйымын құруды, наурызға дейін ауқымды шаралар атқарып үлгеруді ұсынар едім. Бұл – бір.

Екінші, әр мекеме, жоғары оқу орны әр көшедегі жарнаманың дұрыстығын қадағаласа. Өйткені, жарнамамыз жақсармай, мұндай жиында бас қосудың керегі шамалы.

– Көптеген дамыған елдер өз тіл-

дерін дамытудың түрлі әдіс те ме лерін ойлап тапқан. Олардың көпшілігі жаңа технологияға саяды. Менің ұсынысым, Астанадағы «Руханият» тілдерді да-мыту орталығы сияқты ұйымдардың ұстаздарын шет елдерге жіберіп, сондай әдістемелерін меңгертсек. Оқып келген мамандар интернет көздері арқылы әріптестерін оқытса... Бұл – ана тіліміздің ілгерілеуіне сеп болар еді.

– Ұсыныс дегенді азайтайық, ендігі тоқталатын жайт – іс.

Әйтпесе, соқыр көзден жас шыға-ратын сөздер айтылды. Оразгүл орып, Тілешов тіліп айтып жүр, егер айту керек болса...

Жаман нәрсе жұғысты болады. Міне, ширек ғасырдан асты, орыс тілі әлі соңымыздан қалмай келеді. Неге? Олар үндемей жүріп-ақ орыс тілін сіз нан сұрап жей алмайтын халге жеткізген бізді. Ал, қазір қазақ тілін білмесеңіз, ештеңеңіз кетпейді. Ана тіліміздің қажеттілігін арттыру керек!

Мәңгілік тілсіз мәңгілік ел де бол-майды. Алдымен, аралас мектептерден құтылайық, аралас мектептерді «алапес мектептер» дер едім. Кеше ғана қала әкімінің есеп беру жиынында Назар-баев зияткерлік мектебінің оқушысы қазақша біле тұра, ағылшынша ағы-

тылды. Орыс тілімен жылап көріс пейік десек, бастауыш сыныптарды жаппай қазақыландыру қажет. Іс деген – осы!

– Бүгінгі мектептерде көркем

шығар малар оқылмайды, халық ауыз әдебиетін айтпай-ақ қояйық. Осы-дан болар, жастардың сөздік қоры өте таяз, көркемдігі төмен. Мұндай буын өкілдерінен журналист жасау өте қиын соғуда бізге. Бұл – қоғамның, нарықтық қоғамның кінәсі. Содан кейін, ана тіліміздің өрісінің тарылуы – қажеттіліктің жоқтығынан.

Page 9: №21 (3079) 2014-02-22

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Еліміз нарықтық қатынасқа көшкен сонау бір жылда-ры әлеуметтік жағдайы

төмен жандардың, соның ішінде қоғамымыздың ең әлсіз тобы са-налатын ана мен баланың, өмірден өз орнын таба алмай жүрген, нашақорлыққа құмар жастардың мүдделерін қорғайтын қоғамдық б і р л е с т і к қ ұ р ы л а д ы . К л а р а Ескендірқызы сол Астана қаласы әйелдерінің лигасына жиырма жыл-дан астам уақыттан бері басшылық етіп келеді. Міне, содан бері ол кісі талай істің басы-қасында жүріп, ұрпақ тәрбиесі, қоғамдағы әйел-аналардың рөлі тақырыбындағы шаралардың ұйытқысы бола білді.

Елордадағы әйелдер лигасына жетекшілік еткеннен күн тәртібіне ана тілінің аясын кеңейтіп, беделін арттыру үшін мектептер мен балабақшаларда қазақ тілінде оқытатын қазақ сыныптарын ашу, қазақ халқының салт-дәстүрін, өнерін насихаттау, сондай-ақ, ана мен баланы қорғау, жастарды имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу

Қалай айтсақ та, ел ертеңіне баланған оқушылар ара сында

саламатты өмір салтын қалып тастыру ма қсатында ұйым дас ты рылған шараның орны ерекше еді. Қаптаған жаман әдеттен қала баласының бойын аулақ салуға баулу, оның есесіне адамгершілік пен биік мәде ниет ті лік қасиеттердің дәнін сеуіп, жан-жақты дамыған заманауи тұлғаны тәрбиелеу

бүгінгі күнгі басты талап тар дың бірі. Осы тұрғыдан келгенде бас шаһар

бала ларына спорт ойын да ры ның тех ни-калық әдістерін жан-жақты үйрету, тіпті, шеберлікке баулу, олардың дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануына мей лін ше ықпал жасауда дене шынық тыру пәні мұғалімдерінің еш аянып қалмасы анық. Солар дың шынайы еңбегінің арқа сын да қанша бала спорттық үйір-

ме лер дің есігін ашты, қанша жастың қызығушылығы оянды. Міне, бұл жолғы сайыс та осыларды мақсат тұтты. Оны өткізу барысында мектеп басшылығы да мейілінше қолдау көрсетті.

Он турдан тұратын сайысқа оқу шы-лар өте тыңғылықты әзірлікпен келіпті. Содан ба, сайыс өте тартысты, әрі жоғары деңгейде өтті деп бағаланды. Сайысқа сайдың тасындай іріктелген бес топ қатысты. Делебе қоздырған дода барысында сайыскерлерді қызықтырып, көрер меннің көзайымына айнал ған спорттық сайыс түрлері мыналар еді: жұптасып секіру, қап арқылы қарғу, капитандар сайысы, арқан тарту т.б.

Тартысқа толы болған «Саламат-ты өмір салты» сайысының қоры-тынды нәтижелері бойынша 9 «г» сынып оқушылары жасақтаған «Жас Қыран» тобы 46 ұпаймен І орынды жеңіп алды. Ал, ІІ орынды 43 ұпаймен 9 «д» сыныбының «Қыран» тобы өз қанжығаларына байласа, жүлделі ІІІ орынды 9 «в» сынып оқушылары иемденді.

Сайфуддин АХМЕТОВ,№51 мектеп-гимназияның дене

шынықтыру пәні мұғалімі

Жас психологтар мекте бі нің бастамасымен ұйым дас ты-рыл ған шараға қаладағы мек-теп ке дейінгі мекемелердің педа гог-психологтары қатыс-ты. Мамандардың кәсіп тік шебер лі гін арттыруға арнал-ған семи нар барысында №55 «Қарақат» балабақ ша-сы ның педагог-психологы

С.Сүлейменова, «Мирас» бала бақ ша сынан жоғары санат ты педагог-психолог Л.Боран баева және өзім бала-ларды мектепке дайындаудың пси хо ло гиялық тұрғыдағы ерек ше ліктері жөнінде баян-дамалар оқыдық. Содан соң мамандар аталған тақырыпты талқылады және пікір алмас ты.

Мамандар үшін пайдалы се-минарды ұйым дас тыруға қол-дау білдірген №53 «Мерей» балабақшасының мең геру-шісі М.Бақытова барлық қаты су шы ларға алғыс айтып, өте жауапты саналатын бала тәрбиесі ісінде жемісті еңбек тіледі.

А. БАРАНБАЕВА, педагог-психолог

сынды ең негізгі мәселені қойды. Соның нәтижесінде бүгінде атал-мыш ұйым мүшелері қаладағы бірқатар оқу ордаларымен бай-ланыса жұмыс жүргізіп, балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектер үйіне қамқорлық жасай отырып,

тақырыптық кештер, әңгімелер өткізіп, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттап, өнер көрсетуден де кенже қалып көрген емес. «Тал бесіктен жер бесікке дейін», «Шілдехана», «Азан шақырып, ат қою», «Тұсау кесу»,

«Үйлену тойы» секілді шараларда жасалатын рәсімдерді ел арасын-да насихаттап, жастарға таныту, үйрету ісінде Клара Ержанова басқаратын қоғамдық бірлестіктің атқарып отырған еңбегі ерекше.

«Астана қаласының әйелдер лигасы», әсіресе, отбасын құруға шешім қабылдаған жастарға ақ жол тілеп, жаңа өмірге жолда-ма беріп отырады. Ол сонымен бірге «бақыт» деген киелі сөздің мағынасын терең түсініп, оны өз өмірімен байланыстырады. Әр адамның жанында күнделікті бірге жүретін шуақты шағы болатынын өзгелерге жеткізіп қана қоймайды, әйел қауымының қолындағы бе-реке мен бірлік біріккенде барып, бақытқа баланатынын да жасыр-майды.

Қаламыздағы өзге де үкіметтік е м е с ұ й ы м д а р м е н ұ л т т ы қ орталықтардың мүшелері ол кісінің парасаттылығына, кең пейілді мінезіне, Отаным, елім, қазағым, жерім деген асқақ патриоттылығына сүйсініп, тәнті болып келеді.

« Қ а з а қ о т б а с ы н д а а т а -ана балаларының сезімдеріне, жыныстық тәрбиесіне көңіл бөлмейді. Бұл қазақ отбасында жабық тақырып болып есептеледі. Есесіне, осы мәселелерге байланыс-ты қажетті “білімді”, “тәжірибені”

жастарымыз сырттан жинайды. Сол себептен болар, махаббат сезімінің құнсызданып кеткені, отау құруда, өмірлік жарын іздеуде жастарымыздың жауапсыздық та-нытатыны. Тағы бір айта кететін жайт, отбасында әкенің рөлін күшейту керек. Олай дейтінім, “әкеңнен сұра”, “әкең біледі” деп тәрбиелеп отырған отбасының тәлімін көрген қыз ертең ерін, ұл-қызын сыйлайтын болады» дейді Клара апай.

Өзі бір сәтке болсын тыным табуды білмейді. Айтулы күндер мен мемлекеттік маңызы бар ресми мерекелерде үнемі нағыз қайнаған істің, қым-қуыт тірліктің ортасынан көрінеді.

Еліміздегі достық пен татулыққа, ұ л т т ы қ м ә д е н и о р т а л ы қ т а р арасындағы жарқын байланысты нығайтуға қосқан еңбегі орасан зор. Ол – елінің патриоты, нағыз қазақ әйелі. Қашан көрсең, жүзі жарқын, жайдары жүреді. Сол үшін де оның нақты жасын ешкім білмейді. Оны сұрап та әуреленбейміз. Өйткені, қай кезде де, қандай істе де на-мысты қолдан бермеген қазақ аруларының қайраттылығын бүгінгі күнге жалғап келе жатқан, үлкенмен де, кішімен де теңдей сөйлесе білетін Клара апайдың жаны жас.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Page 10: №21 (3079) 2014-02-22

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу қағидаларына сәйкес Астана қаласы, І. Жансігүрұлы көшесі, 7 мекенжайы бойынша орналасқан «Астана-Теплотран-зит» АҚ 2013 жылғы жылу энергиясын беру және тарату қызметін көрсету бойынша жыл сайынғы есеп беруді көпшілік алдында тындау өткізеді.

Тыңдау 2014 жылғы 28 наурыз күні сағат 15-00-де мына мекенжай бойынша өтеді: Астана қаласы, І. Жансүгірұлы көшесі, 7, «Астана-Теплотранзит» АҚ ғимараты (3-ӘТК).

«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педа го ги-калық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Респуб ликасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 10 және 11-баптарына, «Қазақстан Рес пуб ли касында мүгедектерді әлеуметтік қорғау ту-ралы» Қазақстан Респуб ли касының 2005 жылғы 13 сәуірдегі 16, 29-баптарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету Қағидасын бекiту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 3-1-550қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 10 наурызда № 314 болып тіркелген, 2004 жылғы 30 наурызда № 41 «Астана хабары», 2004 жылы 30 наурыз-да № 35 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету Қағидасында (бұдан әрі – Қағида):

Қағиданың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:«Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Қазақстан

Респуб ли касындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі заңдарына сәйкес әзірленді»;

11-тармақ мынадай редакцияда жасылсын:«11. «Астана қаласының Бiлiм басқармасы» мемлекеттiк

мекемесiнiң жанындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестiң мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және/немесе оқыту қажеттiлiгi туралы қорытындысында көрсетiлген мерзiмде, бірақ оны алуға құқығының пайда болған уақытынан бұрын емес, әлеуметтiк көмектi тағайындауға хабарласқан айдан бастап жүзеге асырылады»;

мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын: «11-1. Әлеуметтік көмек төлемі арнаулы түзету және басқа да

ұйымдарда әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету қолдауын алған жағдайда жүзеге асырылмайды».

2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар-ла малар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста, Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жария ланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Әкім И. Тасмағамбетов

1. )2.3.4.

1.

2.

3.

4.

1.

1.

Page 11: №21 (3079) 2014-02-22

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

1.

2.

3.

4.

1.

3.

1.

-

-

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

1.2.3.4.5.6.7. UNCIA

8. «

9. «

10. «

11.12.13.14.

15.16.17.18. «

19. «

1.

2.3.4.5.6.7.8.9.10.11.12.13.14.15.16.

17.18.19.20.21.22.

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту

орталығы» КМК-ге хабарласыңыз! Мекенжайы:

Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, Бизнес-орталық

ғимаратының 2-қабаты. 104,5,14,34 автобустарымен

келуге болады. Анықтама алу телефоны:

57-88-88.

Page 12: №21 (3079) 2014-02-22

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

– « Мұ қ а ғ а л и » қо й ы л ы -мының он жыл дығы құт ты болсын! Сіз басты кейіпкердің рөліне қалай бекітілдіңіз?

– Көп рахмет! Бұл – Серік Тұр ғынбекұлының драмат ур-гия дағы алғашқы еңбегі. Өзі театрға жиі келеді, мені түрлі қойылымдардан көріп қалып, «Мен өз геройымды таптым!» деген екен. Пьесасын Әзекеңе көрсетіп, ол кісі мақұлдап «кел енді актерларды таңдайық?» деп фото-альбомды ашса, Секең: «жоқ ешкімді де іздемей-ақ, бұл рөлді Жанға (театрда да, өмірде де барлығы осылай атайды) тап-сы райық» десе керек. Әзекең «Еее... «ДТ» ма, онда сол «ДТ-ға» берсек берейік» деп қолдай жөнелген. Әзекең мені әкелік мейі ріммен еркелете «ДТ» дей-тін... 2003 жылдың көктемінде «Мұқағали» қойылымының пре-мьерасы өтті. Мұқаңның көзін көрген, поэзиясымен сусындаған бір топ зиялы қауым өкілдері мен көрер мендеріміздің көңі лінен шық тық деп ойлаймын. Әлі де тыным сыз іздену, шығар машы лық ең бек тену жолындамыз. Негі -зінде, Серік аға бұл қойы лымды Алматыдағы әкемтеатр ға ұсын-бақ шы болған, ол жерден өз Мұқа-ға лиын таппаса керек, қойылым біз дің ұжымның бағына бұйырды.

:

– Мұқағалидай тау тұлғаның образына ену оңай болмаған шығар?

– Әрине, көп іздендік, үлкен дер-ден кеңес алдық. Ақынның көзін көрген, тәлімін алған қаламгерлер – Әбіш Кекілбаев, Шерхан Мұртаза, Несіпбек Айтұлының алдынан өттім. Бірде Фариза апама бардым. Ол осы өмірде екі өкініші бар екенін айтты. Бірі – Мұқаңның хәл үстінде жатқанда ауруханаға бара алмай қалуы, екіншісі – өлеңдері жазылған торкөз дәптерлерін оқи алмай кет кендігі. Фариза ақынның «Пио нер» журналында редактор кезі, шұғыл іссапармен Бакуге ұшып бара жатқанында хатшысы қолына хат ұстатады. Асығып жүріп хатты сөмкесіне сала салған. Кейін ұшақта хатты оқығанда «Фариза... Фаризажан... Фариза қыз...» деп басталған өлең шумақтарын көреді. Бакуде бір аптадай, кейін жұмыстың әлегімен тағы жүріп қалып, Мұқағалимен соңғы рет тілдесе алмай кеткеніне өкінетінін күйіне жеткізген еді. Бірде Фариза апай көк базарда ақиық ақынмен ұшырасып қалады. Ол жұмысқа асығып бара жатқан жерінен қоярда-қоймай үйіне ертіп барған екен. Есікті күлімсірей ашқан Лашын жеңгейге «мен ай-тып жүрген Фариза қарындасым – осы. Асыңды әзірле қазір екі ақын жарыса өлең оқимыз» деп

таныстырып, арғы бөлмесінен екі торкөз дәптерді алып келген. Дәл сол күні жиналысқа асыққан Фариза апайымыз екі дәптердің ішіндегі жырлармен сырласа ал-май кеткен. Кейін ақын дүниеден озған соң Лашын жеңгейден әлгі дәптерлерді сұраса: «Оларды сол кезде оқуың керек еді, баспа-ханада жоғалтып алдық» дейді. Көптеген естеліктерге қанығып, поэзиясын тұшына оқып, қойы-лым ның та биғатына сіңдім. Пре-мьерада Фариза Оңғарсынова көзіне жас алып, ұзақ ойға шом-ғаны есімде.

– Спектакльдің негізгі идеясы нені көксейді, қандай мәселені алға тартады, ақынның болмы-сын қаншалықты ашты?

– Біз Мұқағалидың бейнесі арқылы сол заманның қоғамдық мұңын алға шығаруды көздедік. Бір-бірін көре алмайтын, әлі күнге дейін бойынан қыз ғаныш сезімі арылмаған замандас тары-мызға ой салуға, шын дарын-ды бағалауға, өнердің киесін ұ м ы т п ау ға е ң б е к е т і п , к ү ш

жұм садық деп ойлаймын. Оны а қ ы н н ы ң ш ы н а й ы с е з і м м е н өрілетін өлеңдерімен жеткізуге тырыс тық. Қойылым басында оқылатын

Тү н г е қ арай тү й с і к са лып түрткілейді үрейім,

Таң атқанша не болады, оны қайдан білейін?

Б ү к і л а да м б а л а с ы н а т е к жақсылық тілейін,

Ортасында солардың ойнап-күліп жүрейін, -деген өлеңді премьераға дайын-дық кезінде түні бойы жаттап жүргенмін, таңға қарай Амери-ка дағы екі ғимараттың жарыл ға-нын, Иракта соғыс басталғанын е с т і д і к . Ө м і р - а й де с е ң ш і . . . Сонда ғана әлгі жаттап жүрген өлеңімнің қадіріне бойлай бас-тадым.

– Ақынмен өз бойыңыздан ұқсастық табасыз ба?

– Мұқаң күнделігіне былай жазған ғой: «Мен үшін дүние -нің қор лығы – адамның айы-бын бетіне басу, оның нашар-лығын дәлелдеу. Бұл – бір. Екін-ші – бол майд ы, жарамайд ы, жо қ де п а й та а л м а й т ы н ы м . Қор лықты осыдан тартып жүр-мін. Көңілшектік – менің осал жерім». Менің де бойым нан та былатын көңілшектік, сен гіш-тік, ашушаңдық – бізді ұқ сас ты-ратындай. Алайда, мен кө біне ақынның жырларына қа нық қан сайын кемшіліктерімді тү зеуге тырысатындаймын. Осы уа қыт аралығында қойылым гас троль-дік сапарлармен қатар, өз сах-намызда 196 рет қойылыпты. Соның барлығында актерлік құ ра мымыз бірде-бір рет өз-гер мей, әр қойылымда ерекше қыр лары мызбен танылуға тыры-самыз. Мұқағалимен замандас, дәмдес болған тоқсанға қараған бір апа мыздың премьерадан кейін «Мұқағали біздің үйге кел-генде шабыттанғаны соншалық, өлең оқығанда үстел д і ұ рып оқы ғанын көріп ед ім. Сенің ойнауыңда сол көріністеріңді көргенде көз алдыма заңғар за-мандасым келеді. Түр-әлпетің, шаш қою үлгіңе дейін аумайды» дегені әлі есімде.

– Риясыз әңгімеңізге көп рах-мет! Театрда жүздескенше!

Нұргүл АХАНҚЫЗЫ

www.astana-akshamy.kz